Сөз тіркесіне қарай талдау


 Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру



бет7/8
Дата25.03.2023
өлшемі30,77 Kb.
#173022
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
талдау
Айдана док, Айдана док, Рл 20, 9 семинарр, СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ЖОСПАР, 14-15-16, хирургия экзамен билет, httpsasylarna.kzkknews279, синоним, құрмалас сөйлем, лекси, 2 5291944091481803861, Индуктивті катушка құрылғы бөлшектерінің жұмыс сызбаларын құрастыру және құрама бірліктерінің сызбасын орындау
2.2 Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Тілдік талдау немесе лингвистикалық талдау – тіл бірліктерінің сипаттамаларын, заңдылықтарын, ерекшеліктерін, бөліну жолдарын, бірбірімен байланысу амалдарын ажыратып саралау. Бұл мәселенің күрделілігі – оны оқыту, үйрету әдістемесін, технологиясын қалыптастыруда.
Бүгінгі таңда тілдік талдау үлгілері, тілдік талдауды жүргізу жолдары – назардан тыс қалып келе жатқан мәселе. Себебі тілдік талдаудың қажеттілігі, маңызы мен оны жетілдіру жолдары, оның технологиялық жақтан әдістемелік жолдарын ұсыну толық өз мәнінде шешімін таппай келеді. Бұл мәселенің өзектілігін назарға алып, алғаш тілдік талдауды технологияландыруды ұсынған, бұл жолда жемісті еңбек етіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізген – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н. Оразахынова. Әдіскер-ғалымның тілдік-кешенді талдауды жетілдірудегі «Сатылай кешенді талдау технологиясының» алатын орны ерекше. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл бірліктерінің теориялық мәселелерін сатылы құрылым арқылы үйрететін тұңғыш төл технологиямыз дүниеге келді [7, 12-б.].
Сатылай кешенді талдау технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп бөлмей, тек материалды өте жылдам, баяу қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады.
Сатылай кешенді талдау технологиясының басты ерекшелігі төмендегідей:
– оқу материалдарының жүйелілігі, бірізділігі;
– табиғилығы;
– дағдыға басым бағыт беруі;
– білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
– оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
– оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
– оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігі;
– оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
– ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі.
Қазақстан Республикасы әлемнің білім беру кеңістігінде өз мақсатмұраттарын анықтап алған, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде танылуы үшін оқыту, білім беру жүйесінде көптеген талап-міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Жаңа сапалық білімді қалыптастыру да оқыту үрдісіндегі ғылыми-әдістемелік жетістіктермен байланысты болмақ.
Оқыту үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы білімдік тұрғыдан жан-жақты қаруланған, өмірлік қажеттіліктерін жүзеге асыра алатын дербес интеллект иесін, әлеуметтік тұлғаны қалыптастыру да келелі мәселелердің бірі. Жаттығуларды орындатудағы бірден-бір мақсат тіл дамытумен байланысты болғандықтан, Б. Кәтенбаева «Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар» деген еңбегінде үйренушінің жеке қабілеттерін ескерудің қажеттілігіне назар аудартады да, «Тіл дамыту жұмыстары – оқулықтардағы тілдік материалдар негізінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай, педагогикалық принциптермен тығыз байланыста жүргізілетін практикалық жұмыстар. Оқушының ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру, сөздің мағынасын дұрыс түсініп орынды қолдана білуге тәрбиелеу, сөйлеу, жазу дағдыларын жетілдіру жұмыстарының бәрі де тіл дамыту мәселесіне келіп саяды» [8, 3-б.] деген тұжырымға келеді.
Ал, тіл дамыту жаттығулары сөйлеу дағдыларымен бірге грамматикалық дағдыны да қалыптастырады. «Грамматикалық дағды – сөйлеу-сөйлесу барысында өзі үйренген грамматикалық тұлғаларды дұрыс, қатесіз жұмсай білу қабілетінің қалыптасуы. Грамматикалық дағдыны толыққанды меңгерудің кезеңдерінде тілді үйренуші ең алдымен: а) модельді қабылдайды; ә) аналогия бойынша модельге ұқсас үлгі жасайды; б) өзі білетін үлгіні сөйлеу үдерісінде пайдаланып, сөйлем, тұтас мәтін жасауға ұмтылады» [9, 9-б.]. Яғни сауаттылықты арттыру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыру көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектесетіні анық.
Субъектінің даралық тұлғасы мен ерекшеліктерін ескеру де заман талабынан туындаған қажеттілік. Басқаша айтқанда, жеке тұлғалық ерекшеліктерді назарға алу ұстанымы психологиямен ұштасады. Бұл тұста, Ә. Алдамұратовтың «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы» еңбегі осы жайтты басты нысанға алып, грамматиканы меңгеруде психологиялық фактордың әсерін нақтылап өтеді [10, 21-б.]. Себебі грамматиканы ұғынып-түсінуде шәкірттің көңілі, ынта-зейіні, жас ерекшелігі көбіне-көп ескерілмей жатады. Автор грамматиканы тіл білімінің күрделі салаларының біріне жатқызады да, «грамматикалық қағидалар – белгілі бір жүйедегі заңдылықтар. Ал мұндай заңдылықтар абстракті ой арқылы жалпы сипатта екеніне оқушылар ақыл-ой зердесімен жете түсінбейді. Грамматикалық заңдылықтар адамның ақыл-ой әрекеттері болып табылатын талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру (нәрселер мен құбылыстардың біріне-бірінің ұқсастық, айырмашылық белгілеріне сәйкес ажырата білу), абстракциялау (деректі нәрселердің белгісіне қарап, олардың жалпы, ортақ, мәнді белгілерін ашып көрсету, сезім арқылы танылмайтын қасиеттерін ашып көрсету, жалпылау (бір тектік дара нәрселер мен құбылыстарды тектік жалпылығы кең белгі-қасиеттерге әкеп балау) сияқты операцияларды, ойлау тәсілдерін кеңінен қолданып отыруға жаттықтырып, оларды өрістетуге жете қөңіл бөлінбейді» деп топшылайды [10, 34-б.]. Біз бұл тұжырымды қолдай отырып, айтылған мәселелердің орындалмауының себебі оқыту үрдісіндегі мақсаттылықтың жоқтығы, «Нені не үшін үйретеміз?» деген сұраққа жауаптың табылмауы, ойлау операцияларын дамытушылық міндетінің дұрыс жолға қойылмауы деп нақтылаймыз.
Тілдік талдауды «ізгілендіру» ұстанымы талдауға алынған мысалдардың өміршеңдігін көздеп, үйренушінің дүниетанымын кеңейтуге, рухани жандүниесін байытуға себепкер болуы қажет. Ғалым Л. Ермағанбетованың: «Жеке тұлғаның сапалық көрсеткіштерінің бірі – ізгілік қасиеттердің болуы» [11, 3-б.] деуі де қоғамда өз орнын тапқан, адамгершілігі мол, өзін және өзгені сыйлай алатын ақыл-парасатты тұлғаны тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмес келелі мәселелерінің бірі екендігі анық және бұл қағиданы естен шығармағанымыз дұрыс.
Грамматикалық талдаудың қажеттілігін Ә. Ермеков шәкірттердің сауаттылығын арттыру мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру деп санайды да, грамматикалық талдаудың келесідей келелі міндеттерін көрсетеді:
а) Грамматикалық талдау мұғалімнің үйрететін грамматикалық мағлұматтарын, ережелерін, анықтамаларын оқушыларға жақсы және тез түсіндірудің қолайлы тәсілдерінің бірі болу керек;
ә) Грамматикалық талдау оқушылардың әр түрлі грамматикалық құбылыстарды, қала берді, жалпы тілдік категорияларды талдай аларлық қабілетін арттыруға міндетті;
б) Грамматикалық талдау оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіруді көздеуге, олардың ана тілінен алған білімдерін өмір мүдделерінің талаптарына лайық, саналы пайдалана білуін көздеуге міндетті;
в) Грамматикалық талдау өткенді қайталап, грамматикадан (жалпы ана тілінен) алған білімдерін тұрақты ету бағытындағы өте икемді әдістердің бірі болуға тиісті;
г) Оқушылардың емлелік және тыныс белгілері жөніндегі мағлұматтарын дәйекті түрде тұрақтандыру үшін де грамматикалық талдау қолданылуға тиісті [12, 14-б.].
Сонымен, автордың пікірін түйіндесек, грамматикалық талдауды жүргізуде мынадай қағидалар басты негізге алынады:
1) Тиімділік (оңтайлылық) ұстанымы;
2) Білімді тұрақтандыру ұстанымы мен сауаттылықты арттыру ұстанымы;
3) Логиканы дамытушылық ұстанымы;
4) Білімді өмірмен байланыстыру ұстанымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет