Спорт теориясында ұғымдар үш топқа бөлінеді: бастапқы, функционалды жəне қорытынды (Сурет 1). Бастапқы ұғымдарға спорт жəне спорттық жарыстар енеді



Дата09.01.2022
өлшемі17,55 Kb.
#110481

Спорт теориясында ұғымдар үш топқа бөлінеді: бастапқы, функционалды жəне қорытынды (Сурет 1). Бастапқы ұғымдарға – спорт жəне спорттық жарыстар енеді. Спорт (ағылшын тілінде – «ойын») - шынықтыру жаттығуларын қолдануға негізделген, əлеуметтік мəні бар тəрбиелік, ойындық, жарыстық əрекет. Басқаша сөзбен айтқанда, спорт дегеніміз өзіндік-жарыстық əрекет, оған арнайы дайындық, сонымен бірге осы əрекеттер негізінде қалыптасатын адамдар арасындағы ерекше қатынастар, мінез-құлық нормалары қажет. Спорт ұйымдастыру нысанасы ретінде негізгі деңгейде көріне алады: жоғарғы жетістіктер спорты, көпшілік спорт жəне қосымша спорт. Жоғарғы жетістіктер спорты – жоғары көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордсмендер спорты. Жоғары жетістіктер спорты: əуесқой жəне кəсіпқой спорт деп бөлінеді. Əуесқой спортшылар бір жерде жұмыс істеп, не оқып жүріп бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысатын адамдар. Кəсіпқой спортшыларға спорт түрімен айналысу бір жағынан жетістіктер, жоғары көрсеткіштер көрсету болса, екінші жағынан жұмыс түрі, олар күні бойы жаттығады, сол үшін ақша алады. Оның ұйымдық объектілері: АБЖОРМ (СДЮШОР), ЦОП, ЖСШМ (ШВСМ) жəне құрама топтар. Көпшілік спорт – барлық адамдар қатыса алатын, қатысушылар санына шек қойылмайтын спорт түрі. Мысалы, көп адамдар қатысатын кросс, шаңғы жарыстары т.б. Көпшілік спорты қимыл-қозғалыс белсенділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Оның бағдарламалары – мөлшері негіздерін қорғану жəне белсенді демалыс мəселелерін шешуге бағытталады. Қосымша спорт балаларды сапалы түрде таңдап алуға арналған. Ол машықтанудың тиімді формалары мен дамушы əдістемесін меңгеруге бағытталады. Олардың негізгілері 7 мыналар: арнайы БЖСМ (ДЮСШ), спорттық сыныптар жəне т.б. Спорттық жарыс – спорттық жетістіктерді көрсету, салыстыру жəне бағалау, спорт саласындағы бəсекені белгілі бір түрде реттеп отыру. Спортты анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Жарыс іс-əрекеті – спорттық қызметтің кездейсоқ оқиғасы. Ол спорттың əралуан түрлеріндегі спортшы мүмкіндігінің көрінісін, оған тəн ережелер сəйкестігі мен қозғалыс əрекеттері, жарыстық күрес тəсілдері жəне нəтижелер бағасының мəнін алдын ала ескереді. Бастапқы ұғымдардан келіп спорттық қозғалыс жəне əрекет ұғымдары туындайды. Спорттық қозғалыс – əлеуметтік қозғалыстың ерекше бір түрі – спорт түрлерін құру, дамыту, сақтау, алмасу жəне тұтыну жүйелерінің тарихи қозғалысы, жеке адамды қалыптастыру құралдырының бірі. Тарихи спорттық қозғалыстар спорттың төмендегідей көпшілік (халықтық), резервтегі (негізгі), жоғарғы жетістіктер (үлкен), əуесқой жəне кəсіпқой түрлерін дүниеге əкелді. Спорттық əрекет – адам əрекетінің көп қырлы белсенді жүйесі ретіндегі қимыл-қозғалыс дамуының ең жоғарғы түрі. Осы жерде айта кету керек, жарыстық əрекет спортшының жарыс ережесі мен амалдарына сəйкес спорттың барлық түрлерінде өз мүмкіндіктерін көрсетуін жəне бағалауын қарастырады. Функционалды ұғымдарға спорттық дайындық, спорттық машықтану жүйесі жатады. Спорттық дайындық – спортшының машықтануы, оның жарысқа қатысуын қамтитын, машықтану жəне жарыс жүйесін ғылыми-əдістемелік жəне материалдық тəсілдік жағынан қамтамасыз ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасайтын көпжақты жүйе. Бұл ұғыммен келіп спорттық дайындық жүйесі жəне мектебі ұғымдары туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет