Сізді адам өмірінің айтулы белесі- 50 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!



Дата30.11.2023
өлшемі12,39 Kb.
#194284
Байланысты:
Тілек
ТҮЙІНДЕМЕ Сейдахметова Асел, Эндрюстің эксперименттік изотермдері., Camtasia Getting Started Guide.1ppt, Сайыс сабақ қазақ тілінде Қызықты физика 7-сынып, Ұстаз 2 курс каз.яз ВШП -, аксезим, МКБ, Авесхан Анель Пмно 22-1-3, Модульное обучение, rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

Сізді адам өмірінің айтулы белесі– 50 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді. Осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы 50 жастың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Сізге деген құрметіміз зор. Еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып жүрсіз. Өмірден оқып-тоқығаны мол, әрқашан қамқор қолын ұсынып жүретін адал азамат ретінде білеміз. Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Осынау мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, денсаулығыңыз мықты болсын! Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ - ырыс тілейміз!
Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілейміз!
Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет