Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері



бет2/7
Дата13.12.2021
өлшемі151,49 Kb.
#126073
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоғары педагогика 12семинар
7 сынып әдебиет сор , Лекция-1599219860351, Әдебиеттік оқу 1-бөлім 3-сынып оқулық, Әдебиеттік оқу 1-бөлім 3-сынып оқулық, (Д.тарих 2топ), Сейдазимова Енлик гылыми тарих, feetprints copy
Курстық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар

СОЗЖ (жекелеген оқу орындарында)

Жобалар, СӨЖ, МӨЖ

Жобалар, СӨЖ-тар жұмыстар көбінесе ІІІ-ІV курстарда жетекші оқу пәндері бойынша орындалады. Бұл теориялық немесе тәжірибелік-эксперименттік сипатқа ие алғашқы өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Егер І курс студенті ғылыми үйірмелердің бірінде жұмыс атқарса, оның үйірмелік жұмыс тақырыбы жоба тақырыбына алмасуы ғажап емес. Бұл жағдайда өзіндік жұмыс тұрақты және фундаментальды сипатқа ие болады. Студенттер СОЗЖ-ның бұл түрін сәйкес кафедралар белгілейтін оқытушылар басқармасымен орындайды. Олар жоба жұмысты қорғау үшін кішігірім комиссия құрайды. Жоба зерттеуін жүргізе отырып, студенттер ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді, таңдалған мәселенің өңделуін зерттеуге үйренеді.

Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы мазмұны және мәні бойынша сипаты әртүрлі. Бірқатар жағдайларда жоба жұмысы дипломдық жұмыстың параграфы немесе бөлімі болып, зерттеуді жоғары деңгейде жүргізуге талпыныс береді. Дипломдық жұмыс кейбір жоғары оқу орындарында СОЗЖ-дың міндетті формасы болып табылмайды, мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес олар орындалмай, мемлекеттік емтихандармен алмастырыла алады. Дегенмен техникалық жоғары оқу орындарында оқу жоспарына міндетті түрде дипломдық жобаны дайындау да кіреді.
  • Бітіртуші кафедралар дипломдық жұмыс иегерлерін ғылыми басқаратын оқытушыларды белгілейді. Олар студентке тақырып таңдауға, дипломдық жұмыстың құрылымын жасауға, дипломдық зерттеуді өткізу жоспарын орындауға көмектеседі. Дипломдық жұмыс тақырыбы және ғылыми жетекші сәйкес кафедрамен, сонымен бірге факультет кеңесімен бекітіледі. Дипломдық жұмыстың орындалуы 1-1,5 жыл ішінде орындалады және бірқатар сатылардан өтеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет