Соөж педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)



Дата16.02.2023
өлшемі22,39 Kb.
#168926
Байланысты:
Со ж педагогті психофизиологиялы (индивидтік) ал ышарттары (ны
9-klass-1, Презентация Геосаясаттың өзектілігі Геосаясат

СОӨЖ 1. Педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары).
Проблеманы қарастыру тәсілі 
 
Педагогикалық іс-әрекет субъектісі құрылымының психофизио-
логиялық компонентін қарастыру барысында бірден екі қиындық 
кездеседі. Біріншісі, В.Д. Небылицын көрсеткендей, «жүйке жүйесі 
қасиеттері мен қабілеттердің немесе тіпті олардың элементтері 
арасындағы байланысқа қатысты қаншама бөлшектенген 
гипотезаны құру, сірә, әлі де болса ертерек; ол үшін жүйке жүйесінің 
қасиеттері жөнінде, және қабілеттердің өзі жайлы көбірек білу 
керек» . Екінші қиындық, сондай-ақ, индивидтің белгілі бір 
психофизиологиялық көрсеткіштер мен мінез-құлықы, оның іс-
әрекетінің сипаты арасындағы эмпирикалық айқындалатын тәуелділікті 
байқамау мүмкін еместігінде. Сірә, осы қиындықтардан өту, адамның 
жоғары жүйке іс-әрекеті типінің қандайда бір комплекстік 
психофизиологиялық көрсеткіші мен оның іс-әрекетте, мінез-құлықта 
неғұрлым ықтимал көрінуі арасындағы жалпы байланыстың өзін 
орнатуда болып табылады. Бұл жерде, В.Д. Небылицыннан кейін 
аталған функционалды-мінез-құлықтық проблема жедел  сенімділік 
тұрғысынан ауысады. Бүл В.Д. Небылицын бойынша, «оптималды 
жұмыс өлшемдерінің тұрақты сақталуын» яғни, белгілі бір уақыттық 
кезеңдерде, және де күрделенуші, өзгеруші жағдайда сақталуын 
ұйғарады. Педагогикалық іс-әрекеттің нақ осы көрсеткіштермен 
сипатталатыны анық. 
Педагогтың субъекттік құрылымынң 
психофизиологиялық компоненті 
 
Педагогтың 
субъекттік 
іс-әрекет 
сипатына 
қандай 
психофизиологиялық көрсеткіштер әсер етуі мҥмкін деген сұраққа 
жауап, темпераменттің негізгі қасиеттерін В.С. Мерлин мектебінің 
түсініктемесі бойынша сипаттау негізінде берілуі мҥмкін. Осындай 
қасиеттер ретінде болатындар: сензитивтілік, реактивтілік, белсенділік, 

реактивтілік пен белсенділік ара қатынасы, реакция қарқыны, иілгіштік 


немесе ригидтілік, эмоционалдық қозушылық, экстраверсия немесе 
интроверсия. Мұндай көрсеткіштер ретінде сондай-ақ эмоционалды 
ұстамдылық немесе невротизм бола алады; қабылдаудың талдаулық 
немесе синтетикалық типі; когнитивті стилді анықтаушы аяға 
тәуелсіздік немесе тәуелділік, және жалпы, суреттеуші болғанмен де, 
темперамент типі мінез-құлықтағы жоғары жүйке іс-әрекеті типінің 
көрінісі ретінде болады, яғни күш–әлсіздік, ұстамдылық-ұстамсыздық, 
қозу мен тежеу процестерінің теңесу жылдамдығы көрсеткіштері 
бойынша. Бұл жерде айта кетеін жайт, В.С. Мерлин түсініктемесінде 
жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері ең алдымен, іс-әрекет стиліне
соның ішінде педагогтың даралық стиліне де әсер етеді. Одан кейінгі 
ықпалдардың барлығы жанамаланған.
Осындай функционалды – мінез-қҧлықты байланыстарды орнату-
дың дұрыстығы К. Юнгтың жалпы интроверсияның, соның ішінде 
ойшыл типтегі интроверсия мен мұғалімнің, педагогтың субъекттілік 
ерекшеліктерінің тікелей байланысы жайлы пікірімен мақұлданады. 
«Әрине, – деп жазады К. Юнг, – иррационалды интроверттелген 
типтер мұғалім ретінде мүлтіксіз адамдар емес. Оларға парасат пен 
парасат этикасы жетіспейді...» , деп ары қарай 
жалғастырады: «Жеке, мұғалім ретінде оның әсері аз, себебі оған өз 
оқушыларының ақыл құрылысы белгісіз. Оқу өз негізінде, егер ол тек 
кездейсоқ теоретикалық проблема болып табылмаса, тіпті оны 
мүлдем қызықтырмайды. Ол нашар мұғалім, өйткені оқыту кезінде, ол 
оқытудың мазмұндалуына қанағаттанбай, ол тек оқу пәнін ғана ойлап 
тұрады» 
Жоғарыда айтылғандардан келесі қорытынды жасауға болады:
психофизиологиялық компонент жеткілікті зерттелмеген және 
анықталмағанмен де, ол шынайы бар және болашақта ары қарай зерттеу 
үшін қызықты ретінде белгіленуі керек. Жүргізілген зерттеулер 
негізінде (Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, А.Я. Никонова, Н.А. Аминов. 
С.К. Кондратьева, Л.М. Митина және т.б.) жорамалдауға болатын жайт, 
педагог іс-әрекетінің тиімділігі және оның субъект ретіндегі жайлы 
көңіл күйі басқа тең жағымды ықпалдарда келесілерді қамтамасыз етеді: 
құрылымға енетін барлық – мнемикалық, логикалық, сенсорлық-
перцептивтік және атенциалдық (Б.Г. Ананьев терминдерінде) 
функциялар бойынша  интеллектуалдық дамудың оптималды (жастық 
көрсеткіштер 
бойынша) 
деңгейі; 
дифференциацияның 
жоғары 
көрсеткішімен синтетикалық, тұтастық, аяға тәуелсіздік,

когнитивті 


стиль (Г.А. Берулава); ойлаудың иілгіштігі және конвергенттілігі; 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет