СоөЖ. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары



бет5/6
Дата22.04.2020
өлшемі19,93 Kb.
#64247
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
соөж (2)
История, урок №6, дүние тарих ұбт, 4апта
Қаржы полициясы. Қазақстан Республикасының қаржы полициясының органдары:

- заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел іздестіру қызметін;

- алдын ала тергеу және анықтау;

- әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.

2002 жылғы 4 шілдедегі "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Заңның 5-бабына сәйкес қаржы полициясына өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтарын қамтамасыз ету, салықтарды төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу, экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу, қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру міндеттері жүктелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет