Сөж тақырыбы: Микропроцессордың даму тарихы Микропроцессор


Микропроцессордың даму тарихы



бет2/3
Дата05.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72395
1   2   3
Байланысты:
микропроцессор тарихы СӨЖ

Микропроцессордың даму тарихы.

1969 жылы жазда жаңа калькулятор өңдеуші жапон компаниясы “Busicom”, “Intel” компаниясынан көмек сұрады. Сол уақытта Intel фирмасының құрылғанына бір жылдай болатын, бiрақ сол уақыт ішінде ең шағын микросхема жадын жасап шығарып, өзін танымал еткен еді. «Busicom» фирмасына бiрнеше мың транзисторлардан құралған микросхема жасап шығару керек болды. Бiрлескен жобаны iске асыру үшiн Intel фирмасының инженерi М.Хофф жобаға тартылды. Ол «Busicom»-нiң өңдеулерiмен танысып әмбебап – микропроцессор жасайтын талғаулы идеяны ұсынды. М.Хофф жобасы жеңдi және «Intel» фирмасы әлемдегі бiрiншi микропроцессорды (МП) өндiрiп, шығару мүмкіндігіне ие болды.



Ең алғаш 1971 жылдың 15- қарашасында «Intel 4004» деп аталатын жаңа процессор қоғамға таныстырылды (2-сурет). Бұл процессордың жұмыс жиілігі 108 кГЦ (0,108 МГц) құрады. Процессор 2300 транзистордан тұрып, 10 – микрондық техногогиямен шығарылады. Мәліметтердің шинасының ені 4 разряд болды, ол 640 байт жадыны адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды.

2-сурет.4004-микропрцессоры



1972 жылдың сәуір айында Intel 200 кГЦ жиілігінде жұмыс жасаған 8008 процессорын шығарды (3 - сурет). Ол 3500 транзистордан тұрып, сол бұрынғы 10 –микрондық технологиямен шығарылды. Мәліметтердің шинасының ені 8 разряд болды, ол 16 Кбайт жадыны адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор терминалдар мен бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды. Бірақ кейбір құрастырушылар оны компьютер құрастыруға пайдалануға тырысты, сонымен бұл микропроцессор микрокомпьютерлік төңкерістің бастамасы саналды.

3-сурет. 8008-микропрцессоры



Процессордың келесі модулі 8080 Intel фирмасымен 1974 жылдың сәуір айында шығарылды (4-сурет). Бұл процессор 6000транзистордан тұрады , 64 Кбайт жадыны адрестеуге мүмкіндігі болды. Бұл жағдай бағдарламашылар үшін қол жеткізбейтін табыс еді. Алғашқы дербес компьютер осы процессормен жиналды. Бұл компьютерде СР/М операциялық жүйесі қолданылды. Бұл мыңдаған бағдарлама жазылған компьютердің алғашқы моделі болды. Intel 8080 прцессорының әйгілігінің арқасында кейбір фирмалар оның көшірмесін шығара бастады.

4-сурет. 8080-микропрцессоры



Осылай, 1976 жылдың шілде айында 2,5 МГц жиілікмен жұмыс істеген Z80 процессоры (Zilog фирмасы) пайда болды (5- сурет).

5-сурет. Z80 микропроцессоры



Intel өзінің жетістігімен тоқталып қалған жоқ, ол 1976 жылдың наурыз айында 5 МГц жиілікте жұмыс істейтін 8086 процессорын шығарды (6-сурет).8086 процессоры біршама қымбат тұрғандықтан, 1979 жылы Intel осы процессордың 8088 атты ―арзан версиясын шығарды(7- сурет). Нақ осы процессорды алғашқы IBM PC компьютерлеріне орната бастады. 8088 процессоры 30000 транзистордан тұрып, 5 МГц жиілікте жұмыс істеді.

6-сурет.8086 микропроцессоры , 7-сурет.8088 микропроцессоры



1993 жылы Motorola фирмасы IBM және Apple фирмасы бірігіп «Power PC» атты жаңа процессорын жасады. IBM және Apple компьютерлері осы процессормен қамтамасыз етілді (8- сурет).



8- сурет. Power PC микропроцессоры.

1995 жылы Pentium Pro атты процессорлары дүниеге келді(9-сурет). Intel компаниясы Рro архитектурасын қайта қарастырып, 1997 жылдың мамырында Pentium 2 -ні ұсынды (10- сурет).



9-сурет. Pentium Pro процессоры 10-сурет. Pentium 2 процессоры

1998 жылы сәуірде Pentium 2 отбасылы Celeron атты арзан процессорын шығарды (11- сурет)



11-сурет. Pentium Celeron микропроцессоры

1999 жылы Intel Pentium ІІІ процессорын шығарды (12-сурет), ол Pentium 2-нің жалғасын тапты. Pentium компаниясы қарқынды түрде дамып келе жатқан кезде, AMD компаниясы AMD К5 атты процессорын шығарды (13- сурет).Осы процессор толық Pentium-нің жұмысын атқарды.



12-сурет. Intel Pentium ІІІ процессоры 13-сурет. AMD К5 процессоры

AMD компаниясы 1999 жылы Athlon процессорын шығарды. Ол Intel-дің Pentium 3-мне тең дәрежеде пайдаланыла алды. Осы процессор Intel-ге бәсекелестік көрсете алды. 2000 жылы бұл компаниялар көптеген жаңа процессорлар шығара бастады. Intel компаниясы 2000-жылы Pentium 4-ті ұсынды (14-сурет).





14-сурет. Pentium 4 процессоры.

2000-жылы тағы да бір ерекше оқиға болып өтті. Intel және AMD компанияларының жолдары бірікті. Олар 1 Ггц тосқауылын өтті, оған дейін ол мүмкін болмаған.

2001-жылы Intel компаниясы жаңа жетістікке жетті. Олар жиілігі 2 Ггц-ке жететін Pentium 4-ті ұсынды. 2001-жылы Intel және AMD компаниялары көптеген жетістіктерге жетті.

2002-жылы Intel компаниясы тағы да Pentium 4-тің жаңа нұсқасын ұсынды, оның жиілігі 3,06 Ггц-ге жетті. Бұдан кейін жаңа техналогиялар пайда болды.

2003 жылы AMD өзінің алғашқы 64- разрядты процессорын ұсынды. Ол өзіне ұқсас Intel компаниясының Pentium 4-тінен озып шықты. Intel компаниясы микропроцессорларды жасауда осы уақытқа дейін өзінің көшбасшылық позициясын сақтап келеді. Процессорлардың соңғы үлгілерінің ерекше белгісі-қазіргі ЭВМ –дердің көо есепті деңгейінде жұмыс жасауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет