Стан археологиясы



бет151/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org
annotation78676
Қосымшалар
Археология ғылымында қолданылатын негізгі терминдер сӛздігі 


Аверс – тиынның оң беті; монетаның, медальдың беткі жағы.

Австралопитек – «оңтҥстік маймылы» - адамның ең ежелгі және жабайы
тҥрі. Африкадан табылған. Мерзімі шамамен 5,5-1 млн. жылдар аралығында. 


Айван/айуан – ҥлкен текше ойығы кҥмбезбен жабылған қасбет.

Ақинақ – екі жҥзді скиф-сақ қанжары. Ҧзындығы әдетте 40-50 см шамасында.

Аллювий (лат. Alluvіo — шайма, тосқын) — ӛзен аңғарларында тау
жыныстары ҥгінділерінің жиналуынан пайда болатын борпылдақ шӛгінділер 
(малтатас, қиыршықтас, қҧм, т.б.).

Амфора – екі ҧстағышты мойынды келген ыдыс. Әдетте тҧрқы ҥлкен, бҥйірі
кең, мойыны тар болып келеді. 


Ангоб – ыдысты жҧқа саз балшықпен бетін тегістеу және эстетикалық
кейіпке салу ҥшін жабу. 


Антропогендік кезеңадам пайда болып, оның шаруашылық әрекеті
табиғаттың бейнесін ӛзгерте бастаған тӛрттік дәуір. 


Антропоморфты (адам бейнелі) – әлдебір тіршілік иесінің немесе
жануарлардың суреті, онда адам кейпі, жан-жануарлардың келбеті, сҧлбасы 
қосыла бейнеленеді.

Аң стилі – ерте темір дәуіріндегі жан-жануарлар, хайуанаттар бейнелерін
шаруашылық-тҧрмыстық бҧйымдарға, т.б. салу немесе тҥсіру.


Ареал (лат. area — жер, кеңістік) — жер бетінің жануарлар мен ӛсімдіктердің
белгілі бір тҥрлері тіршілік ететін аймағы. Археологияда ежелгі адамзат 
мекен еткен аймақтар мен ӛңірлерге де қолданылады.

Аридтік климат (лат. arіdus — қҧрғақ) — атмосфера ылғалдылығы
жеткіліксіз жағдайда (қуаң, шӛлді және шӛлейтті ӛңірлерде) қалыптасатын 
климат.

Артефакт — адамзат қолымен жасалған зат, бҧйым.

Археологиялық кешен – археологиялық нысандардың жиынтығы.

Ассимиляция – бір халықтың ӛзге халық тілін, мәдениетін, әдет-ғҧрпын
меңгеріп, қҧрамына сіңісіп кетуі. Археологияда кӛбіне бір мәдениет 
белгілерін басқасының ығыстырып шығаруы немесе ӛзара кірігуі.

Бадраб, бадрап – ортағасырлық қалаларда қоқыс тӛгілетін орын.

Бифас — екі шеті ӛңделген қҧрал.

Бойтұмар – зҧлым кҥштерден қорғайды, тылсым кҥшке ие деп есептелінген
қасиетті зат. 


Глазурь – керамикалық бҧйымдар мен әшекейлерге жағылатын шыны тәрізді
жабын, ол заттың беріктігін арттырған, ылғалдан сақтаған. 


Голоцен — геологиялық кезең. Шамамен осыдан 12-10 мыңжылдық бҧрын
плейстоценнен кейін қалыптасқан тӛрттік бҥгінгі тҥзілімдер. 


Граффити – жартасқа, баспана қабырғасына, қыш ыдыстарына салынған
фигуралар, суреттер немесе жазулар. 


Дандана – қырынан бір қатар етіп қойылған кірпіш қаландысы.

Дастархан – саз балшықтан кҥйдіріліп, дӛңгелек етіп жасалынған жозы.




389


Дәнүккіш – бидайды, т.б. дақылдарды ҧнтақтауға арналған қҧрал.

Дәстүр – артефакт тҧрпатының сипатына қарай идентификациясы
жасалатын тҧрақты технологиялық немесе мәдени қҧрылым.


Денудация – тау жыныстарының бҧзылу процестерінің жиынтық атауы және
табиғи кҥштер (су, жел т.б.) әсерінен олардың тӛмен сырғуы, жылжуы. 


Дефляция – тау жыныстарының табиғи кҥштер әсерінен бҧзылуы, ҥнілуі,
ӛзгерістерге ҧшырауы. Қуаң аймақтардағы ескерткіштердің жас шамасын 
анықтауда палеолиттанушылар тас қҧралдарының сыртқы қабатындағы
ӛзгерістерге сҥйенеді. 


Дромос – обаға арнайы жасалған дәліз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   158




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет