Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы. Сөздердi таптастыруға байланысты алғашқы ғылыми көзқарастың пайда болуы



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі45,2 Kb.
#97726
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Курстық жұмыс.

Пайдаланылған әдебиеттер.



  1. Аханов К. Грамматика теориясының негiздерi. Алматы, 1972.

  2. Мұхтаров С. Қазақ тiл бiлiмiндегi сөз таптастыру теориясының қалыптасуы. Автореферат. Алматы, 1983.

  3. Қордабаев Т. Жалпы тiл бiлiмi. Алматы, 1983.

  4. Виноградов В.В. Русский язык (грамматическое учение о слове), М-Л., 1974.

  5. Хасенова А. Қазақ тiл грамматикасы бойынша зерттеулер. Алматы, 1975.

  6. Қордабаев Т. Қазақ тiл бiлiмiнiң мәселелерi. Алматы, 1991.

  7. Қордабаев Т. Қазақ тiл бiлiмiнiң қалыптасу, даму жолдары. Алматы, 1987.

  8. Байтұрсынов А. Тiл тағлымы. Алматы, 1992.

  9. Жұбанов Қ. Қазiргi қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер. Алматы, 1966.

  10. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. Алматы, 1991.

  11. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1982.

  12. Исаев С. Қазiргi қазақ тiлi сөздерiнiң грамматикалық сипаты. Алматы, 1998.

  13. Оразов М. Көмекшi сөздер. 1 кiтап. Ташкент, 1997.

  14. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. І том. Алматы, 1967.



Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар:
1. семантикалық,
2. морфологиялық,
3. синтаксистік.
Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді.
Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ. Қ.Жұбановтан бастап, кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың барлығы бір ауыздан осы үш принципті атап, оларды бірлікте қолдану керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай принцип жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов семантикалық принципті жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық принципті, үшінші орынға синтаксистік принципті шығарады. С.Аманжоловтың бұл мәселеде Қ.Жұбановпен пікірлестігі көрінеді. А.Ысқақов та үш белгінің де қажеттігін ескере отырып, «кейбір сөз табын анықтау үшін белгінің (принциптің) үшеуі де бірдей қолдануға болса, кейбір сөз таптары үшін я екі белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал егер бір белгіні ғана таяныш етерліктей болса, ондайда тек семантикалық белгі ғана тірек болуға тиіс. Олай болатын себебі – сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі – оның семантикасы» − дейді.
Кезінде негізгі сөздердің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері алынатыны, орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының дамуы барысында лексика-грамматикалық аталған бағыттың көрнекті өкілі В.В.Виноградовтың үлгісін қазақ тілі сөздерін тапқа бөлуде қолдануды ұсынған пікір де болды. 1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы» атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші сөздер, азат сөздер деп үлкен үш топқа

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет