Студенттеріне арналған


Студенттердің өздік жұмысының мазмұны



бет3/4
Дата08.06.2018
өлшемі0,51 Mb.
#41163
1   2   3   4

10.3 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны

СӨЖ сипаттамасы

5В050900 «Қаржы» мамандығы күндізгі орта кәсіби білім негізінде оқу нысаны 2011 ж.т.


р/с


СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

18

2

Практикалық сабақтарға дайындалу, үй жұмысты істеу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу, ауызша сұрақтау

18

3

Аудиторлық сабақттың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект. Курстық жоба

КЖ дайындау және оны қорғау. Конспекті тексеру

27

4

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ, тест сұрақтарына жауап беру

27

Барлығы:

90

Бақылау шараларының тақырыптық жоспармен және күнтізбелік кестесімен сєйкес пәнді игеру барысында Сіздер келесі дәрісханадан тыс жұмысты орындауға тиіссіздер:



  • әрбір тәжірибелік жұмысқа дайындалу, яғни үй тапсырмаларын орындау;

  • міндетті, бірақ дәрісханалық материалға кірмеген пән тақырыптарын және оған конспектілерді даярлау.

Тәжірибелік жұмысқа арналған тапсырмалар мен пән бойынша қосымша материалды талқылау, орындау талаптары және оларды дайындаудың әдістемелік нұсқаулары алдыңғы сабақта беріледі.

СӨЖ орындау мерзімі сабақ кестесімен сәйкес өзгереді.


І БӨЛІМ. Банктiк қызметтi ұйымдастыру негiздерi
1) 1-тақырып. Қазақстан Республикасында банктер қызметтерiнiң құқықтық негiздерi

Коммерциялық банктердiң олардың тарихи даму көзқарасына байланысты мәнi. Банктiң мәнi жайлы қазіргi кездегi түсiнiктер. Банктiң ерекше кәсiпорын ретiндегi сипаттамасы. Банк банктiк жүйенiң элементi ретiнде.

Коммерциялық банктердің негiзгi функциялары: депозиттiк, несиелiк, төлемдер мен есеп айырысуларды жүргiзу, несие берудегi делдалдық. Коммерциялық банк қызметiнiң қағидалары.

Банктердiң типтерi: әмбебап және мамандандырылған. Әмбебап банк және оның даму тенденциялары. Банктердiң меншiк формасына, қызмет көлемi мен саласына, филиалдар саясатына, қызмет көрсету саласына байданысты типтерi.

Коммерциялык банктiң басқару аппаратын құрудың ұйымдастыру негiздерi. Банк ұйымдастырудың қағидалары. Банктiң басқару аппаратының құрылымы. Коммерциялық банктердiң ұйымдастырушылық құрылымы: географиялық, функционалдық, пирамидалық, ходдинг.

Банк жүйесi. Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң құрылымы.

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң жалпы сипаттамасы.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [3,4].
2) 2-тақырып. Банктер қызметтерінің құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасында банк кызметтерiн реттейтiн заңдар мен нормативтiк құжаттар. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы», «Акционерлiк қоғамдар туралы», «Мемлекеттiк тiркеу туралы», «Лицензиялау туралы», «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [5,6].


ІІ БӨЛIМ. Банктiк операцияларды қорландыру және қорларды басқару.
3) 3-тақырып. Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару. Пассивтi операциялар. Банктiң меншiктi капиталы. Банктердi пруденциалдық реттеу

Банктiк ресурстар қалыптасуының мәнi мен ерекшелiктерi. Ресурстардың көздерi. Коммерциялық банктердiң меншiктi, тартылған және қарыз құралдары. Банк пассивтерiнiң жiктелуi. Қазiргi кезеңдегi банк ресурстарының қалыптасу бағыттары, капитализациялану жолдары.

Банктiң меншiктi капиталы — банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлiгi. Банктiң меншіктi капиталының құралу көздерi және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегi ролi. Меншiктi капиталдың құрамдас бөлiктерi. Жарғы капиталы және акционерлiк капитал. Қосымша капитал. Резервтiк капитал және банктi қайта бағалау резервтерi. Банктiң үлестiрiлмеген таза табысы.

Меншiктi капиталды басқару және жоспарлау. Банк капиталын қалыптастыру тәсiлдерi. Меншiктi капиталдың көбею көздерi. Капитал өсiмінiң iшкi көздерi: пайданың жиналуы, дивидендтiк саясат, негізгi құралдарды қайта бағалау. Капитал өсiмінiң сыртқы көздерi: акцияларды эмиссиялау және сату. Субординациялық мiндеттемелер шығару, активтердi сату және жылжымайтын мүліктi жалға беру, бонустық эмиссия, акцияларды қарыз бағалы қағаздарға ауыстыру.

Коммерциялық банктiң меншiктi капиталының функциялары: шұғылдық, қорғаныс-кепiлдiк, реттеушi, айналым, резервтi.

Банктiң меншiктi капиталын халықаралық стандарттарға байланысты реттеу.

Банк капиталының жеткiлiктiгi. Капитал жеткiлiктiгiне қазiргi кездегi талаптар.

Базель келiсiмi және банк қызметiн пруденциалдық реттеп ұйымдастырудың қағидалары.

Прудеациалдық реттеудiң қажеттiлiгi, мәнi және негiзгi қағидалары. Қазақстан Республикасындағы пруденциалдық нормативтер жүйесi. Банктiң жарғы капиталының ең төменгi мөлшерi. Банктің меншiктi капиталы. І, II және ІІІ деңгейдегi капитал. Банктiң меншiктi капитал жеткiлiктiгiнiң коэффициенттерi. Банктi секьюритизациялау кезiндегi меншiктi капитал жеткiлiктiгiнiң коэффициентi. Бiр қарыз алушыға келетiн тәуекелдiң шектi мөлшерi. Өтiмдiлiк коэффициенттерi. Ашық валюталық позиция және нетто-валюталық позиция лимиттерi. Банктiң негiзгi құралдары және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының шекті мөлшерiнiң коэффициентi. Банктердiң Қазақстан Респубдикасының резиденттерi емес тұлғалардың алдындағы міндеттемелерiне капитализациялау коэффициенттерi.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [3,4].
4) 4-тақырып. Коммерциялық банктердiң депозиттiк портфелi және депозиттiк саясаты. Салымдарды қорғау жүйелерi, ұйымдастыру: халықаралық және ұлттық тәжiрибе

Депозиттiк операциялардың мәнi және түрлерi. Депозиттердiң жiктелуi. Басқа шоттарды трансакциялау түсiнiгi. Талап етуге дейiнгi салымдар, олардың негiзгi сипаттамалары. NOW-шоттар. Супер NOW-шоттар. Куәландырылған чектер шоттары. Мерзiмді депозиттi шоттарға аударуға болатын талап етуге дейiнгi шоттарда сақталатын құралдар үлесiн есептеу.

Жинақ және мерзiмдi салымдар. Ақша нарығының депозитті шоттары. Құралдарды автоматты аудару шоттары. Жинақ сертификаттары. Аударылатын және аударылмайтын депозиттiк сертификаттар.

Коммерциялық банктiң депозиттiк портфелi және оны қалыптастыру және басқару ерекшелiктерi.

Коммерциялық банктiң депозиттiк саясаты. Қазақстанда депозиттер нарығының дамуы: проблемалары және шешу жолдары.

Қазақстан Республикасындағы депозиттiк нарықтың ерекшелiктерi.

Салымдарды сақтандыру жүйесін ұйымдастырудың мәнi мен қажеттiлiгi. Салымдарды сақтандыру жүйесiнiң түрлерi. Депозиттiк сақтандыру жүйелерiнiң жiктелуi: коммерциялык банктердiң қатысуына, талаптардың сипатына, құқықтық реттеуге, сақтандыру объектiн қамтуға, функционалдық органдарға меншік формасына, төлемдер ставкаларын белгiлеу қағидаларына, сақтандыру төлемдерiн қаржылық қамтамасыз етудегi мемлекеттiң қатысу дәрежесiне байланысты. Банк банкроттығына рұқсат беру процедурасына байланысты депозиттiк сақтандыру жүйесiнiң мүмкiндiктерi.

Салымдарды сақтандырудың шетелдік тәжiрибесi. Еуропалық Кеңес және Америка елдерiнiң депозиттiк сақтандыру жүйелерiнiң салыстырмалы сипаттамасы.

Жеке тұлғалардың салымдарын кепiлдендiрудiң Қазақстандық қоры және оның қазiргi кезеңдегi қызмет ету ерекшелiктерi. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепiлдендiру жүйелерiнiң қызмет ету ережелерi. және оған ҚР екiнші деңгейдегi банктерiнiң қатысуы. Жеке тұлғалардың салымдарын мiндетті ұжымдық кепiлдендiрудің ережелерi. Жеке тұлғалардың салымдарын мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудiң Қазақстандық қор резервiнiң қалыптасу ерекшелiктерi. Қорға жасалатын аударымдар нормалары. Қор талаптарын орындамаған банктерге арналған шаралар. Төлемдер бойынша шектеулер түрлерi. Сақтандырылған депозиттер бойынша сыйақылардың жоғарғы ставкалары. Таратылған банктердiң салымшыларының төлемдерiнiң жағдайлары мен ерекшелiктерi.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [7,8].
5) 5-тақырып. Банктiк операцияларды қорландырудың депозиттiк емес көздерi. Коммерциялық банктiң мiндеттемелер портфелiн басқару

Коммерциялық банктердің депозитке жатпайтын қаражаттарды тарту мақсаты және ондай қаражаттарды банк өтiмдiлiгiн қамтамасыз етудегi рөлі. Несиелiк ресурстар нарығынан қарыздар алу. РЕПО мәмiлелерi. Банктiк акцепттердi сату. Коммерциялық қағаздарды шығару. Евродолларлар нарығынан қарыздар алу. Ноталар мен облигациялар шығару. Субординациялық қарыздар және олардың коммерциялық банктердiң ресурстық базасындағы ролi.

Қазақстан Республикасында депозиттiк емес ресурстарды тартудың әлемдiк тәжiрибесiн қолдану мүмкiндiктерi.

Банкаралық несиелер және олардың ресурстық база қалыптастырудағы ролi. Несиелiк ресурстардың банкаралық нарығы. Қазақстан Республикасында банкаралық несиелер нарығы дамуының негiзгi тенденциялары. Қазақстан Республикасында несиелiк ресурстардың банкаралық нарығының даму проблемалары.

Синдикаттық қарыздардың мәнi және қажеттiлiгi. Банктiк синдикаттардың түрлерi. Синдикаттық қарыздарды беру тәртiбi. Мүмкiндiктi объектiлерi және несиелеу жағдайлары. Синдикаттық келiсiмдердiң мазмұны мен формалары. Синдикаттық қарыздарды өтеу тәртiбi. Синдикаттык несиелеудiң проблемалары және перспективалары.

Коммерциялық банктердiң облигацияларды шығаруы. Облигациялық қарыздарды эмиссиялау және өтеу тәртiбi мен жағдайлары.

Коммерциялық банктердiң пассивтерiн басқару. Ұлттык банк тарапынан пассивтердi басқару. Несиелiк, валюталық және бағалы қағаздар нарығындағы операциялар, олардың мәнi және ҚР Ұлттық банк тарапынан пассивтер көлемiн реттеудiң тәсiлдерi.

Банктiң мiндеттемелер портфелiн басқару. Пассивтi операциялардың тәуекелдерi: олардың мәнi, түрлерi және жiктелуi. Тәуекел деңгейiнiң артуына ықпал ететiн факторлар. Меншiктi капитал қалыптастырумен және капитализациялаумен байланысты тәуекеддер. Депозиттiк тәуекел және оны азайту тәсiлдерi. Қаржыландыру тәуекелдерi.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [7,8].


ІІІ БӨЛIМ. Банк актиатерiн басқару
6) 6-тақырып. Банк активтерiн қалыптастыру және басқару тәсiлдерi: олардың сапасы және құрылымы

Банк активтерiнiң мәнi мен құрылымы. Активтердiң сапасы. Активтердi басқарудың түсiнiгi және экономакалық мазмұны.

Активтердi басқарудың мақсаты мен қағидалары. Банк активтерi: құрамы және мазмұны, топтастыру және өтiмдiлік дәрежесi, орналастыру саясаты. Бiрiншi және екiншi кезектегi активтер. Активтердiң жағдайын, сапасын және тәуекелдерiн бағалау. Активтердiң мақсатына сай құрылымы және сапасы. Активтердi басқарудың тәсiлдерi мен әдiстерi. Рейтингтердi анықтау.

Активтердi басқарудың халықаралық тәжiрибесi. Активтердi секьюритизациялау (қауiпсiздендiру). Активтер портфелiн басқаруды опимизациялау.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [7,8].


7) 7-тақырып. Несиелеу жүйенiң элементтерi Және несиелік процесс

Несиелеу объектiлерi және несиелiк қатынастар субъектiлерi. Банктiк несиелердiң жiктелуi. Банктiк несиелеудiң принциптерi. Несие төлемiн белгiлеудегi есептелетiн факторлар. Банктiк несиелеу жүйесi және оның негiзгi элементтерi. Қазiргi кездегi несиелеу жүйесiнiң негiзгi және ерекше жағдайлары. Несиелеу әдiстерi. Ашық несиелiк желiс: жаңартылатын және жаңартылмайтын. Жеке несиелер. Ссудалық шоттар формалары. Жай ссудалық шот. Контокоррент. Коммерциялық банктiң несиелiк саясаты.

Несие беру кезеңдерi. Банк несиесiн алуға қажеттi құжаттар пакетi. Несиелiк келiсiмшарт, оның мазмұны. Несиелiк келiсiм, оны рәсiмдеу жағдайлары. Банк қарыздарын беру тәртiбi. Несиелеудiң шектерiн анықтау. Банк несиелерiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылау. Қамтамасыздықты тексеру есебi. Қарыздардың өтелу тәртiбi. Несиелердiң қолдануы мен өтелуiн бақылау. Несиелiк санкциялар қолдану.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [1,6].
8) 8-тақырып. Қарыз алушының несиелiк қабiлеттiлiгiн талдаудың банктік технологиялары

Қарыз алушының несиелiк қабiлетi туралы түсiнiк. Несиелiк қабiлеттiлiктi талдаудың мақсаттары мен міндеттерi. Банкке талдауға берiлетiн құжаттар. Формалды және формалды емес көрсеткiштер. Несиелiк қабiлеттiлiктi анықтауға арналған ақпараттың iшкi және сыртқы көздерi: банктiң архивi, агенттердiң несиелiк қабiлеттiлiгi жайлы есептер, жабдықтаушылар мен сатып алушылардан алынған мәлiметтер, басқа банктер мәлiметттері, компанияның қаржылық есептерi, клиентпен жеке байланыстар. Банктiң картотекасы.

Қарыз алушының несиелiк тарихы. Несиелiк бюро: әлемдік тәжiрибе, Қазақстан тәжiрибесiне енгiзу.

Қарыз алушының несиелiк қабiлеттiлiгiн бағалаудың негiзгі факторлары: қарыз алушының мінезi, репутациясы, несиенi өтеудің қаржылық мүмкiндiктерi, несиенiң қамтамасыздығы, капиталы, жалпы зкономикалық жағдайлар. Әлеуеттi қарыз алушыға кездесетін тәуекелдердi бағалау, қызмет ету саласы, бәсеке қабiлеттілігі, операциялық тиiмдiлiк, жетекшiлiк сапасы.

«6 СИ» ережесi. PARSER, CAMPARI әдiстемелiктерi бойыша несиелiк тәуекелдi бағалау.

Бухгалтерлiк есептер мен баланстардың толықтығын тексерудiң кезеңдерi. Қаржылық есептi талдау. Баланс активтерінің баптарын, мiндеттемелер мен меншікті капиталды бағалау. Табыстар жайлы есептi талдау. Қаржылық коэффициенттердi талдау. Өтiмдiлiк, рентабельдiлiк, iскерлiк жiгерлiк, қарыз болудың, қарызды өтеудiң көрсеткiштерi. Құралдардың құйылуының және керi қайтуының элементтерi. Акша ағынын талдау. Қаржылық есепте айқындалмаған компания проблемалары жайлы кауiптi белгiлердi анықтау.

Несиелiк тәуекелдi бағалаудың статистикалық әдiстерi. Зета моделi, несиелiк скоринг әдiс, Дюранның тұтыну несиесi бойынша қарыз алушыларды iрiктеу моделi, Чессердiң коммерциялық қарызды бағалау моделi.

Несиелiк қабiлеттiлiктi бағалау проблемалары және оларды шешу жолдары.



Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [7,8].


9) 9-тақырып. Банктiк несиенің қайтарылуын қамсыздандырудың формалары

Берiлген несиенi клиенттер тарапынан уакытында қайтарылуын қамтамасыз етудiң формаларының жіктелуi. Кепіл құралдарды қолдануды қамсыздандыру тәсiлi ретiнде. Кепiл зат, оған қойылатын талаптар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды кепiл ретiнде қолдану мүмкiндiктерi. Кепiл шарты, оның мазмұны және құрылымы. Кепiл шартына қосымша құжаттар. Кепiлдiң түрлерi: мүлiктiк кепiл және құқықтық кепiл. Клиенттiң мүлiктiк кепiлiнiң сипаттамасы: тауарлы-материалдық бағалықтар кепілi, дебиторлық шоттар кепiлi, бағалы қағаздар кепілi, вексельдер кепiлi, депозиттер кепiлi, ипотека, аралас кепiл.

Кепiлсалым мәнi. Несие берушi мен кепiл берушiнiң құқы және міндеттерi. Кепiлсалым формалары: тұрақты кепiл және құқтар кепілі. Кепіл берушiде мүлiктiң қалуына байланысты кепiлдiң негізгі формаларын сипаттау; айналымдағы тауарлар кепiлi; қайта өңдеудегi тауарлар кепiлi; ипотека. Банктiң кепiлдiк құқы, негiзгi қағидалары. Кепiлдiк құқтар құрылымы. Қайта кепiл түсiнiгi. Кепіл зат бойынша жазалар қолдану тәртiбi. Кепiлдiң құнын бағалау әдiстерi. Шығынды әдiс. Табысты әдiс. Сатылымдарды салыстырмалы талдау әдiсi. Оларды қолданудың тиiмдiлiгi.

Кепiл болушылық, оның сипаттамасы. Кепiл болушылық жайлы келiсiмшарт: құрылымы және мәнi. Кепiл болушылықтың тоқтатылуы.

Кепiл беру формалары. Кепiлдiктi міндеттемелердiң субъектiлерi. Кепiл берудi рәсiмдеу тәртiбi. Кепiлдiктi хат. Қазақстан Республикасында банктiк кепiлдердiң берiлу тәртiбi.

Банктiк несиелердi сақтандыру, сақтандыру обьектiлерi. Сақтандыру келiсiмшартын талдау, сақтандыру өтемдерiн төлеу тәрбтiбi. Батыс банкирлерiмен қолданылатын несиелердің қайтарылуын қауiпсiздендiру шаралары және оларды ҚР банктерiмен қолдану мүмкiндiктерi.

Цессия, оның құқықтық құрылымы және түрлерi: ашық, жабық, жалпы және толық.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [3,4].
10) 10-тақырып. Банктiк проңенттер және проценттiк төлемдер

Проценттiк ставкаларды есептеу әдiстерi. Жай ставкалар. Күрделі проценттiк ставкалар. Тиiмдi проценттiк ставка. Депозиттік және несиелiк операцияларды жүргiзуде сыйақлар ставкалары мен мүдделердi есептеу ерекшелiктерi.

Сыйақылардың тұрақты ставкалары. Сыйақының өзгермелi ставкасы. Сыйақы ставкасын есептеу тәртiбi. Сыйақылыр ставкаларын өзгерту жағдайлары.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [5,4].
11) 11-тақырып. Корпоративтiк несиелеу процесiн ұйымдастыру

Корпоративтi клиенттердi несиелеудiң қажеттілiгi және мәнi. Несиелеу объектiлерi мен субъектiлерi. Несиелеуге қажеттi құжаттар пакетi. Бизнес-жобаны бағалау. Кәсiпорынның ақша ағынын бағалау. Корпоративтi қарыз алушылардың несиелiк қабiлеттiлiгiн талдау ерекшелiктерi. Рейтингтiк баға. Қарыз алушының банкроттық ықтималдылығын бағалау. Келiсiмшарттар бекiту. Мониторинг жасау, несиенiң өтелуi.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [6,4].


12) 12-тақырып. Бөлшек несиелеу процесiн ұйымдастыру

Бөлшек қарыздардың және несиелеу объектiлерiнiң жiктелуi. Халықтың тұтыну қажеттiлiктерiн тiкелей және жанана банктiк несиелеу. Тұтыну несиесi келiсiмшарттарының негiзгi жағдайларына әсер ететiн факторлар. Тұтыну несиесi келiсiмшарттарының жағдайларын анықтау. Жеке қарыз алушылардың төлем қабiлеттiлiгiн анықтау. Берiлген қарыздардың қамтамасыздығын талдау, олардың берiлу, өтелу тәртiбi. Чектiк несие жүйесi. Банктiк несиелiк карточкалар. Қазақстанда тұтыну несиелерiнiң нарығы: проблемалары және шешiлу жолдары.

Ипотека, оның мәнi. Ипотекалық несиелеу қағидалары. Ипотекалық несиелеу модельдерi. Ипотекалық мәмiлелердi рәсiмдеу ерекшелiктерi. Ипотекалық қарызды талдау. Ипотекалық несиелеу түрлерi. Типтiк ипотекалық қарыз. Төлемдер сомасы мерзiмдi түрде көбейетiн ипотека. Төлемдер сомасы өзгермелi ипотека. Кепiл шотты ипотека және төмендетiлген ставкалы қарыз.

Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылыс жинақ банкiнiң қызметi. Қазақстандық ипотекалық компания екiншi реттi нарық операторы ретiнде. Ипотекалық несиелердi кепiлдендiрудiң Қазақстандық қорының қызметiнiң ерекшелiктерi.

Қазақстанның ипотекалық жүйесiнiң инфрақұылымы. Қазақстан Республикасында ипотекалық несилеудiң проблемалары және даму перспективалары.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [9,10].
13) 13-тақырып. Несиелiк портфель және проблемалық несиелердi басқару

Коммерциялық банктердiң несиелiк портфелi. Сапалы несиелiк портфель қалыптастыру проблемалары. Несиелiк тәуекел түсiнiгi және оны төмендету тәсiлдерi. Несиелiк портфель саласын сипаттайтын коэффициенттер.

«Проблемалық» қарыздар түсiнiгi. Банктердiң несиелiк шығындары және олар бойынша қаржылық есептерi. «Проблемалық» қарыздардың пайда болу себептерi. «Проблемалық» қарыздардың пайда болуының алдын алу: «проблемалық» қарыздарды анықтау, алдын ала талдау, негiзгi қарыз және проценттердiң төленбеу жағдайларын табу, «проблемалық» қарыздардың әртүрлi «алдыңғы» және «кейiнгi» белгiлерi. Мүмкiндiктi шығындардың тәуекелiн төмендету бойынша стратегия дайындау.

«Проблемалық» қарыздарға байланысты банктiң стратегиясын жүргiзу: қарызды «реанимациялау» жайлы екi жақты келiсiм, қамтамасыздықты жою, iстi сотқа жiберу, сот шешiмi бойынша несиенiң өтелуi, клиенттiң банкроттығы.

Активтер мен шартты мiндеттемелерiнiң жiктелуi, күмәндi және үмiтсiз несиелер бойынша провизиялар қалыптастыру.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [3,4].
14) 14-тақырып. Коммерциялық банктердiң қор нарығындағы операциялары

Коммерциялық банктердiң бағалы қағаздар нарығындағы ролi. Қор нарығындағы бағалы қағаздарды орналастыру процедурасы. Қазақстандық банктердiң бағалы қағаздар нарығындағы қызметiнiң негiзгi бағыттары. Андеррайтинг — бағалы қағаздарды ашық орналастыру кепiлдiгi.

Банктердiң инвестициялық портфелi. Инвестициялар портфелiн басқару. Коммерциялық банктiң бағалы қағаздар портфелiнiң құрылымы. Инвестициялық портфельдi тиiмдi баскарудың қаржылық көрсеткiштерi. Қазақстандық банктердiң эмиссиондық, кастодиандық, делдалдық қызметтерi. Дилингтiк операциялар.

Бағалы қағаздар нарығындағы банк қызметтерiнiң проблемалары және даму перспективалары.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [9,10].


15) 15-тақырып. Коммерциялық банктердiң лизинг, траст, факторинг және форфейтинг қызметтерi

Қазiргi кезеңдегi лизингтiң пайда болуы және дамуы. Лзингтік операцияларының мәнi. Лизингтiң қаржыландырудың дәстүрлi формаларынан артықшылығы. Лизингтiк мәмiлелер түрлері. Лизингтi және лизингтiк операциялар түрлерiн жiктеу: қатысушылар құрамына, берiлетiн мүлiк түріне, амортизацияның өтелу дережесi мен жағдайларына, қызмет ету көлемiне, жеңiлдiктерге қатынасына, лизингтiк төлемдер сипатына байланысты.

Шұғыл лизинг, оның ерекшелiгi және негiзгi жағдайлары. Қаржылық лизинг және оны қолдану мүмкiндiктерi. Лизингтiк операцияларды жүргiзу әдiстемелiгi. Лизингтiк келiсiм, оның қызметін тоқтату жағдайлары. Лизингтiк төлемдер түрлерi және лизингтік жарналарды есептеу әдiстемесi. Лизингтiк мәмiле жағдайлары және оны жабу тәртiбi. Лизингтiк мәмiлелер тәуекелдерi және оларды төмендету әдiстерi. Қазақстанда лизингтiк операциялардың дамуы.

Трасттық операциялардың мәнi. Коммерциялық банктердің трасттық операцияларының дамуы және реттелуi. Трасттық операциялардың түрлерi. Жеке тұлғалардың тапсырмасы 6ойынша трасттық қызметтер. Мұрагерлiктi өкiмдеу. Жеке трасттарды басқару. Қамқоршылық және мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету. Агенттiк қызметтер. Трасттық операциялар жүргiзудегi жауапкершiлiк. Аманат орындаушының және сенiм артылған тұлғаның негiзгi мiндеттерi. Фирмаларға көрсетiлетiн трасттық қызметтер. Активтердi өкiмдеу. Кәсiпорынды тарату. Жеке қорларды басқару. Пайдаға қатысу. Облигациялар шығару. Банктiң трасттық бөлiмінің делдалдық қызметтерi. Трасттық бөлiмдердi ұйымдастыру. Банктің трасттық операцияларына комиссиялық сыйақылар.

Клиенттiң бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыру. «Депо» шоты. Бағалы қағаздар портфелiне қойылатын талаптар. Бағалы қағаздар таңдауға екi негiзгi көзқарас. Iргелi және техникалық талдаудың мәнi, артықшылықтары және кемшiлiктерi. Акционерлер реестiрiн жүргiзу және бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу.

Қазақстан Республикасында трасттық операциялардың проблемалары және даму перспективалары.

Факторингтiң мәнi мен мүмкiндiктерi. Факторингтiк қызметтiң қағидалары. Факторингтiк операциялардың түрлерi. Факторингтiк келiсiмдердiң типтерi. Факторингтiк қызметтiң варианттары және жағдайлары. Факгорингтiк қызмет көрсетудегi несиелеу лимиттерi. Факторингтiк бөлiмнiң комиссиялық сыйақысының есебi. Факторингтiк операциялардың проблемалары және даму перспективалары.

Форфейтингтiк операциялардың мәнi және олардың факторингтен айырмашылығы. Форфейтинг артықшылықтары. Халықаралық банктiк тәжiрибеде форфейтингтiк операцияларды қолдану. Комиссиялар мөлшерiн анықтау.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [5,6].


16) 16-тақырып. Халықаралық банктiк операциялар

Банктердiң экспорттық және импорттық операцияларды жүргiзу ерекшелiктерi. Халықаралық несиенiң формалары және олардың көздерге, мәнiне, қарыз валютасының түрiне, мерзiмдерге, қамтамасыздығына, берiлу техникасына, несие берушiнiң түрiне байланысты жiктелуi.

Фирмалық несие: мерзiмдерi және берiлу тәсiлдерi. Вексельдiк несие. Ашық шот бойынша несие. Импорттаушының аванстық төлемі. Фирмалық несиенiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi.

Банктiк несие, оның ерекшелiктерi және артықшылықтары. Экспорттық несие. Сатып алушыға несие. Қаржылық несие. Акцепттi-рамбурстық несие мәнi және оның ерекшелiктерi.

Брокерлiк несие және оның фирмалық пен банктiк несиелер арасындағы несие ретiндегi мәнi.

Ұзақ мерзiмдi халықаралық несиелер және олардың формалалары.

Қазақстан Республикасының валюта нарығы: қалыптасуы және дамуы. Валюталық мәмiлелер. «Stop» шартымен кассалық мәмiлелер. «Stop» курсын анықтау.

Мәміле жасау тәртiбi. Жедел валюталық мәмiлелердiң мiнездемелiк ерекшелiктерi. Жедел мәмiлелердi аяқтау мақсаттары. Банкаралық форвардтық мәмілелер. Форвардтық курсты котировкалау. «Аутрайт» курсы.

«Swap» мәмiлесiнiң түрлерi мен әр түрлiлiгi. Депорт. Репорт.

«Swap» мәмілесiнiң қатысушылары. «Swap» мәмілесiнiң ерекшелiктерi.

Валюталық опциондар. «Колл» опционы, «пут» опционы және олардың ерекшеліктерi. Американдық және еуропалық опциондар. Опцион бағасын анықтаушы факторлар. Валюталық опциондардың басымдықтары.

Валюталық фьючерстер. Фьючерстiк мәмiле қатысушылары. Фьючерстiк биржалар. Фьючерстiк және форвардтық мәмiлелердiң нарықтардың салыстырмалы мінездемелерi. Валюталық арбитраж. Уақытша және тұрақты арбитраждың пайда болу белгiлерi. Жанама арбитраждың мақсаты. Проценттiк арбитраж. Коммерциялық банктiң алтынмен операциялары.

«FОRЕХ» нарығының’ түсiнiгi. Банктердiң валюта нарығында көрсететiн қызметтерi.

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргiзу тәртiбi. Ағымды валюталық операциялар. Капитал қозғалысымен байланысты операциялар. ҚР валюталық реттеу мен бақылаудың механизмдерi. Төлем балансында валюталық операцияларды тiркеу.

ҚР валюталық режимдi ырықтандыру концепциялары.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [3,4].
17) 17-тақырып. Төлем жүйесiн ұйымдастыру

Мемлекеттiң төлем жүйесiн ұйымдастырудың қағидалары мен формалары. Қазақстан Республикасында төлем жүйесiнiң қалыптасуы және дамуы. Қазақстан Республикасындағы қолмақолсыз есеп-айырысулар жүйесi. Банкаралық есеп айырысулар және оларды жүргiзу тәртiбi. Iрi төлемдердi аудару жүйесi. Бөлшек төлемдер жүйесi. Ақша құралдарын аударудың электронды жүйелерi. Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң даму перспективалары.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [8,9].


IV БӨЛIМ. Коммерциялык банктердiң қызметтерiн басқару.
18) 18-тақырып. Банктiк маркетинг: қағидалар, әдiстерi және стратегиялары

Банктiк маркетинг түсiнiгi және мазмұны. Банктiк маркетингтің қағидалары. Банктiк маркетингтiң концепциясы. Банктiк маркетинг тұрғысынан банк қызметкерiнiң ой өрiсiнiң қағидалары.

Банктiк маркетингтiң ерекше белгiлерi: банктiк өнімнiң материалдық емес сипаты, қызметтердi сатып алушымен тiкелей байланыс, қызметтердiң ақшалай сипаты.

Банктiк маркетингтiң тәсiлдерi. Клиентпен араласу тәсiлi (жiгерлi және енжарлы). Сатылымдардың өсуiн және қызметтердiң табыстылығын қамтамасыз ету.

Коммерциялық банктердiң маркегингтiң әдiс-тәсiлдерiн меңгеру қажеттiлiгi.

Банктiк маркетингтiң құрамдас бөлiктерi. Нарық туралы ақпарат жинау және соның негiзiнде банктiң стратегиясын дайындау. Банктiк өнiмдер нарығын сегменттеу. Нарықтағы банктiк стратегияның типтерi. Нарықта банкпен ұсынылатын өнiмдердiң түрлерi мен бағаларын анықтау.

Банктiк қызметтердiң жiктелуi. Банктiк қызметтердiң өзiндiк құны. Несиелiк және есеп айырысулық қызметтердiң өзiндiк құнын анықтау қағидалары.

Банктiк қызметтерге баға прейскуранттары. Стратегиялық жоспар және маркетинг жоспары.

Қазақстан Республикасының екіншi деңгейдегi банктерiнде банктiк маркетинг тәсiлдерiн қолдану.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [3,4].
19) 19-тақырып. Банктiк тәуекелдер

Банктiк тәуекелдердiң маңызы. Банктiк тәуекелдер деңгейiне әсер етушi факторлар. Банк тәуекелдерiнiң жiктемесi. Тәуекелдердi басқару қағидалары. Банктiк тәуекелдердiң жiктемесi. Банктік тәуекелдердi төмендету әдiстері.

Тәуекелдердi басқару саясаты және оның құраушы элементтері. Тәуекелдердi басқару жүйесi. Тәуекелдердi басқару жүйесiнiң элементтерiн тәуекелдердiң атаулы түрлерiн басқаруға қолдану.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [7,8].
20) 20-тақырып. Коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгiн және төлем қабiлетiн басқару.

Банктiң өтiмдiлiгi және оны анықтайтын факторлар. Өтімдiлiктiң функциялары. Өтiмдiлiктi басқарудың негiзгi мақсаты.

Банк өтiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi: олардың мәнi және бағалау әдiстерi. Жай өтiмдiлiк көрсеткiшi. Ағымдағы өтiмділік көрсеткiшi.

Банктiң өтiмдiлiгiн басқару процесi. Басқару әдiстерi. Активтердi басқару. Пассивтердi басқару. Жалпы қор әдiсi. Құралдар конверсиялау (айырбастау) әдiсi.


21) 21-тақырып. Коммерциялык банктер қызметiнiң қаржылық нәтижелерiн талдау

Банк табыстарының көздерi. Банктің кiрiс және шығыс есептерi. Акционерлiк капиталдар есебi. Банктың кiрiс көздерi. Проценттiк табыс. Комиссиялық сыйақы формасындағы табыс. Басқа табыстар. Тұрақты және тұрақсыз табыстар.

Коммерциялық банктiң шығыстары. Проценттiк маржа. Коммерциялық банктiң табыстары мен шығыстарының деңгейін бағалау.

Коммерциялық банктiң таза кiрiсiнiң қалыптасуы және қолданылуы. Банктiң табыстылық деңгейiн бағалау.

Банктiң қаржылық нәтижелерiн талдаудың мәнi мен қажеттілiгi. Талдау түрлерi мен әдiстерi. Талдаудың негiзгi бағыттары. Банктiң табыстары мен шығыстарына әсер ететiн факторлар.

Банк пассивтерiн талдау. Банк активтерiн талдау. Пайдалылықты талдау. Өтiмдiлiктi талдау. Бантiк тәуекелдердi талдау.

Банктiң қаржылық нәтижелерiн талдауға қолданылатын коэффициенттер.

Талдаудың шетелдiк тәжiрибесi және оны Қазақстан Республикасының банктiк тәжiрибесiнде қолдану мүмкiндiктерi.

Бақылау түрі – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [5,9].


22) 22-тақырып. Банк ашу және банктiк операцияларды лицензиялау тәртiбi. Қайтақұрылымдау. Қайта ұйымдастыру. Банктердi консервациялау. Банктердi тарату. Қазақстан Республикасында банктiк қызметтi реттеу және қадағалау.

ҚР территориясында коммерциялық банктер ашу тәртiбi. Банктер ашуға және банктiк операциялар жүргiзуге лицензиялар беру ерекшелiктерi.

Банк ашуға рұқсат алу үшін мiндеттi құжаттар. Банк ашуға заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерi, құрылтайшылар құжаттары, құрылтайшылардың қаржылық жағдайы мен жалпы жағдайын куәландыратын арнайы мәлiметтер, бухгалтерлiк және статистикалық есеп беру нысандары, кәсiби жарамдылығы туралы мәлiметтер, бiлiм деңгейi және банк жүйесiнде жетекшi және жетекшi маман ретiндегi еңбек өтелi. Резидент еместер үшiн қосымша талаптар.

Мемлекеттiк тiркеу және банктi заңды тұлға ретiнде рәсiмдеу. Банктiк операциялар жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту және лиңензия берiлмеу себептерi. Банк филиалдарын, есеп-кассалық бөлiмшелерiн ашу тәртiбi.

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнде қайта құрылымдау, қайта құру және консервация жасаудың қажеттiлiгi. Консервация өткiзумен байланысты процедуралар. Консервация жасау және оны тоқтату тәртiбi.

Банктердi еркiн және мәжбүрлеп тарату. Тарату комиссиясы, оның функциялары, құрамы, өкiлеттiлiгi. Тарату жүргiзу тәртібі. Тарату прецессiнде қолданылатын құжаттар. Конкурстық жиынтық. Тарату комиссиясының әрекетi. Банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру.

Банктiк қадағалаудың қажеттiлiгi және мәнi. Банктік қадағалаудың жүйесi, оның құрамдас бөлiктерi. Банктiк қадағалау жүргізудің түрлерi. Банктiк қадағалаудың мақсаттары, мiндеттерi және қызметтерi. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттілігі және реттеу қызметтерi.

Қадағалау циклы. Мақсаттық инспекциялар. Банк жұмысының сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын тексеру жиiлiгi және көлемі. Қашықтықтан талдау. Қашықтықтан шолу.

CAMELS рейтингтiк жүйесi. Капитал. Активтер сапасын бағалау. Менеджмент. Табыстарды бағалау. Банктiң рейтингi.

Бақылау түрі – КЖ-сын дайындау және оны қорғау, конспекті тексеру

Ұсынылған әдебиет: [6,5].

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Банк ісі» пәні бойынша 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша күндізгі орта кәсіби білім негізінде оқу нысаны 2011 ж.т. студенттерге арналған



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет