Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Клиникалық көрінісі жағынан ҰЖС бірнеше түрлерін ажыратады



бет7/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Клиникалық көрінісі жағынан ҰЖС бірнеше түрлерін ажыратады:
1) өте ауыр - екі аяқтың 6-8 сағаттан артық ұзақ жаншылуы кезінде
байқалады (зардап шегуші алғашқы екі күнде қайтыс болады);
2) ауыр - бір аяқтың ұзақ жаншылуы (ауыр ағымдылығымен өлім көрсеткішімен сипатталады);
3) орташа ауырлықты - аяқ-қолдың салыстырмалы түрде кішкентай бөлігінің (осы түрде бүйрек жеткіліксіздігінің көрінісі айқын болады) қысқа уақытқа жаншылуы (6 сағаттан аз);
4) жеңіл - жергілікті өзгерістері басым және жоғары гемодинамика мен бүйрек
қызметінің әлсіз өзгерістерімен. ҰЖС клиникалық ағымында үш кезенді ажыратады: ерте (2-3 күнге созылады), аралық (3-ші күннен 12-ші күнге дейін) және кеш.
Ерте кезеңде жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің еміне және бүйрек қызметінің бұзылыстарын алдын алуға көп мән беру керек; ол сонымен қоса психикалық бұзылыстармен, ауырсыну реакциясымен, қарқынды плазма жоғалтумен, тыныс алу бұзылыстарымен сипатталады. Аралық кезеңде ЖБЖ емдеуге көп көңіл бөледі.
Кеш кезеңде гемодинамика мен бүйрек қызметін қалпына келтірген соң емдеудің негізгі міндеті тіндердің некрозынан кейін ауқымды жараларды емдеу, контрактураларды жою және неврологиялық бұзылыстарды емдеу болып табылады.
Алғашқы көмекті оқиға болған жерде көрсетеді. Жаншылудан босатқанға дейін немесе бірден босатқан соң жарақаттанған тіндерден проксималды жерге бұранда салады. Аяқ немесе қолды қатты таңып тастайды, иммоби- лизациясын жүргізеді және мүмкіндігінше суытады. Науқасқа парентералды анальгетиктерді, седативті, жүрек препараттарын енгізеді. Жедел госпитализация кажет.
Емі. Науқасқа неғұрлым ертерек аяқ немесе қолдың көлденең тіліміне жаншылған жерден проксималды аймаққа (бұранда салынған болса, оның үстінен, тежеуден соң бұранданы алып тастайды) міндетті түрде новокаин- ды тежеу жасау керек. Екі жақтан паранефралды новокаиндық тежеу жасайды. Ісінумен күресу үшін аяқ немесе қолды эластикалық бинттермен қатты танады және суытады. Егер ісіну өршитін болса, онда барлық аяқ немесе кол бойымен теріастылық немесе ашық фасциотомия жасайды. Жаншылған бөліктің өмірге қабілетсіздігінің белгілері пайда болған жағдайда аяқ немесе қолдың шұғыл ампутациясы қажет. Бір мезетте массивті антибиотиктік терапияны жүргізеді, сіреспенің алдын алады, анальгетиктерді (промедол, омнопон), антигистаминді препараттарды (димедрол, дипразин, супрастин), осмодиуретиктерді (маннитол, несепнәр, лазикс) енгізеді. Бүйректердің шығару қызметін жақсарту және плазма жоғалтуды толықтыру үшін көктамырға төмен молекулярлы коллоид және тұз ерітінділерін, плазманы және нәруыз препараттарын құяды. Ацидозбен күрес және алдын алу үшін көктамырға натрий гидрокарбонаты ерітіндісін енгізеді, сілті ерітінділерін көп ішуді және ас содасы ерітіндісімен жоғары клизмаларды тағайындайды. Егер олигоурия өршіп, анурия дамитын болса, онда «жасанды бүйрек» аппараты көмегімен гемодиализ жасау қажет. Перитонеалды диализдің нәтижелілігі төмен. Қалпына келу кезеңінде инфекциялық асқынулардың алдын алуын, физиотерапиялық шараларды, жалпы нығайту емін жүргізеді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет