Сөз есептер жинағы


Сандарды бірнеше бірліктерге арттыруға (азайтуға) арналған есептер



Pdf көрінісі
бет5/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Сандарды бірнеше бірліктерге арттыруға (азайтуға) арналған есептер
 
Жай есептер
 
 
1.  Сауытта  5  қызыл  және  одан  2-ге  көп  жасыл  алма  бар.  Сауытта  қанша 
жасыл алма бар? 
 
2.  Бірінші  қатарда  7  көрермен,  екіншіде  одан  3  көрермен  артық  отырды. 
Екінші қатарда қанша көрермен отырды? 
 
3.  Гүлбағында  7  түймедақ  және  одан  2-ге  көп  гүлкекіре  өсті.  Гүлбағында 
қанша гүлкекіре өсті? 
 


31 
 
4.  !  Автотүрақта  «Нан»  деген  жазуымен  3  жүк  көлігі  және  5  жеңіл  көлік 
түрды. Автотүрақта қанща жеңіл көлік тұрды? 
5.  Антон  бірінші  күні  5  түлкіжем  саңырауқұлағын  жинады,  екінші  күні 
майқұлақ саңырауқұлағының 4-уін артық жинады. Антон екінші күні қанша 
саңырауқұлақ жинады? 
 
6. Сәнияда 10 жабыстырма, ал Сәуледе 5 жабыстырмаға кем болды. Сәуледе 
қанша жабыстырма болды? 
 
7. Сары кесіндінің ұзындығы - 4 см, ал қызылдікі одан 5 см-ге артық. Қызыл 
кесіндінің ұзындығы қандай? 
 
8. Балабақшада үшдөңгелекті 8 велосипед бар, ал екідөңгелекті велосипед 
одан 4-ке кем. Балабакшада қанша екідөңгелекті велосипед бар? 
 
9.  Бақшаның  ұзындығы  6  метр,  ал  ені  одан  2  метрге  кем.  Бақшаның  ені 
қандай? 
 
10. Апам 17 бәліш пісіргеннен кейін, оған тағы 4 бәліш пісіру қалды. Сонда 
апам қанша бәліш пісіреді? 
 
11.  Мектептің  бірінші  қабатындағы  дәліздің  ұзындығы  12  метрге  тең,  ал 
екіншісіндегі  одан  5  метрге  кем.  Екінші  қабаттағы  дәліздің  ұзындығы 
қандай? 
 
12.  Шаянның  10  аяғы,  ал  араның  одан  4-ке  кем  аяғы  бар.  Араның  қанша 
аяғы бар? 
 
13. Бірінші үйде 90 терезе бар, ал екінші үйде одан 10 терезеге аз. Екінші 
үйде қанша терезе бар? 
 
14. Бір машинамен бір күнде 40 т тыңайтқыш, ал екінші күні одан 15 т кем 
әкелінді. Екінші күні қанша тыңайтқыш әкелінді? 
 
15.  Бір  қалада  24  кітапхана  бар,  ал  басқа  қалада  одан  16  кітапханаға  көп. 
Екінші қалада қанша кітапхана бар? 
 
16.  Бір  қорапта  15  кг,  екіншісінде  одан  4  кг  артық  кәмпит  бар.  Екінші 
қорапта қанша кәмпит бар? 
  
17.  Балабақшаның  бір  тобында  27  бүлдіршін  бар.  ал  екіншісінде  одан  3 
бүлдіршінге аз. Екінші топта қанша бүлдіршін бар? 
 


32 
 
18. *Мерекеге 45 қызыл шар сатып алынды, көк шардың қызылдан 5-уі аз, 
ал жасылдың көктен 10-ы көп. Мерекеге қанша жасыл шар сатып алынды? 
19. Құрылысқа 540 т цемент әкелді, ал құмды 120 т-ға аз әкелді. Құрылысқа 
қанша тонна құм әкелді? 
 
20. Қаланың саябақ аумағына 745 ағаш отырғызылды, ал қала сыртына одан 
250 ағаш артық егілді. Қала сыртына қанша ағаш егілді? 
 
21.  **Бірінші  жүйекке  оқушылар  40  көшет,  ал  екіншіге  30  көшет 
отырғызды.  Қай  жүйекке  оқушылар  көп  көшет  отырғызды  және  қаншаға 
көп? (10,70,20, 80 көшетке) 
 
22. **Айман 30 пішінді еске сақтаса, Сәуле 10 пішінді есіне сақтады. Сәуле 
Айманға карағанда канша пішін кем есіне сақтады? (20, 40, 10, 50 пішін) 
23.  **Бассейнде  таңертең  16  топ,  ал  кешке  10  топ  шұғылданады.  Кешкіге 
карағанда танертең канша топ артық шұғылданады? (26, 6, 10, 16 топқа) 
 
24. **Түске дейін бапалар 30 көшет, ал түстен кейін 10 көшет кем суарды. 
Балалар түстен кейін қанша көшет суарды? (20,40, 10, 30 көшет) 
 
25. **Аспанға 10 ұшақ көтерілді және аэродромда 17 ұшақ қалды. Аспанға 
көтерілген  ұшақтарға  қарағанда,  аэродромда  қанша  ұшаққа  көп  қалды? 
(27,7,10,17 ұшаққа) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет