Стехиометрия заттардыңарасындағымассалықжәнекөлемдікқатынастардықарастыратынхимияныңбөлімі. «Стехиометриялықмөлшер»


Төртінші топтың р-элементтері туралы түсінік Титан



бет58/93
Дата26.01.2022
өлшемі302,24 Kb.
#129907
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   93
Байланысты:
химия жауаптар емтихан

71. Төртінші топтың р-элементтері туралы түсінік Титан (латын. Tіtanіum) — элементтердің периодтық жүйесінің IV тобындағы хим. элемент, атомдық нөмірі 22, атомдық массасы 47,88. Табиғатта массалық саны 46 – 50 болатын 5 тұрақты және жасанды жолмен алынған 5 радиоактивті изотоптары бар. Титанды алғаш ТіО2 түрінде ағылшындық әуесқой-минеролог У.Грегор ашқан (1790). 1795 ж. неміс химигі М.Г. Клапрот (1743 – 1817) Грегор тапқан “менакит” элементі металдың табиғи тотығы ТіО2 екендігін анықтады, ал таза күйіндегі титанды нидерландық зерттеушілер А. ван Аркел мен де Бур алды (1925). Бос күйінде кездеспейді, тек оксидтер түрінде болады.

Титан кең тараған элемент, жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,57%. Құрамында титаны бар 70-тен астам минералдардың ішіндегі ең маңыздылары: рутил (оның түрөзгерістері анатаз бен буркит), ильменит, титаномагнетит, перовскит, лопарит, титанит (сфен), лейкоксен.

Түсі күмістей ақ, созылғыш және берік; 882°С-тан төмен температурада кристалдық торы гексагональды тығыз жинақталған (°-Ті), одан жоғары – кубтық көлемді орталықтандырылған (°-Ті); тығызд. 4,505 г/см3 (°-Ті) және 4,32 г/см3 (°-Ті), балқу t 1668°С, қайнау t 3330°С. 

Цирконий — күміс түсті ақ метал, балқу t 1852 °C, қайнау t 3580 — 3700 °C. Таза күйінде Цирконий пластик. және оңай өңделеді. Цирконийдің ең бағалы қасиеті — коррозияға, хим. агрессивті ортаға тұрақтылығы. Қосылыстарындағы тотығу дәрежесі +4. Галогендермен әрекеттесіп галогениттер (ZrГ4), фосформен қосып қыздырғанда дифосфид ZrР2, бормен 1500°С-тан жоғары температурада боридтер түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет