СөЖ 6: Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру Сұрақтар: «Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы»



Дата21.12.2022
өлшемі17,3 Kb.
#163520
Байланысты:
СӨЖ 6 Мейірхат


СӨЖ 6: Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру
Сұрақтар:

  1. «Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы» эссе жазу.

  2. Еңбек тәрбиесіндегі халықтық тәрбиенің ерекшеліктері.

1. Еңбек адамды шыңдайды деген нақыл сөз бекер емес шығар. Ғалымдар адамның ғасырлар бойы дамуы еңбектің арқасында деп айтады. Еңбектену арқылы адамның тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық нәрселер ойлап табылды. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген сияқты қазақ халқында көптеген мақал-мәтелдер бар. Халқымыз ертеден бері еңбекке шыңдалып келген.


Ата-бабамыз еңбектің маңызын жете сезініп, өмірден алынған талай мақал-мәтелдерді ұрпақ тәрбиесіне арқау еткен. Оларды балалары мен немерелерінің құлағына құйып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Халқымызда «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек – ерлікке жеткізеді, ерлік – елдікке жеткізеді», «Ең­бегі аздың – өнбегі аз, еңбегі көптің – өн­бегі көп» деген дана сөздер бар. «Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, Еріншек ұйқыдан қирап тұрады» деген керемет мақал да бар. Шынында да, еріншек адамның ұйқысы қанбай, үнемі шаршап тұратыны және өзінен басқаға өкпелеп жүретіні белгілі. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Ақылың мен қайратың екі жақтап...» – деген. Бүгінгі заманға сәйкестендіріп ай­тар болсақ, бұл жерде ақын өзіңнің күш-қай­ратың, ерен еңбегің және ақылың мен бі­лімің қиындықтың қыспағынан алып шы­ғатын бірден-бір жол екенін нұсқап тұр.
Қазір нағыз еңбек ететін заман келді. Бүгін­гі таңда кәсіпкерлікпен айналысқан адам­ның бағы жанып тұр. Мал бағып, егін еккен жанның адал еңбегі өзін де, елін де асырайды.
Бүгінде әр отбасында, балабақша мен мектептен бастап баланы еңбекке баулу, еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын насихаттау жағы кемшін соғып жатқан сияқты.

2. Педагогикалық мәдениеттің өзі ең алдымен еңбек педагогикасы және еңбекке тәрбиелеуден тұрады.Еңбек –халық өмірінің өзі. Сондықтан еңбекте тәрбиелеу бүкіл тәрбие қызметі мазмұнын анықтаитын тәрбиенің халықтық жүйе-сінің негізгі өзегі болып табылады.


Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды.Қашанда ең озықты алып жүруші,ең кереметті , ең ұлыны жасаушы еңбекші халық болды.Сон-дықтан алдыңғы қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтың еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.Еңбекті және еңбек адамдарын сүю – бұл халықтық тәрбие жүйесінің аса маңызды өсиеті.Ұлттық ойындардағы еңбек элементерінен көрінісі: балалар үлкендерге еліктеп олардың еңбек операцияларын қайталады, ойын процесінде ойыншықтарды өздері жасады, ойыннан соң өздері соңын жинастырды.Әдетте балалардың үлкендердің еңбектену әрекеттеріне еліктеуі өз беттерімен заттар жасаумен ұштасты. Халық педагогикасында мұндай балалар ойындары әрдайым көтермеленіп отырды. Балалар біртіндеп ойыншық еңбек құралдарынан олардың мүмкіндіктері ескеріліп жасалған нағыз еңбек құралдарына көшті.Шаруашылық кәсіпшіліктер мен жұмыстардың негізгі түрлері қазақ халқында мал өсірумен байланысты болды, онымен бірге тұтастықты құрады.Балалардың алғашқы саналы әрекеттері өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету салаларында жасалды, одан соң ауыл шаруашылығы еңбегіне тартыла бастады.Уақыт өтуі барысында олар жеткілікті тәжірибелі бола отыра, жеке отбасы шаруашылығына қажеттің бәрін еске салусыз өздері атқарды.
Ауыл шаруашылығы еңбегіне балаларды үйретумен отбасында үлкендер мен ата-аналар айналысты. Бұл айтарлықтай қиын жұмыс түрлерін орындаудағы дағдылар мен икемділіктерді балалар ауыл шаруашылығы еңбегіне үлкендермен бірге ұдайы, жүйелілікпен қатысу нәтижесінде игерді.Жеткіншек ұрпақты қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы еңбегінің бұл түрлеріне үйрету кешенді, балалардың жас және дене ерекшеліктерін есепке ала , халықтық педагогика қағидалары, ережелері және әдістеріне сәйкес жүргізілді.
Еңбек әрекеті процесінде қазақ халқы балаларды өнімді пайдалы еңбекке тимді даярлау мен белсенді қалыптастыруға жәрдемдесетін еңбекке тәрбиелеу мен үйретудің құралдарын жасап шығарды.Халық тұрмысында жеткіншек ұрпақ әлеуметтік – экономи-
калық өмір салт талаптары мен шаруашылық жағдайларына сай жан-жақты еңбек дайындығын алды.Еңбек тәрбиесі және еңбекке үйрету мәселесіне қатысты мынадай негізгі тұжырымдарға келуге болады.
Қазақ халқы педагогикасында еңбекшілердің тарихи дамуының түрлі кезеңдерінгі өмірлік, әлеуметтік тарихи тәжірибесі, олардың еңбек және жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу жөніндегі идеялары, ұғымдары, көзқарастары көрініс тапты.
Мақалдар мен мәтелдер, әндер мен билер, ертегілер мен эпостар, аңыздар мен әңгімелер, бата-тілектер мен мерекелер халықтық ортада тартылды.Осылай біртіндеп баланың өсуімен байланысты еңбек дағдылары мен икемділіктері ретінде қалыптасуы кезеңіне дейін созылды.Осы уақыт аралығында балада қоғамдық өмірге араласу үшін қасиетті жеткілікті икемділіктер мен дағдылар жинақталды.Отбасы жағдайындағы өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету еңбегіне үйрету, мәселен ол мыналардан тұрады:
1)өзін күтуге тұрғын жайды таза және жылы ұстауға, өз киімдерін күтіп ұстай білуге дағдыландыру.
2)ас әзірлеу, нан және ұннан жасалатын өзге тағамдар пісіру, азық-түлік тағамдарын сақтай білуге үйрету.
3) киім жамау, тоқу, әшекейлеу, пішу, іс тіге білуге машықтандыру.
4) отбасындағы жасы кішілерді күту, оларды жұбату, тамақтандыру, ұйықтауға жатқызу, ойната алуға үйрету.
5) ауланы жинақы ұстау, қақпа, сарай, қора-қопсыны жөндеуге үйрету.
6) отын даярлау, оларды үйге жеткізу мен оларға аулада орын әзірлей білуге баулу.
7) еңбекке сүйіспеншілікке баулу, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.


Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған.Қыз балалар мен ұл балалардың өсіп жетілуінде жас және жеке дара ерекшелігін ескере отыра еңбек түрлерін айқындаған.Қыз баланың құрақ құ-рауы, кесте тігу, жүн түту, жіп иіру, кілем, шекпен, алаша тоқу, кілемге өрнек салу, өзінен кіші іні-сіңілілерге қамқорлық жасау, ал ұл баланы мал бағуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, ер-тоқым, домбыра, үйдің кереге-уығын жасау, сандық, табақ-аяқ және т.б. тұрмысқа керекті заттарды жасау ер баланың міндеті, яғни ер бала осыны міндетті түрде орындауы қажет деп түсінген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет