СөЖ №5 Пәні: Оқушылардың даму физилогиясы Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының алдын алу Тексерген: Сейдехан Меруерт Орындағандар: Мухтар Меруерт, Есмаханова Қырмызы, Султанова Аяулым, Нурахметова Ақерке, Болатова Аружан


Тірек-қимыл аппаратының ауруларын алдын алу



бет3/3
Дата13.05.2022
өлшемі98,38 Kb.
#143057
1   2   3
Байланысты:
ОДФ СӨЖ 5
Расписания от Нурила
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын алдын алу
Кальций тапшылығы адамның жалпы жағдайының төмендеуіне, сүйек ұлпасының жұмсаруына, сүйек буындарының сырқырауына, тіс ауруларына, остеопорозға әкеп соғуы мүмкін. Остеопороз – бұл қанқаның жүйелі ауруы, сүйек салмағының төмендеуі мен сүйек ұлпасының құрылысының бұзылуы. Остеопороз сүйектің морттығын күшейтеді, сыну мүмкіндігін өсіреді. Остеопороз дамуының үдеуіне келесі қатерлі мәнбірлер: тұқым қуалаушылыққа бейімділік, темекі шегу, маскүнемдік, тиімсіз тамақтану, аналық бездерінің қалыпты жұмысының әлсіреуі, дәрумендермен ақуыздардың шамадан аз болуы, жалпы зат алмасу бұзылыстары себеп болады.
Біріншілік алдын алуға ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту, және физикалық күш түсуіне бейімдеу, дұрыс тамақтануда маңызды роль атқарады (көп мөлшерде ас тұзын қолдану буын ауруларының негізгі себебі болады). Сонымен бірге ағзаға суық тигізбеу, дымқыл жерде болмау, ошақты жұқпаны уақытында жою керек.
Екіншілік алдын алу аурудың қозуын болдырмау, қауіпті мәнбірлерді жою және де мерзімді ем қабылдап отыру. Көктемде және күзде пациенттерге қабынуға қарсы антибиотиктер және стероидтық емес гормондар тағайындалынады. Пациент темекіден және ішімдіктен бас тарту керек. Жыл сайын тұмауға қарсы иммунизация жүргізеді. Салмақты төмендетуге кепілдемелер беріледі.
Үшіншілік алдын алу буын функцияларын қалпына келтіру. Санаторлық-курортты ем кеңінен қолданылады: минералды су, климаттық ем, тәулік бойы таза ауада серуендеу, ауа және сәулелік ванналар. Дене шынықтыру, емдік жаттығулар әр пациентке буынның функциясына байланысты тағайындалады.
Бұзылудың нақты себептері де анықталмай қалуы мүмкін. 1-3 жас аралығындағы балаларды түзетудің педагогикалық емдік жұмысының басты мақсаты: заттық монипуляциялық іс-әрекетті, сенсорлық тәрбиені, қоршаған ортаға қатысты сөйлеу тілін, заттық іс-әрекетті, өз-өзіне қызмет ету мен әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту. Жұмыстың басты бағыты: ұсақ және жалпы маториканы дамыту, коммуникативтік тәртіпті қалыптастырып, дамыту болып табылады.
Түзету жұмысы баланың ауыр түрі мен жас ерекшелігін ескеріп жүргізіледі. Заттық- тәжірибелік және ойын іс-әрекетінің негізінде үлкендердің көмегімен сенсорлық-моторлық тәртіппен дауыстық әрекет қалыптасады. Тежелу және жеңілдету әдістері қолданылады. Бұлшық ет тонусы жетекшілік ететін қажетсіз патологиялық қимыл тежеліп, бір мезгілде еркін сенсорлық-моторлық активтілік жеңілдетіледі.
Басты, денені, аяқ-қолды қалыптастыруында артикуляциялық аппараттың жұмысын жеңілдетіп, көру-моторлық координаттарын жаттықтыру үшін түрлі қалыптастыру жұмыстары пайдаланылады.
Кондуктивтік тәрбиенің әдістерін қолдану және жалпы және ұсақ моторикасының тәрбиенің жүйелілігінің қалыптасуын жүзеге асырады.
Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар балалар үш топқа бөлініп қарастырылады:
Қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай қалыптасады ;
Ортада дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі); балалардың басым көпшілігі өздігәнен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан.
Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;
Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамуындағы тежелу т.б).
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Тебенова Қ. С., Рымханова А. Р. Арнайы психология: Оқулық. – Алматы: 2011ж. – 264 б.

  2. Айтбаева А.Б. Коррекциялық педагогика негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011ж. – 160 б.

  3. Особенности психофизического развития учащихся специальных школ для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата / Г.С.Гуменная, М.В.Ипполитова, Е.М. Мастюкова, Н.В.Симонова, Л.Б.Калелова; под редакцией Т.А.Власовой. - М.: Педагогика, 2001г.- 128 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет