Сөж тақырыбы: Феноменология


«Феноменологияның философиядағы маңызы»



бет4/5
Дата22.04.2020
өлшемі31,04 Kb.
#64254
1   2   3   4   5
Байланысты:
Феноменология

«Феноменологияның философиядағы маңызы»

Біз үшін феноменологиялық тұжырым гуманитарлық ғылымдар тұрғысынан қызықты. Әрі бүл кездейсоқ нәрсе емес. Кез келген ғылыми тақырыптан бұрын болып, оған өкілеттілік беретін тікелей берілетін деректі зерттейтін феноменология сананың осы дерек туралы негізгі сипатын немесе мәнін, яғни интенционалдылығын да ашады. Дәстүрлі түсінікте «қорытатын» немесе сыртқы әлемді ас тәрізді сіңіретін (мысалы, Кондильякта) сана орнында тұратын феноменология ­ «бағыттың бойымен бөлінеді» (Сартр), ал егер оның әлемге қатысы болмаса, онда, ол тіпті, ештемеге айналатын әлдебір сананы ашады. Бірақ, онда объективті, эксперименттік, қысқасы, психологияда, социологияда және т.б. орын алған сияқты, физикаға еліктейтін тәсілдер де толығымен барабарлыққа сай бола ма? Бүл жағдайда, тым болмаса, сана «әлеммен қоса өрілетін» әртүрлі модустардың жазылуын түсіндіруден бастау қажет шығар? Мысалы, метафизикалық сипаттағы белгілі бір таңдау болып табылатын әлеуметтікті нысан ретінде қарастырмас бұрын, әрине, «қоғамдағы болмыс» дерегінің сана үшін маңызын түсіндіріп алып, содан соң ғана мұндай дерек тұралы аңғал сауал қою қажет болар. Тек осы жолмен ғана әлеуметтік мәселенің қойылуынан туындайтын және болмай қоймайтын қайшылықтарды жоюға болады: феноменология гуманитарлық ғылымдарды алмастыруға талпынбаса да олардың нәтижелерін сұрыптап, зерттеулерінің бағытын өзгерту арқылы айқындауға күш салады.

Феноменологияның маңыздылығын айрықша атап көрсетудің қажеті бар ма? Ол «еуропалық» ойдың бір кезеңі болып табылады және өзін солай таниды да ­ Дағдарыстағы Гуссерль дәл осыны көрсеткен еді. Біз мұндай тарихи мәндердің бірден мәңгі түрде анықталмайтынын біле тұра, оның тарихи мәнін белгілейміз, өйткені қазіргі кезде де феноменологтар бар, сондай­ақ тарихи құбылыс ретіндегі феноменологияның мәні әлі аяқталмай, жалғасын тауып келеді. Расында да, Финк Хайдеггердегі бір нәрсеге көңіл бөлсе, Рикер Мерло­Понтидағы басқа нәрсеге назар аударады, ал Левинас ­ Поз немесе Тевеназдан үшінші бір нәрсені табады және мұндай жағдай феноменологияны зерттеуге сақтықпен кірісуді ақтап тұрады. Бірақ, Жан Вальдің көрсетуінше, жалпы феноменологиялық «стиль» деген нәрсе бар. Жоғарыда аталған ойшылдардың арасында үлкен айырмашылықтың болуына қарамастан біз нақ сол стильді сипаттауға талпынамыз және сол арқылы Гуссерльден басталатын нәрсені, яғни бастауды оның өзіне қайтарамыз. Негізгі ұстындардың жарамдылығы менің психикалық болмысыма негізделген және туа біткендіктен олар дәлелдеуге келмейді. Бұдан түптеп келгенде, психологиялық әрекеттер меңгеретін тәуелсіз ақиқат болмайды деген қорытынды шығады. Егер менің білімім ақиқаттың классикалық тұжырымдамасының талабына сай өз объектісіне сәйкес болған болса, онда менің қалайша білуім мүмкін болады? Және мұндай сәйкестіктің барабарлықтың белгісі қандай? Өйткені объект туралы кез келген сауалдың артық болуына септігін тигізетін қандай да бір «сананың күйі», яғни субъективтік шынайылық қажет. Сонымен, ұғым — есте қайта жаңғыру, ұстын ­ психологиялық механизмнің мүмкін жағдайы, ал ақиқат ­ табысқа жеткен сенім болған. Егер жеке алғанда ғылыми білімнің біздің жаратылысымызға қатысы болмаса, онда ешқандай заң абсолютті түрде дұрыс айтылмаған да болар еді, ол шексіз тексерілуде болатын болжам және сол болжамның заңдылығын анықтауға мүмкіндік беретін операциялардың пәрменділігі (прагма) болар еді. Бұл жағдайда ғылым бәрінен бұрын қолайлы символдар (күш, энергия) торын өріп, оларды әлемге таратқан болар еді. Бұл жағдайда оның жалғыз ғана субъективтілігінің мәні осындай символдардың арасындағы әрекетті мүмкін ететін тұрақты байланыстарды орнату болады. Турасын айтқанда әлемді тану ешқандай қиындық туғызбайтын. Бұдан әрі ғылым тарихында мұндай танымның прогресін дәлелдеп шығу мүмкін емес: тарих дегеніміз нақты анықтауға келмейтін белгілеуден, қателіктер мен сынамаларды жинаудан тұратын қалыптасу болып табылады. Демек, ғылымға жауабы жоқ сұрақтарды қоюдан бас тарту қажет шығар. Сондай­ақ, математика ­ келісім бойынша белгіленетін символдардың ауқымды формальды жүйесі және шектері анықталған мазмұны жоқ операциональды аксиомалар: біздің қиялда бәріне де орын табылады (Пуанкаре). Өзін­өзі анықтайтын математикалық ақиқат, әу баста таңдап алынған аксиомалардың референциалдығына сай анықталған болып шығады. Мұндай жағдайлардың бәрі скептицизмге жетелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет