Спортпен шұғылдану деген міндетті түрде спорттық жеңіске жету деген мақсат емес, денсаулықты сақтау, организмді дұрыс қалыптастыру, демек, ұзақ өмір сұру денені шынықтыру мақсаты болу керек



бет4/5
Дата15.03.2022
өлшемі78,65 Kb.
#135498
1   2   3   4   5
Байланысты:
Адам құрылымының биомеханикалық ерекшеліктері
1
Қозғалыс– материяның өмір сүру тәсілі, материяға тән қасиет, атрибут.материя қозғалысы жөніндегі ілім бүкіл филос. Тарихы бойы дамып қалыптасты. Қозғалыстың жалпылығы, абсолюттілігі, табиғаттың дамуы мен өзгергіштігі жөніндегі идея ежелгі Қытай,Үнді және Греция философияларында өріс алды, ежелгі Қытай философы Лао-цзы дүниеде мызғымас қозғалыссыз, өзгермейтін ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгеруде, қозғалуда, дамуда болады. Біреулері ілгері басқанда, екіншісі оған ілесуде, біреулері құлпыруда болса, екіншілері қатып-сенуде, біреулерінің күш-қуаты арта бастаса, екіншілері әлсіреп шөге бастайды деп түсіндірді. Ежелгі грек философтары Фалес, Анаксимен, Гераклит заттардың бастапқы материялық негіздері – су, ауа, от - үздіксіз өзгерісте, мәңгі қозғалыста болады деп санады. Гераклит дүниеде мызғымастай тұрақты ештеңе жоқ, қозғалыстың қайнар көзі қарама-қарсылық дейді. Демокрит пен Эпикур материяның атрибуты қозғалыс деп саналады. Аристотель қозғалысты білмек табиғатты білмеуге әкеліп соғады дейді. Қозғалыс жөніндегі ілімді 17-18 ғ. философиясы мен жаратылыс тану ғылымдары одан әрі дамытты. Бұл дәуірде жер бетіндегі денелер мен аспан денелері механикасының қалыптасуы мен математикалық қалыптасуына байланысты кейбір ғалымдар механикалық қозғалысты табиғаттағы барлық құбылыстың себебі, ал механика барлық білімге негіз бола алады деп түсінді. Бұл концепцияның жаратылыс танудан философияға ауысуына байланысты механистік көзқарас қалыптасты. Декарт қозғалыс дегеніміз материяның бір бөлігінің немесе бір дененің өзіне жанасып тұрған басқа денелермен орын алмасуы десе, Гоббс қозғалысты үздіксіз орын ауыстыру, яғни денелердің бір орыннан екінші орынға үздіксіз көшіп отыруы дейді. Франц. Материалистері қозғалыстың басқа формаларын мойындаумен бірге, қозғалыстың барлық түрлерінің негізі, ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс деп түсіндіреді. Сол замандағы материалист-философтар әсіресе Дж.Толанд, 18 ғасырдағы франц. материалистері қозғалысты материяға тән өзіндік қуат, ажырамас қасиет деп, материяның белсенді қасиеті жөніндегі идеяны дамытады. Тіпті материяны қозғалыссыз түсіндірудің өзі мүмкін емес деген Дж.Толандтың тұжырымын, Гольбах қозғалыс дегеніміз материяның ішкі мәнінен, қажеттіліктен туатынын айтып, оның өмір сүру тәсілі, құдіреттің алғашқы түрткісі деген идеясына үзілді-кесілді қарсы шығады. Қозғалыс жөніндегі ілімінің дамуына Гегель идеяларының маңызы зор болды. Жаңа заман философиясына Гегель тұңғыш рет метафизиктер иен механистердің көзқарасына қарсы шындықты идеалистік тұрғыдағы процесс деп қарап, дүниені үздіксіз қозғалыста, өзгерісте, дамуда болады деп түсіндірді. Гегель үшін қозғалыс денелердің кеңістіктегі жылжып орын ауыстыруына ғана емес, - «даму», «өміршеңдік», «әрекетшілдік», «қозғыштық», «жанданушылық». Қайшылық қандай да болсын қозғалыс пен өміршеңдіктің негізі, бірдеңе тек өз-өзіне қайшылықта болғанда ғана өздігінен қозғала алады және тек сонда ғана ол өміршеңдікке ие бола алады дейді. Гегель қозғалыстың жалпы заңдылықтарын терең талдап ашқанымен, оның диалектикасының идеализмге негізделуіне байланысты қозғалыс жөніндегі ілімінде мистикалық сарын басым болды. Қозғалыстың ішкі мәнін ашуда әсіресе 19 ғасырдың 40 жылдары ашылған энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, организмнің клеткалық құрылысы жөніндегі теориясының мәні зор болды. Сонымен қатар қоғамдық өмірдегі күрделі өзгерістер: буржуазия мен пролетариат арасында таптық тартыстың шиеленісуі, жаратылыс тану ғылымдарының жаңалықтары мен қоғамдық өмірдің қайшылықтарын талдау және оны жете зерттеп, қорытудың нәтижесінде К.Маркс пен Ф.Энгельс қозғалыс жөніндегі диалект. материалистік ілімді қалыптастырды. Диалект. тұрғысынан алғанда қозғалыс ұғымы кеңістіктегі қарапайым орын алмастырудан бастап, ойлауға дейінгі әлемдегі болып жатқан барлық өзгерістерді, процестерді қамтиды. Қозғалыс пен өзгеріс, өрлеу, алға басу, прогресс, кері кету, регресс ретінде де болуы мүмкін. Ілгері басқан прогрестік қозғалыстың материялық объектілердің қарапайым түрлерінен күрделі формаларына көшуін, төменгі сатыдан жоғары сатыға өрлеуін даму деп атайды. Сондықтан өзгеріс дамуға қарағанда кең, жалпы ұғым. Диалект.материализм – қозғалыстың нақты түрлерінің қандайының болса да қайнар көзі дүниедегі барлық объектілерге тән процесс, нышан, қарама-қарсы жақтардың өзара күресі мен қайшылықтарының шешілуі. Диалект материализм тұңғыш рет қозғалыс пен материяның бірлігі жөніндегі идеяны терең талдап дәлелдеді. Ф.Энгельс қозғалыс жөнінде былай деп жазды.: «Қозғалыс дегеніміз материя болмысының формасы. Қозғалыссыз материя деген еш жерде, ешқашан да болған жоқ және болуы мүмкін де емес... Материясыз қозғалыстың мүмкін болмайтыны сияқты, қозғалыссыз материяның болуы да мүмкін емесе. Сондықтан материяның өзі сияқты қозғалысты жасау, бұзуға келмейтін нәрсе». Энергияның сақталу және айналу заңы материя қозғалысының жойылмайтындығының ғылми танымдық дәлелі болып табылады. Бұл заң бойынша дүниеде қозғалыс формаларының қандай да болсын өзгерісінен қозғалыс өлшемі, энергияның шамасы тұрақты, өзгеріссіз күйінде сақталады. Энергия жаңадан жасалмайды, сарқылмайды, тек бір түрден екінші түрге ауысып, бір объектіден екінші объектіге алмасу арқылы формасын ғана өзгертіп отырады. Қандай да болсын қозғалыс уақыт пен кеңістікте болады. Кеңістік пен уақыт – относительдік теориясы бойынша қозғалыстағы материяның бір тұтас өмір сүру формасының тек сырт көрінісі және қозғалыс пен материяның ажырамас формалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет