Соөж пән: Қазіргі Қазақстан тарихы Мамандық


ІІ БӨЛІМ 2.1 Тарау. Қазақ ұлттық кино өнері



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі35,33 Kb.
#90372
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ист Досым Г срс 8

ІІ БӨЛІМ


2.1 Тарау. Қазақ ұлттық кино өнері

1991–1997 жж. тəуелсіздіктің алғашқы жылдары отандық кинематография үшін маңызды жылдар болды. Бұл ең алдымен посткеңестік комплекстер мен посттоталитарлық синдромдарды құрту кезеңі болды. Бұл кезеңнің картиналарында кеңестік биліктің орнауы туралы шындық айтылған. Көп жылдар бойы ресми кеңестік идеология айтылмаған, ұжымдастыру кезеңіндегі, Ұлы Отан соғысы, сталиндік репрессия жылдарындағы барлық фактілер осы кезеңнің ең жақсы деген тақырыптарында көрініс тапқан. «Суржекей — ангел смерти», «Жизнеописание юного аккордеониста», «Людоед» фильмдерінде Орталық Азия аймағы халықтарының кеңестік замандағы қайғылы жағдайлары бірінші рет көрсетілген [3].


Тарихи əділеттілікті де қайта қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінді. Кеңестік кинематографиялық тарихнаманың жетпіс жылдығынан кейін Қазақстанның кинематографистеріне өздерінің елдері мен аймақтарының тарихындағы маңызды деген тарихи тұлғалары туралы айтуға мүмкіндік туды, сонымен қатар тарихтың өзгерісті кезеңдері туралы айтуға үлкен мүмкіндік туындады. Мұндай міндетті «Гибель Отрара», «Батыр Баян», «Юные годы Абая», «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу», «Юность Жамбыла» жəне т.б. фильмдерін құрастырушылар алға қойған еді.
Картиналар өз заманының рухы мен көңіл-күйін көрсетеді. 90 жж. екінші жартысынан бастап басқа бағыт басталады — əрбір режиссер мəдени өз тағдырын шешудің жеке өзіндік бағдарын қармалап табуға тырысады. 1998 ж. бастап қазақстандық кинематографияда, киноларда жағымды құндылықтарды орнатуға деген айқын бұрылыс байқалады, жалпы қоғамдағы жағдайдың тұрақтануы жəне отбасының қалыптасуы көріністері фильмдерде орын ала бастайды. Сірə, бұл неге дəл 1998 ж. біздің еліміздің жаңаша тарихындағы өзгерісті кезеңі болғанын түсіндіруге экономистер мен социологтардың алдында тұрған міндет. Бірақ кинематографияда бұл Орталық Азия аймағындағы барлық бес елде бір уақытта тегіс орын алды. Бұған куə — заманауи шындықтың оң бағасын теріске өзгертетін белгілі картиналардың пайда болуы. Жаңаша заманның фильмдерінде айтарлықтай өзгерістер туындады:
Үй мен отбасының жағымды бейнелері қалыптаса бастады. Бір қызығы, барлық негізгі оқиға қаладан дəстүрлі кеңістік — ауыл мен қыстаққа ауысқан. Ғасырлар бойғы халықтың ғұрыптық өмірі мен салт-дəстүріне сүйене отырып, режиссерлар дəстүрлі мəдениеттің ерекше əлемін қайта жаңғырта бастады. Фильмдерде бірнеше ұрпақтардан тұратын — əжелер мен аталар, немерелер мен шөберелер бар үйлесімді отбасылар пайда бола бастады [6]. Мұндай фильмдерді түсініп қабылдай бастады, сонымен бірге, ақыры, біздің шынай өміріміз бен менталитетімізді көрсететін фильмдер түсіріле бастады. Бұған таң қалатын ештеңе жоқ, себебі отбасы қоғамның негізгі əлеуметтік капиталы болған жəне болып қала береді, əсіресе бізде, Орталық Азияда.
Егер 1991–1998 жж. аралығында қазақстандық, Орталық Азиялық кинематографтан ана бейнесі толық жоғалып кетсе, 1998 ж. өзгерістер кезеңі туады. Экрандарда біздің ділімізде маңызды Отан нышаны ретінде ана бейнесі қайта шыға бастайды. Қазақстанда бұл картина Болат Шəріптің «Заманай», Қырғызстанда Актан Абдыкалыковтың «Бешкемпир» мен Марат Сарулудың «Мандала», Түркіменстанда Халмамед К. Жабаевтың «Тоба» картинасы, Өзбекстанда Юсуп Разыковтың «Танец мужчин», Тəжікстанда Джамшет Усмоновтың «Ангел на правом плече» картиналары [7].
1998 жылдан басталған қазақстандық кинематографиядағы ең маңызды өзгеріс — əке бейнесінің өзгеруі. Ол да біртіндеп жүзеге асырылады: өгей əкенің жоқтығы, кейін əлсіз əке пайда болады, ақырында, күшті əке. Тəуелсіздік заманындағы картиналарда ескі кеңестік жүйенің өзі ретінде əке əлсіз, сыртқы əсерге қарсы тұра алмайтын, алқаш немесе өгей əке етіп көрсетіледі.
Бүгінгі таңда қазақ киносы аймақта көшбасшы. Тəуелсіздіктен кейінгі жылдарда киноны мемлекет қаржыландырды. Қазақстанда «Көшпенділер» атты үлкен жоба жасалынды. Мемлекеттік киностудия «Қазақфильммен» қатар, жеке меншік продюсерлік орталықтар жұмыс жасауда жəне онда ауқымды киноөнімдер («Тюльпан», «Рэкетир», «Айнур», «Монгол», «Ближний бой» т.б.) шығарылуда [9].
Жаңа толқын режиссерлары арқасында қазіргі уақытта Қазақстан кинематографы кино əлемінде өз орны бар жəне халықаралық белді кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындар алуда.
Алайда сонғы жылдардағы жеке көзқарасы мен шығармашылықта өз орны бар режиссерлардың кинематографтан кету тенденциясы орын алуда. Серик Апрымов Америкаға кетті, Абай Қарпықов, Бахыт Килибаев, Александр Баранов ресей кинематографының беделін арттырып, Мəскеуде жұмыс істеп жəне сонда өмір сүруде.
Қазақстан киноөндірісі құбылмалы түрде дамып жатыр деп айтуға болады: ойластырылған тақырыптық жоспар жоқ, тарихи жəне заманауи фильмдер арақатынасы тепе-тең емес, жоспарлы фестивальдік жəне көрермендік жетістіктер, жанрлық əр түрлілік жəне т.б. Сондықтан Қазақстан кинематографының ұлттық құрылыс элементі жоқ, тек «Көшпенділер» фильмі Республика имиджі үшін жақсы əсер етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет