Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері


Сыныптан тыс спорттық секциялардың жұмыс жоспары



бет2/3
Дата25.12.2021
өлшемі17,69 Kb.
#105400
1   2   3
Байланысты:
f6024b1ff3f56b0
Этнопедагогика. Надежда
Сыныптан тыс спорттық секциялардың жұмыс жоспары.
Мұғалімнің міндетіне жұмыс бағдарламасын, оқу жоспарын, Президент сынамаларын тапсырудың графиктерін, жарыс календарларын жасау және ұжым секцияларындағы жүйелі және өз мәніндегі сапалы оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру жұмыстары кіреді. Ол ұжым кеңесімен бірлесе отырып мектептегі дене тәрбиесі белсенділерін: сыныптардағы дене тәрбиесін ұйымдастырушыларды, жекелеген секцияларда мұғалімге көмек беретін қоғамдық нұсқаушыларды, спорттың жекелеген түрлері бойынша бақылаушылар мен төрешілерді, команда капитандарын, топ жетекшілерін, жалпы мектептік көпшіліктік шараларды жүргізетін ойын бастаушыларды даярлауды ұйымдастырады. Дене тәрбиесінің мұғалімі педагогикалық кеңесте және ата-аналар жиналыстарында мектептегі дене тәрбиесінің жағдайы мен кезекті міндеттер туралы баяндамалар жасайды, сынып жетекшілерін нұсқаумен таныстырады, ұжым кеңесімен бірлесе отырып сыныптардағы көпшіліктік спорт жұмыстарын ұйымдастыруда оларға көмекке келеді, ұжым секцияларындағы спорттық жұмыстарға белсенді түрде қатысуға мектеп белсенділерін даярлайды, сыныптан тыс жұмыстардың есеп және Президент сынамаларын тапсыру мен мектеп оқушыларының спорттағы жақсы жетістіктерін арнайы есепке алады.

Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнен ынта-ықыласты, көп күш пен уақыт жұмсауды талап етеді. Мектептегі дене тәрбиесін жақсарту мақсатында есепке алынатындай спорттық-көпшіліктік жұмыстардың мұғалім білмейтіндей бірде-бір мәселесі болмайды.

Секция — дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды бөлімі. Дене тәрбиесі ұжымының барлық оқу-спорттық жұмысы спорттың жеке түрлері бойынша түзілген секцияларда құрылады. Секция белсенділері мүғалімнің және мектеп кеңесінің (оқушылардың) көмегімен және басшылығымен спорттың сол түрінен көпшіліктік жұмыстар жүргізеді.

Оқушылардың секциялардағы спорттың қай түріне қызығшылығы болуы негізінде оқу және тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Секция дене тәрбиесі оқу сабақтары бағдарламасының материалдарын оқушылардың жақсы және тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Секцияларда дене тәрбиесінің мұғаліміне көмектесе алатын дене тәрбиесі белсенділері даярланады. Сондай-ақ Президенттік сынамалар бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Секция мектеп дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды ұйымдастырушысы және оқытып-үйрету буыны болып табылады.

Дене тәрбиесі ұжымында қандай секциялар ұйымдастырылады? Мектеп дене тәрбиесі ұжымында бірінші кезекте қандай секцияларды ұйымдастыруға болады? Мектептер тәрбиесіне сүйенсек, жеңіл атлетика, гимнастика, волейбол, баскетбол, футбол, теннис, велосипед спорты, коньки, шаңғы тебу, ату спорты, жүзу, өлкетану бойынша секциялар жетекші орында болуы керек. Гимнастикалық залы жоқ ауыл-селолық мектептерде шаңғы спортының, жеңіл атлетиканың, спорттық ойындардың, жүзудің, коньки тебудің және велосипед спортының дамуына ерекше мән беру керек.

Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жүзеге әлі толық аспай келе жатқан маңызды кұралы өлкетану жұмыстары болып табылады. Осы айтылғандардан қандай секцияларды ұйымдастыруға болады деген мәселені әр мектеп өз мүмкіндік жағдайына қарай шешеді.

Секцияны ұйымдастырғанда мектепте оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасалынған ба, жоқ па, осыны анықтап алу керек. Мұндай қажетті жағдайларға жататындар: спорттың сол түріне қызығатын оқушылардың жеткілікті тобының болуы, сабақ өткізілетін орынның және қажетті спорт жабдықтардың болуы, сабақтардың әдістемелік басшылықпен қамтамасыз етілуі. Секциялар мектеп орналасқан жердің климаттық және географиялық жағдайын еске ала отырып ұйымдастырылады.

Спортты меңгерген оқушы өз жолдастарынан көш ілгері озып кетсе және мектеп секциясы оның одан әрі өсуін қамтамасыз ете алмаса, онда оны мүмкіндігіне қарай жас-өспірімдердің спорт мектебіне жіберген тиімді. Бірақ мұндай жағдайдың өзінде де оқушы өз мектебінен байланысын үзбей, оның атынан жарыстарға қатысып, қоғамдық-нұсқаушы міндетін атқарып, ұжым кеңесінің жұмысына көмектесе отырып, мектептің дене тәрбиесі ұжымымен және жалпы мектеппен байланыста болуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет