Сөз есептер жинағы



Pdf көрінісі
бет37/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
 


96 
 
14.
 
Бірінші  жәшікте  34  кг  алма  болды,  екіншіде  -14  кг  аз,  ал  үшіншіде 
екіншіге  қарағанда  19  кг  көп.  Бірдей  болу  үшін,  әрбір  жәшікке  қанша  кг 
алмадан салу керек? 
 
15.  *Егер  салмағы  35  кг  бірінші  жәшіктен  5  кг  алма  алса,  онда  екінші 
жәшікте сонша болады, ал егер 5 кг алма қосса, онда үшінші жәшіктегідей 
болады. Үш жәшіктің арифметикалық орта мәнін тап. 
 
16. ! Бір бөренені тоқарамен 12 минут кесті, екіншісін 3 минутқа артық, ал 
үшіншісін бірінші мен екіншіні бірге алғандағыдан - 3 есе аз. Егер жұмыс 
жылдамдығы  бес  есе  азайса,  бір  бөренені  қоларамен  кесуге  қанша  минут 
қажет болады? 
 
17. ! Үш балықшы 75 алабұға ұстап алып, балық сорпасын жасады. Бірінші 
балықшы үшіншіге қарағанда екі есе көп алабұға берді, ал екінші біріншіге 
қарағанда  -  4  есе  аз.  Қалған  балықты  олар  өзара  теңдей  бөліп  алғанда, 
оларда  18  балықтан  бодцы.  Балық  сорпасына  әрбір  балықшы  қанша 
балықтан берді? 
 
18.  Кассада  бірінші  сағатта  Астанаға  340  билет  сатылды,  екінші  сағатта  - 
320 билет, ап үшінші сағатта - 330 билет. Кассада сағатына орташа есеппен 
қанша билет сатылды? (310, 320, 330, 340 билет) 
 
19.  ©  Бірінші  сынып  оқушысы  жүз  метрді  24  «секундта,  екінші  сынып 
оқушысы  15  секундта  жүгіріп  өтеді.  Ал  Ғалым  иттен  қашып,  3  секундта 
жүгіріп өтті. Үш оқушы уақытының арифметикалық орта мәнін тап. 
 
20.  ©  Қанатта  384  жабыстырма  болды,  Болатта  Қанатқа  қарағанда  2 
жабыстырмаға көп, ал Ринатта Қанат пен Болаттағыны бірге алғандағыдан 
541  жабыстырмаға  аз.  Егер  олар  бөліссе,  Қанат,  Болат  және  Ринат  қанша 
жабыстырмадан алады? 
 
21. Ең үлкен піл тасбақасының салмағы 400 кг, жайман тасбақасы одан 10 
есе  кем,  ал  теңіз  тасбақасы  кайман  тасбақасынан  30  кг  кем.  Осы  үш 
тасбақаның орташа салмағы қанша? 
 
22.  Үш  африкалық  піл  тәулігіне  -  360  кг  азық,  ал  бес  үндістандық  750  кг 
азық жейді. Пілдер рационының орташа арифметикалық мәнін тап. 
 
23. Бамбуктың бір түрі аптасына 3 м 50 см, ал екінші түрі 4 м 90 см өсті. Екі 
бамбук түрінің бір күнде өсуінің орташа арифметикалык мәнін тап. 
 


97 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет