СөЖ 8 Тақырыбы: Ежелгі Мая мәдениеті Орындаған: Есқуатов. Манарбек т-201 Тексерген: Еспенбетова. Айнагүл Ақтөбе 2020 ж Майя өркениеті


Солтүстік Акрополь, Тикал, Гватемала



бет2/6
Дата16.05.2020
өлшемі360,61 Kb.
#68910
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Документ (36)

Солтүстік Акрополь, Тикал, Гватемала

Екiншiден, олардың бiзге жеткен тастағы жазбалары мүлдем түсiнiксiз болды. Қаншама ғалым көз майын тауысқанымен оқылуы мүмкiн болмады. Ал, 1990 жылдан бергi уақытта ғана жанкештiлiкпен жазбаға үңiлген зерттеушiлер тастағы мәтiннiң бiрен-саранын ғана оқуға мүмкiндiк алып, Гватемала джунглилерiндегi археологиялық жаңалықты үндiстер ұлысының арқауы болған ежелгi мәдениет пен руханият деп баға бердi.



Ал, бұған дейінгi зерттеулерге қарасақ, осыған дейiн Чичен-Ица, Копан, Ушмаль, Тикаль тәрiздi қалалары ашылған. Және мұның үндiстердiң ежелгi мәдениетi мен тарихы және жылнамаларынан хабар беретiн мүмкiндiк тудырған. Осы қалалардың бiрiне жақын зираттан, атап айтсақ, Гватемаланың солтүстiк-батысында орналасқан Вака атты ежелгi қаладан табылған бұдан 1200 жыл бұрынғы әмiршi әйелдiң қабiрi екенiне көз жеткiзiлген. Оның жерлеу рәсiмiндегi шараларына қарап майялар өркениетiне қатысты бiршама деректi ұшырастыруға болады.

Майя сандары

Өйткенi, ол жауынгерлiк дулыға кигiзiлiп жерленген. Соған қарап ғалымдар бұл әйел әскери адам болған деген де пiкiр айтуда. Жорамалға сенсек, мұндай мәртебеге ие болған әйел жоғарғы шендi қолбасшы, немесе әскер басы болуы тиiстi.

Зиратта сонымен қатар теңiз мысығының сүйектерi де табылыпты. Ежелгi түркi өркениетiнде өлген адамға деген құрмет үшiн жылқы малын көрге бiрге көмсе, бұл халықтарда да құрбандық шалу риторикасы болса керек. Жалпы, зерттеушiлердiң пiкiрiнше, осы Майя жұрты мен Түркi халықтарының арасында ұқсастық өте көп. Майялардың Ушмаль қаласының аты "Үш рет қайта салынған" дегенді білдіреді.

Майя өркениетiнде құрбандық шалу — екi түрлi болған. Бiрi құдайға шалатын құрбандық, екiншiсi өлген адамға құрмет көрсету үшiн шалынатын құрбандық.

Көз жұмған кiсiге деген құрбандықты мал мен аң атқарса, құдайға деген құлшылықтарында қолға түскен жаудың тұтқындарын шалатын болған. Әсiресе, дiни мейрамдар қарсаңында арнайы сақталған тұтқындарын өлiм жазасына кесiп, құдай алдындағы мiндетiн өтейтiн болған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет