Сұрақтар Мәдениеттау ғылымы


Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны



бет3/4
Дата26.12.2021
өлшемі14,1 Kb.
#105844
1   2   3   4
Байланысты:
Сұрақка жауап

3.Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны

Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік тағы басқалары) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметгік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді.

Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын аңықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және тағы басқалары ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет