Сөж тақырыбы



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі450,5 Kb.
#88979
1   2   3   4   5

Чарлз Дарвин теориясы

  • Ч. Дарвиннің тұжырымдамасы бойынша маймылдың адамға айналуы.
  • Ағылшын ғалымы Ч. Дарвин біздің арғы тегіміздің адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегеннен, еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады. Энгельстің айтуы бойынша, адамның дене және ойлау қабілетінің жетілуінде, миын дамытуында еңбек пен дыбыстың маңызы зор болды. Адамға айналу процесінің өзі күрделі нәрсе. Мыс, олар алғашында ағаштың басында өрмелеп , секіріп жүріп күн көруге кейіннен жер бетіне түсіп тіршілік етуге, төрт аяқтап жүруге мәжбүр болған. Мұның бәрі тіршілік талаптарынан туған. Бұл жөнінде Энгельс былай дейді: “Ең алдымен өздеріні бір нәрсеге өрмелеп шыққанда қолдың аяққа қарағанда өзге міндеттер атқарауын керек ететін тіршілік қалпының әсерінен болуы керек , бұл маймылдар жермен жүрген де қолдың көмегін ұмыта бастап, барған сайын тік жүруді үйрене бастаған. Осы арқылы маймылдан адамға айналу үшін шешуші қадам жасалған.”
  • Сөйтіп, күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегінқолды төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруынан, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді . Ол құралдарды күн көру, аң аулау, жауынан қорғану үшін пайдаланды. Құрал жасаумен шын мәнісіндегі еңбек ету басталды.
  • Еңбек құралдарын жасау, оны пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына да үлкен өзгерістер енгізді.Мыс, біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске түсті, мойын омыртқалары ерекше жетілді, бас сүйегінің формасы мен көлемінің өзгеруі, ми қабығы клеткаларының күрделенуіне мүмкіншілік туғызды. Бет әлпеті өзгеріске ұшырады. Сөйтіп, адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте-бірте өз табиғатын да өзгертті, біртіндеп оның сана-сезімі де өсе бастады. Еңбекпен айналысу психиканың материалдық негізі, мидың, ми сыңарларының ерекшк дамуына жағдай жасады. Ол психикалық процестерінің мазмұны кеңейіп, адамның сезім мүшелерінің пацда болуына ықпал жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет