Сөж тақырыбы: Микроциркуляция



бет2/16
Дата25.03.2022
өлшемі2,46 Mb.
#136709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ

Микроциркуляция

  • Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері гемомикроциркуляция деп аталады. Бұл жалпы қанайналымының көрнекті бір бөлімі. Микроциркуляция термині биологиялық ғылымдарға 1954 жылы енгізілді. Бұл ұғым өте ұсақ қан және лимфа тамырлары тарамдалған ауданда өтетін көптеген күрделі үрдістерді қамтиды. Мәселен, гемомикроциркуляция мен лимфомикроциркуляция жіңішке тамырлардағы қан мен лимфа ағысы ерекшеліктерін, ондағы жасушалардың қимыл жағдайын, қанның ұю заңдылықтарын, тамыр саңылауларының жүйкелік және гуморалдық реттелуін көрсетеді. Мұнымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің зат тасымалдау кезеңі- транскапиллярлық алмасу өтеді. Транскапиллярлық алмасу гемоциркуляцияның көрсеткіштерімен бірге, биологиялық мембрананың заттарға өткізгіштік қасиеттеріне байланысты екені белгілі. Олай болса осы аталғандардың бәрі микроциркуляцияны жан-жақты сипаттайды.
  • Микроциркуляция тамырларына диаметрі 250 мкм-ден төмен (жіңішке тамырлар), артериолалар, метаартериолалар (диаметрі 10-25 мкм) капиллярлар, посткапиллярлар, венулалар (диаметрі 50 мкм) және артериоловенулярлық анастомоздар жатады. Әрбір ағзаның құрылысына сәйкес микротамырлардың құрылым ерекшеліктері болады. Кейде капиллярға бөлінген тамырлар венулалар құрап қайтадан екінші рет капиллярларға бөлінеді. Капиллярлар бір-бірімен көлденең байланысып тор жасайды. Венулалар кеңіп синус құруы мүмкін.Метаартериолалардың қабыпғасында бір қабат бірыңғай салалы ет талшықтары сақина тәрізід орналасқан, ал капиллярлардың алдында мұндай ет талшықтары жиналып жапқышты құрады, кейбіреулердің ойынша посткапиллярларда да жапқыш болады. Жапқыш артериоловенулярлық анастомоздардың бас жағында да кездеседі. Пре- және посткапиллярлардың жапқыштары тұсында тамырлар саңылауы тарылып 4-5 мкм болады. Прекапиллярлық жапқыш жиырылса онымен байланысты капиллярларға қан өтпей қалады.
  • Ішастардың микроциркуляторлы ағымы:
  • 1-артерия;
  • 2-вена;
  • 3-артериола;
  • 4-венула;
  • 5-капиллярлар торы;
  • 6-лимфа тамырлары мен капиллярлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет