Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу. Презентацияларды безендіру мүмкіндіктері


Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі28,97 Kb.
#97159
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
28-30-пр. ӨО. КББ 20-1

Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері
Power Point программасының графикалық объектлерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

  • Слайдтар режимі(режим слайда);

  • Құрылымдық режим(режим структуры);

  • Слайдтарды сұрыптау режимі(режим сортировщика слайдов);

  • Бетке ескертпе жазу режимі(режим страниц заметок);

  • Слайдтарды көрсету режимі(режим Показ слайдов);

Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.
Слайдтар режимі-презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы.Осы режимде мәтін енгізуге және өндеуге,графикалық объктілер мен кестелер енгізуге болады.Сонымен бірге өзіміз дайндаған немесе дайын суреттер,мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.
Құрылымдық режим – презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады.Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай алмаймыз.
Слайдтарды сұрыптау режимінде- презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады.Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны,түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып , болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы.Нақты бір слайдтын мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.
Бетке ескертпе жазу режимі- презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған.Бүл режимге көшкен кезде слайдтын кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігіне орналасады да төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.
Слайдтарды көрсету режимі- дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимінде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді (графикалық объектілер немесе мәтіннің әріптері бірінен кейін бірі жоғарғы, төменгі немесе т.б. жақтан ұшып келуі, түсі өзгеруі т.б.).
Осы режимдердің біріне көшу үшін, Typ (Вид) командасының ішкі менюіндегі қажетті режимнің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тиістісін шерту жеткілікті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет