«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы



Дата17.08.2022
өлшемі38 Kb.
#148117
түріҚұрамы
Байланысты:
История кафедры СиС -2020
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, на сайт гот, репина док, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы, мамандық бағыт бойынша мамандар дайындауды 1999 жылдан бастаған кафедра жұмыс жасап келеді. «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі Бекибаев Нұрмағанбет Сейтмаханбетович, ал 2011 бастап Тулекбаева Айжамал Конисбаевна қазіргі уақытқа дейін жұмыс атқарып келеді. Қазіргі уақытта 16 оқытушылар мен профессорлар құрамы жұмыс атқарады, олардың iшiнде 1 т.ғ.д., профессорі, 5 т.ғ.к., доценттер мен 2 PhD докторлары және стандарттау, сертификаттау және метрология бағытындағы 6 магистрлер және 1 инженер, 1 зертхана меңгерушісі, 1 жоғары білікті маман лаборанты жұмыс істейді. Кафедрада зертханалық жұмыс яғни вертуалдық және метрологиялық және электрондық өлшеулер құрғыларымен студенттермен бірге тәжірибе жасау барысында оқытушылар құрамы жұмыс жасайды.


Кафедраның 4 жас оқытушылары жақын және алыс шетелдердегі жетекші ЖОО ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін «Болашақ» Президенттік шәкіртақы байқауына қатынасып оның иегерлері аталынды. 2017 жылы кафедраның оқытушысы PhD докторы Қалдыбаева Ботагоз Мырзахметовна «ЖОО үздік оқытушысы 2017» республикалық байқауына қатысып оның иегері атанды.
Кафедрада Ресейдің Беолруссияның, Болгария Республикасының жетекші ЖОО тығыз байланыс орнатылған: Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен, Мәскеу сынау және сараптау институтының «Өнімдерді сертификаттаудың физика-химиялық әдістері» кафедрасымен, Белорус мемлекеттік технологиялық университетімен және Болгария Республикасының Пловдив қаласындағы Тамақ технологиясы университетімен келесідегідей ғылыми бағыттағы байланыстар орнатылған: түрлі менеджмент жүйелерін зерттеу және әзірлеу, сынаудың физика-химиялық әдістерін дамыту, табиғи және жасанды нысандардың қасиеттерін өлшеу; тамақ қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер, жүргізілген зерттеулер нәтижесі негізінде түрлі нормативтік құжаттар әзірлеу.
Кафедрада екі мамандық бойынша «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» және 2019 жылдан бастап ашылған Метрология мамандығы бойынша бакалавр және магистранттарды даярлайды.
Бітіруші түлектер түрлі ұйымдар мен өндірістік кәсіпорындарда жауапты қызметтер атқарады: Убайдин Ұлықбек -Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті Әскери және арнайы қамтамасыз ету басқармасының геральдика, стандарттау және сапа тобының сарапшысы, Бейсеев Сакен Анурабекович - ҚР техникалық реттеу және метрология Комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология» институты РМК Шымкент Түркістан Филиалының директоры және тағыда басқа салалар бойынша бітірген мамандарымыз жұмыс жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет