Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі19,18 Kb.
#83212
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
document name
document name


Автор: Ыбырай Данияр Бектасұлы
Пән: Физика
Сынып: 7-сынып
Бөлім: Қысым
Тақырып: Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Білім алушыларға мысал келтіру арқылы газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру және сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдана білуді меңгерту.

Тілдік мақсаттар:

Арнайы пәндік лексика мен терминология: Диалог үшін қолданылатын тіркестер: Қысым – дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш. Паскаль заңы – Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Гидростатикалық кысым – тек қана сұйық бағанының биiктiгiне және оның тығыздығына тәуелдi.

Күтілетін нәтиже:

 Газдар мен сұйықтардың қысымының пайда болуын түсіндіре алады;
 Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңының ұғымдарының теориялық негізгі мағынасын біледі;
 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады;
 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біліп өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері:

 Газдар мен сұйықтардың қысымының пайда болуын түсіндіре алады;
 Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңының ұғымдарының теориялық негізгі мағынасын біледі;
 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады;
 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біліп өмірмен байланыстыра алады.

Құндылықтарды дарыту:

Құндылықтарға баулу жауапкершілікті сезіну, қарым-қатынас жасау қабілеті, жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы іске асырылады. Өндіріс пен ауыл шаруашылығын индустрияландыру мақсатында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

презентация

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілі, математика, география, биология, қазақ әдебиеті.

Бастапқы білім:

Қатты денелердегі қысым


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет