Сулейменов Пиримбек Муханбетович


-----------------------------------------------------------------------------------------------



Pdf көрінісі
бет40/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

----------------------------------------------------------------------------------------------- 
6.2 Мұстафа Шоқайдың саяси-әлеуметтік көзқарасы және
«Біртұтас Түркістан» идеясы. 
Мұстафа Шоқай - заңгер, публицис
т
, саяси қайраткер, қазақтан шыққан 
алғашқы саяси эмигранттық күрескер. Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда 
облысы.) уезінде Орынбор-Ташкент темір жол бойындағы Сұлутөбе 
станциясында, ескі күнтізбе бойынша 1886 жылы желтоқсанның 25-інде 
дүниеге келген. Жаңа стиль бойынша 7-қаңтар болып шығады. Мұстафаның 
тегі орта жүздегі Қыпшақ, оның ішіндегі Торайғырдың Шаштысы, Бошай. 
Әкесі Шоқай дала қазақтары арасында ерекше мәдениетті, елге беделді, 
үлкен дәулеттен шыққан. Шоқайдың әкесі Торғай, Сыр қазақтары Ресей 
патшалығының қоластына кірмей тұрғанында Хиуа ханының датқасы (уәлиі, 
Уәлаят басшысы) болған.
Кеңестік тарихнамада Мұстафа Шоқай басқарған Түркістан 
автономиясының мән-мағынасы төмендетіліп, қала деңгейіне түсіріліп, 
«Қоқан автономиясы» аталып келді. Сонымен бірге бұл автономия жергілікті 
халықтың қолдауын таппай құлады, ал оның басшылары қашып кетті деген 
пікір қалыптасты. Бірақ М. Шоқай большевиктер үкіметін қатты сынға алды. 
Оның негізгі идеясы діні бір, тілі бір, мәдениеті ортақ түркітілдес 
халықтардың бостандығы және дербес автономия құру еді. Ал қазіргі кезде 
ғылымда Мұстафаның идеяларының дұрыс айтылғандығы расталуда. 
Мұстафа Шоқай идеясының ұтымдылығы оның аргументтілігінде 
пайдаланған фактілердің бұлтартпас дәлдігінде еді. Ал ол фактілерді М. 
Шоқай, негізінен, түркістандық орыс және қазақ тілдегі басылымдардан алып 
отырды. Сол басылымдардың бірі Ташкентте 1920-1925 жылдары шығып 
тұрған ресми басылым «Ақ жол» газеті болған. Қазақстанда болып жатқан 
әлеуметтік өзгерістерді сыни тұрғыдан талдап отыруды өз міндеті деп 
түсінген бұл басылым сол тұстағы түркістандық кеңістіктегі жалғыз 
оппозициялық мазмұндағы басылым еді. 1925 жылға дейінгі аралықта бұл 
газеттің төңірегіне алаштық, ұлт-азаттық рухтағы интеллигенцияның 
шоғырлануы оның идеялық бағытын күшейте түскен болатын.
М. Шоқайұлының 20- жылдардағы Еуропадағы саяси қызметіне үстірт
қарағанда мынадай екі кезеңді аңғарамыз. Алғашқы кезеңі шамамен 20-
шы жылдардың орта тұсына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл мезгілде 


166 
отанындағы большевиктік диктатурамен күресу үшін еуропалық орта және 
оған тән демократиялық еркіндік іздеген Шоқайұлы Парижде шығып тұрған 
Керенскийдің «Дни» және Милюковтың «Последние новости» газеттерінде 
жұмыс істейді. Бірақ Шоқайұлының азат және «Біртұтас Түркістан» идеясы 
большевиктерге қандай ұнамаса, париждік орыс демократиясына да сондай 
ұнай қойған жоқ болатын. М. Шоқайұлы, мәселен, П. Милюков жөнінде 
«Кеңес деспотизмін бұрынғы патшалық Ресей, кейінгі кеңестік Ресей
тұсындағы шекаралардың тұтастығын сақтай отырып, құлатқысы келеді», - 
деп жазды. Сондықтан да Шоқайұлы көп ұзамай-ақ (1923) эмиграциялық 
орыс баспа сөзімен байланысын үзіп, Керенский және Милюковтардан
іргесін алыс ұстап, бөлініп кетеді. 
Сонымен бірге, бұл мәселеге байланысты мынаны айтуымыз керек.
М. Шоқай большевиктердің ұлт саясаты бойынша теориялық даярлығы
төмен кісіге, ә дегенде қолдаушылық сезім тудыратын бағдарламалық
ұсыныстарына әуелден-ақ сенімсіз қарайтын санаулы адамдардың қатарында 
болды. Сондықтан да М. Шоқай бұқара халықтың негізгі мүддесін, яғни 
мемлекеттік саяси еркіндігін қанағаттандыра алмаған жаңа билік жүйесіне 
сенген жоқ.
Ол: «... пролетариатсыз және пролетариат деген тапты ешкім естімеген 
Түркістанда Мәскеу «пролетариат диктатурасын» жария етті. Ал енді бұл өзі 
қандай «пролетариат диктатурасы» деген сұрауға, әрине, «орыс 
пролетариаттың диктатурасы» деген жауап сәйкес келеді», - деп жазды. 
Жалпы, М.Шоқайұлы революциялық өзгеріске дейінгі түркістандық 
зиялылар арасына орыс демократиясымен бірлікте патшалық билікке қарсы 
күрес тәжірибесін ғылыми талдауға алып, аса қажет тұжырымдар жасаған 
бірден-бір қайраткер. Оның жасаған қорытындыларында кемшіліктер болуы 
да ықтимал, оны біз жоққа шығармаймыз. Бірақ, сонымен бірге бұл 
талдаудың аса зор ғылыми маңызын есепке алмау, әрине, көрегендік
болмас. 
М. Шоқайұлының тарихи тәжірибені сарапқа сала отырып, жасаған 
тұжырымы мынаған саяды. Біріншіден, Ресейде 1917 жылғы ақпан 
революциясынан соң орнауға тиіс болған федеративтік мемлекеттік құрылыс 
шеңберінде орыс демократиясына сүйене отырып ұлттық автономия алу 
тәуелсіз «ұлттық мемлекет құруға деген сенімнің аздығынан туындаған 
ортақ қателік болатын». Кейінірек құрылып, аз уақыт өмір сүрген түрлі 
ұлттық тәуелсіз үкіметтердің (мәселен, Алашорда, Түркістан (Қоқан) 
автономиясы) тәжірибесі Ресейдегі бұрынғы отарлық тәуелділікте болған 
елдердің зиялыларының орыстың төңкерісшіл» демократиясына деген 
сенімнің «жаңсақтығын дәлелдеді». Басқаша айтқанда, «оңшыл» және 
«солшыл» топтарға бөлінетін орыс демократиясы аз ұлттарға тәуелсіз 
мемлекеттік емес, тіптен шын мәніндегі автономиялық еркіндікті де қиюға 
даяр емес еді. Одан қорқатын, солшылдар үшін біз ұлтшыл реакцияшыл 
бағыттағылар болып көрінетінбіз. Біздің мақсат-мүддемізді оңшылдар 
«қауіпті төңкерісшіл элементтер» деп бағалайтын. Бізді «пантюркизммен» 
айыптауға келгенде қосыла кетті. Міне, осындай жағдайда қоғамдық 


167 
күреске қазақ қоғамы үшін мүлде жаңа саяси-әлеуметтік ұлттық саяси элита 
араласа бастайды. Негізінен, метрополия оқу орындарында білім алып, 
отаршыл мемлекетті басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасына 
орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған саяси элита мұның бәрін 
жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп-өркендеуіне, 
ұлт өмірін қайта құру мақсатына қызмет ете бастайды. Соның нәтижесінде 
қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, феодалдық 
тоқырау мен отарлық тәуелділікке қарсы күрес оның негізгі белгілеріне
айналады. Барлық көрінісі жағынан қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең 
болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға 
созылған кысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған бұл саяси элита қоғамдық-
саяси болмысы тұрғысынан алғанда кімдер еді? Міне, бұл сауалдар ғылымда 
өз жауабын тапты дей алмаймыз. Анығырақ айтқанда, қазақ саяси 
элитасының жүріп өткен саяси жолы, әсіресе колониалды және 
постколониалды қоғамдардағы қалыптасу ерекшелігі халқымыздың күрделі 
кезеңінің әлі жазылмаған ақтаңдақтарының қатарына жатады. 
М. Шоқайдың мақсаты – демократиялық Россияның құрамынан бөлініп, 
діні бір, тілі бір, мәдениеті ортақ халықтардың тәуелсіз автономиялық 
мемлекетін құр. Соның негізінде өз қоғамының (қазақ) дамуында «Біртұтас 
Түркістан» идеясын қолдады. «Біртұтас Түркістан» регионына төменгі 
жерлер: Тұран, далалық аудан және Мауренахр, Орталық Азия, Орта Азия 
және Қазақстан енді. Бұл сөздің баламасы ретінде «Түркістан» деген атау 
қалыптасты.
Осының негізінде Ресей империясына қарсы бой көтеру үшін бүкіл 
Орта Азия халықтарын «Біртұтас Түркістан» идеясы төңірегіне біріктіру 
көтерілді. Бұл идеяның тарихи негізі болды. Атап айтқанда: тарихи тағдыр 
біртұтастығы, рухани мәдениеттің бірлігі мен осы халықтың менталитетінде 
болды. Осы ұлан-байтақ аймақта генетикасының тарихи мәдениеттік және 
конфессиялдық түбірі бір халықтар тұрған. Осындай бірігу большевиктердің 
саяси көзқарасының негізінде үлкен қатер болып көрінеді және 1924-25 
жылдары «ұлттық бөліну» саясатына әкеліп соқтырды
.
Ресей империясының, кейін көп жағдайда оның мұрагері ретінде 
танылған Кеңес Одағының құрамындағы қазақ, өзбек және басқа да түркі 
тектес халықтардың ұлт-азаттық қозғалысы тарихында Мұстафа Шоқайдың 
алатын орны ерекше. Алайда отандық және шетелдік әдебиеттерде қазақ 
қайраткерінің шығармашылық мұрасы мен қоғамдық саяси көзқарастарына 
көбірек көңіл бөлінеді де, ұйымдастырушылық, дипломатиялық, жай адами 
қырларын пайымдау кейін қалып келеді. Сондай мәселелер қатарына жиырма 
жыл уақыт бойы Еуропаның төрінде тәуелсіздік үшін күрес туын көтерген 
саяси ұйымды құрудағы Мұстафа Шоқайдың ерен еңбегін жатқызуға болады. 
Тәуелсіздік үшін күресте Ресейді мекендейтін түркі халықтарының басын 
біріктіру, олардың бірыңғай саяси ұйымын құру идеясы әлдеқашан ақ пісіп- 
жетілген еді. Бірінші орыс революциясы тұсында «Мұсылман одағы» 
құрылса, 1905 жылы 19 қарашада одан да кең көлемдегі «Автономияшылар 
одағы» дүниеге келеді. Осы уақыттан-ақ отарлық езгіге қарсылық жадидтік 


168 
және түркішілдік қозғалыстың басты сипаты айқындалады.
Мұстафа Шоқай болса, осы қозғалысты жаңа жағдайда, жаңа деңгейде 
жалғастырушы болды. Қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, татар, башқұрт 
халықтарының басын бір орталыққа біріктіретін саяси ұйымды құру 
мәселесін Ақпан төңкерісінен кейінгі ахуал жеделдетеді. Бұрыннан белгілі 
«Шуро и Исламия», басқа да ұйымдар Түркістанда күн санап күрделеніп 
келе жатқан жағдай талаптарына жауап бере алмады. Партия «Мұсылмандар 
одағы» («Итти-фок-и-Муслимин») деп аталады да, «Шуро-и-Исламия» мен 
«Тұран» ұйымдары таратылып, олардың орнына «Мұсылмандар одағының» 
бөлімдері құрылмақшы болды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін 
Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-
өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен 
кеңестердің 3-ші съезі қабылдаған «өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл 
өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді» деген 
қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық 
қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты 
Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының 
орталық кеңесі», Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының 
төтенше съезін тез арада өткізу ісін қолға алды. 1917 жылы қарашаның 28-
інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің 
төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан
(Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі 
құрамы сайланды және жаңа уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі 
Мұстафа 
Шоқай 
болды. 
Уақытша 
үкіметінің 
төрағасы 
Қоқан 
автономиясының М. Тынышбаев болды, кейіннен оның орнына Мұстафа 
Шоқай сайланды.
Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда екінші жалпықазақ съезіне
қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін 
Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария 
қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат 
жолдады. Онда: «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш 
баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың 
басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шықпайтын қазақ баласы болмас. 
Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз», 
делінген еді. Мұстафа Шоқайдың Сырдария өңірі қазақтарын Алаш 
автономиясына қосу жолындағы әрекеті нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың 
бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының съезі «Алашорда өз 
алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, 
Сырдария 
қазақтары 
Түркістан 
автономиясынан 
шығып, 
Алаш 
автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады. Қоқан қаласын 
большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына 
байланысты Мұстафа Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 
Бұл шешім съездің ең үлкен жетістігі болғанымен, саяси оқиғалардың одан 
әрі өрбуі оның жүзеге асырылуына мүмкіндік бермейді. Большевиктер 
ұлттық құрылымдардың бірінен кейін бірін талқандап, «Түркістан 


169 
Мұхтарияты» («Қоқанд автономиясы») қанға бөктіріледі. Осындай қиын-
қыстау кезеңде ұлт-азаттық күрестің жаңа формалары мен әдістерін іздестіру 
барысында Мұстафа Шоқай 1918 жылдың қысында Екатеринбургте 
«Түркістан» астыртын ұйымын құрады. Оның орталығының төрағасы 
Мұстафа Шоқайдың өзі, ал орынбасары болып А.З.Валиди Тоған 
тағайындалады. Ұйым Түркістан, Башкирия (сол кездегі атау) және 
Татарстандағы ұлттық бөлімдердің басын біріктіреді. 
Мария Шоқай өзінің күйеуі туралы естеліктерінде олардың 1918 жылдың 
қараша айында Екатеринбургте аялдағандары, онда Құрылтай жиналысына 
кандидаттар Ілияс Алкин, Вадим Чайкин, Мүнауар Қаримен бірге 
болғандары жөнінде жазады. 19 қарашада Құрылтай жиналысы таратылады. 
Осыдан кейін Америка Құрама Штаттарына визаға дейін алып қойып, 
жолға шыққалы отырған Мұстафа Шоқай мен оның серіктестерінің 
жоспары бұзылып, бас сауғалауға тура келеді. Мұстафа Шоқай
Челябинскіге жетіп, одан әрі қазақ даласы арқылы Әзірбайжанға, кейін 
Грузияға, 1921 жылдың ақпан айында Түркияға өтеді. 
Мұстафа Шоқайдың шетелге кетуімен қазақ, өзбек, башқұрт 
халықтарына ортақ бір саяси ұйым құру жөніндегі ұмтылыс тоқтап 
қалмайды. 1931 жылы 18 қаңтарда А.З. Валидидің Ыстамбұлдан Польша 
сеймінің депутаты Т. Голувко мен поляк дипломаты Т. Шетцельге жазған 
хатында 1920 жылдың көктемінде Мәскеуде А. Байтұрсынов, Ә. 
Бөкейханов, А.З. Валиди, В. Ибраимов және т.б. мұсылман халықтарының
жетекшілерінің астыртын ұйым құрғаны жөнінде жазады. Бізге белгілі 
әдебиетте бұл ұйымның жарғысы, бағдарламасы және іс-әрекеттері жөнінде 
ешбір мағлұмат ұшыраспайды. Азамат соғысында, мерейі үстем болған 
кеңестік жүйенің әкімшілдік-әміршілдік басқаруға бет бұра бастауы 
жағдайында бұл ұйымның да өзара пікір алысудан басқа істерге бара 
алмағанын болжау қиын емес. Мұстафа Шоқайдың ол жөнінде хабардар 
болғанына елдегі жағдайды үнемі назарында ұстағаны және оның А.З. 
Валидимен хат жазысып тұрғаны дәлел бола алады. Мұстафа Шоқай 1920-
1922 жылдары Түркістанда бірнеше партиялар мен одақтардың басын 
біріктірген жаңа ұйымның құрылғаны, оның ұйытқысы 1918 жылы 
Екатеринбургте дүниеге келгендігі жөнінде жазады. Олай болса 1920 жылы 
Мәскеуде ұйымдастырылған конспиративтік құрылым да түркістандық
ұйым құрамына енген деуге негіз бар. 
1920 ж. «Түркістан Ұлттық комитеті» құрылды, соның құрамына әуел 
баста М. Шоқай, А.З. Валиди, М. Шоқайдың Париждегі жеке мұрағат 
қорында 1920 жылы 6 қазанда «Түркістан Ұлттық Одағы» (ТҰО) деген 
ұйымның құрылғаны жөнінде мағлұматтар келтіріледі. Оның басшылығына
Бұқара Халық Республикасы үкіметінің премьер-министрі Осман Қожаев, 
қорғаныс министрі Абдулхамит Арифов, Кабулдағы елшісі Хашим Шайық 
енеді. ТҰО жиналысының шешімімен Осман Қожаев ұйымының Түркия 
бөлімшесінің төрағасы, А. Арифов Кабул бөлімшесінің төрағасы, М.Шоқай
Еуропадағы өкілі болып тағайындалды. 
А.З. Валидиге сілтеме жасай отырып, Абдуақап Қара «Түркістан 


170 
Ұлттық Одағы» деген жалпы ұйымның 1920 жылдың маусым айында 
Бұқарада ұйымдастырылған жиналыстан бастау алатыны жөнінде жазады. 
Бұқара әміріне қарсы одақ құру мақсатында ұйымдастырылған бұл жиынға 
қазақтардан Алашорда өкілдері Хайреддин Болғанбаев, Мұхтар Әуезов, 
және Дінеш Әділов түркімендерден адвокат Кәкежан Бердиев, 
башқұрттардан А.З. Валиди, Сейткерім Мағазов, Ферғана басмашыларынан 
Шірмехмет-бек, Ылдырхан Мутин, Харис Игіліков, Рахманқұл құрбашы, 
Мұстафа Шахкули, Бұқара мен Ташкент зиялылары атынан Манауар Қари, 
Абдулкадир Мухиддинов, Файзулла Қожаев және Садреддин Айни қатысты. 
Талқылау нәтижесінде Өзбекстанның «Жәдидтер» мен «Ерік» партиясы 
және Қазақстанның «Алаш» партиясымен бірлесіп қызмет істеуі жөнінде, 
сонымен бірге жеті баптан тұратын бағдарлама қабылданды. А. Қара 
осылайша «Орта Азия мұсылман Ұлттық қоғамдардың «Федерациясы» 
дүниеге келді дейді. 1920 жылы 5-7 қыркүйек күндері Самарқандта өткен 
конгресінде оның 24 баптан тұратын жарғысы мен Түркістан ұлттық туының 
суреттемесі қабылданады. 
М. Шоқайдың Париждегі жеке мұрағатындағы бір құжатта 1921жылы
«Орта Азия комитеті» деп аталатын ұйым жөнінде айтылады. Оны Энвер-
паша Германиядан КСРО-ға екінші рет келгеннен кейін А.З.Валидимен 
бірге Шығыс Бұқарада ұйымдастырды. Шындығына келетін болсақ, 
М.Шоқайдың 
айтып 
отырғаны 
«Орта 
Азия 
Мұсылман 
Ұлттық
қоғамдарының федерациясы» болуы тиіс. «Жалпы комитет» деп те аталатын 
бұл ұйым, А.З.Валидидің көрсетуінше, Бұқарада 1921 жылдың 2 тамызында 
құрылды делінеді. Мұрағаттық құжаттардың жинағы болып табылатын 
«Ресей эмигранциясының тарихынан» деген еңбек оны «Орта Азия 
мұсылмандары ұлттық-демократиялық бірлестіктерінің федерациясы» деп 
атайды. Әдебиетте Бұқарада өткен жиынды I съезі деп те, кейде 1917 
жылдың мамыр айындағы Мәскеудегі Бүкілресейлік мұсылмандар съезінен
бастап есептегенде V съезі деп те көрсетіледі. Съезде барлық саяси партиялар 
мен топтар үшін «Түркістан ұлттық бірлігі» деп аталатын комитет құрылып, 
оның төрағасы болып А.З.Валиди тағайындалды. Кейін ол өзінің
«Естеліктерінде» былай жазды: «Сол бір қиын күндері Түркістандағы 
азаттық күрестің орталығының қалыптасу процесіне Мұстафа Кемал-паша
жіберген жаңарған Түркияның депутаты, «Алашорда» қазақ партиясының 
өкілдері, әсіресе Дінеш Әділов, сонымен бірге Ауғанстанның өкілі 
Абдерасул-хан шешуші және байыпты ықпал етті». 
Түркияның өкілі деп отырған сол елдің Ұлы Меджилисінің мүшесі 
Субхи Сайсалы-оғлы болса керек. Ал Алашорданың Бұқарадағы өкілдері 
құрамында, жоғарыда көрсетілгендей, Хайреддин Болғанбаев, Дінеш 
Әділовтен басқа аттары аталмаған тағы екі адам болады. Олармен Файзулла 
Қожаев, Манауар Қари секілді. М. Шоқайдың пікірлестері бір ұстанымда 
еді. 1920 жылы Түркістанда А.З. Валидидің бастамасымен құрылған 
"Түркістан Ұлттық Одағы" ұйымының кейіннен ең маңызды тұлғасына 
айналды. Валиди 1928 жылы ғылыми жұмыстарға ауытқып, саясаттан қол 
үзіп кетуінен кейін Шоқай дара жетекшісіне айналды. Шоқай кейінен, 1927 


171 
жылы мүше болып кірген "Прометей одағына" арқылы саяси мақсаттарына 
көбірек үндесетін бір одақ тапты. Ендігі жерде Түркістанның тәулсіздігін сөз 
етуіне жаңа одақтастарының наразылығын туғызатын ешқандай бір 
ерекшелік жоқ еді. Қайта одақтағы украин және грузин сынды өзге 
мүшелердің де мақсаты осы еді. М. Шоқай большевиктер күн өткен сайын 
қармағын Грузияға салып келе жатқандығын байқады. Екі жылдан астам 
уақыттан бері жаңа құрылып, Түркия мемлекеті мен большевиктер қол 
астында қалған Түркістанның саяси мәселелері туралы Тбилисидегі баспасөз 
беттерінде мақалалар жазып көріне бастайды. Бірақ енді Грузияға да 
большевик қаупі төнді. Сондықтан кейбір орыс демократтары Шоқай мен 
Чайкинге уақыт өткізбестен Тбилисиден кетулері керектігін, большевиктер 
қолына түскен жағдайда істің ақыры жақсы болмайтындығын ескертеді. 
Соңғы минутқа дейін Тбилисиден кетпеуге белін бекем буады.
1921 жылы 25 ақпан күні большевик күштері Тбилисиге басып кіре 
бастады. Сөйтіп, М. Шоқай Әзірбайжаннан кейін Ресейдегі соңғы 
тұрақтаған мекені Грузияны да тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл жағдай
Шоқайдың Түркістан мен Ресейді күреспестен тастап кетуге мәжбүр болды. 
Украинаның бұрынғы Сыртқы істер министрі Александр Чульгин Шоқайдың 
Тбилисиде өткізген екі жылдық мерзімін оның Түркістанның азаттығын 
үмітті күндері деп тұжырымдайды. 
Орта Азия мұсылман ұлттық қоғамдары федерациясының ІІІ конгресі 
1922 жылы 18-22 қыркүйекте Ташкентте конспиративтік жағдайда өтеді. 
Жанама мәліметтерге қарағанда, жиын Ташкенттің нағыз орталығында 
орналасқан Қазақ педагогикалық институтының ғимаратында болған 
секілді. Конгресте қазақ зиялылары басым болды. Ұйымның аты «Түркістан 
Ұлттық Бірлігі» (ТҰБ) болып өзгертілді. Түркістанда біртұтас тәуелсіз 
мемлекет орнату үшін бірлескен күрес жүргізу жөнінде бір ауыздан шешім 
қабылданады. Өлкені мекендеген жергілікті халықтарды ұлт, ру-тайпаға 
бөлмеу жөнінде келіседі. Сөйтіп, ұлы Түркістан ұғымы дүниеге келеді, бұл 
Мұстафа Шоқайдың бұрыннан алға тартып келген ой-пікірлерінің 
заңдастырылумен тең еді. Жалпы алғанда съезд жұмысының табысты 
аяқталуына оған қатысқан Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев, 
Манауар Қари, Ғазымбек Бірімжанов секілді тұлғалар үлкен ықпал 
жасайды. Конгрестің шешімі бойынша ұйымның төрағасы А.З. Валидидің 
Еуропаға өтіп, М. Шоқаймен бірлесе отырып Түркістан халықтары мәселесін 
халықаралық аренада қою ұсынылды. 
Саяси ұйым құру және оның барлық бағдарламалық шешімдері 
бойынша қайраткерлердің М. Шоқаймен хат арқылы келісіп отырғанын 
ерекше атауымыз керек. Оны А.З. Валидидің өзі де мойындайды. Бұхара 
Халық Республикасының бұрынғы қорғаныс министрі Абдулхамит Арифов 
өзі де хабарласып, М. Шоқай мен А.З. Валидидің хаттарын бір-біріне 
жеткізіп тұрды. Башқұрт қайраткері 1922 жылдың 22 маусымында жазған 
хатында М. Шоқай Самарқандта өткен жиынның қорытындыларын және 
Мәскеуден алынған ақпараттарды хабарлайды, большевиктердің ұлт саясаты 
жөніндегі өзінің ой-пікірлерін білдірді. Сол жылы Валиди «Шығыстағы 


172 
әлеуметтік революция және реакцияның қаупі жағдайындағы Шығыстың 
революциялық интеллигенцияның міндеттері» деген еңбегінің бір данасы 
М. Шоқайға, бір данасын Ғазымбек Бірімжановқа жіберді. 
1923 жылдың 26-28 шілдесінде Түркістан Ұлттық Бірлігінің Кабулда 
(Ауғанстан) өткен межілісінде ұйымның өкілдері болып Еуропада М. 
Шоқай, Түркияда Осман Қожаев, Ауғанстанда А. Арифов тағайындалды, 
А.З. Валидиге Париждегі М. Шоқаймен бірлесе отырып, ТҰБ-тың орталығы 
Берлинде не Ыстамбұлда ұйымдастыру жөніндегі шешім қабылданады. 
Ауғанстан үкіметі келісім берген жағдайда Хашим Шайық Жапонияға 
жіберілетін болды. ТҰБ-нің осыдан кейінгі басқосулары Еуропада өтеді, 
мұнан кейбір авторлар оның негізінің шет жерде қаланғандығы жөніндегі 
пікірге келеді. Б. Садықова өз зерттеулерінің бірінде: «Мұстафа Шоқай 
Парижде құрылған Түркістан Ұлттық Бірлігінде (Union Nationale du 
Turkestan) басшылық жүргізеді», - деп жазды. М.Шоқай болса «ТМБ» деген 
мақаласында: «Біздің ТМБ (Түркістан Милли Бирлиги - яғни Түркістан 
Ұлттық Бірлігі ) эмигранттық ұйым емес. Ол елдің ішінде, Түркістанда 
азамат соғысының ауыр жылдарында, яғни 1922 ж. Ташкентте, Самарқандта, 
Бұхарада және басқа қалаларда дүниеге келді», -деп көрсетеді. 
1924 жылдың 9 мамырында ТҰБ-нің Берлинде өткен отырысында 
М. Шоқайды ұйымның Еуропадағы өкілі етіп тағайындау жөніндегі шешім 
күші жалғастырылды. Сол жылы күзде М. Шоқай ТҰБ-нің Берлинде 
өткен Еуропадағы I конгресінің жұмысына қатысады. А. Қара осы
конгресте М. Шоқай мен Будапешттен келген Ғалымжан Таған «ант беріп, 
ұйымға мүше болып кірді» дейді. А. Қара мұны А.З. Валидидің 
«Естеліктері» негізінде жазып отырған болуы керек. Бірақ башқұрт 
қайраткері А.З. Валиди Тоған мен М.Шоқай «ұлттық бірлік мақсаттары
мен ісіне адал болуға ант берді» деп көрсетеді. Ал Валидидің қазақ 
қайтаткерлерінің ТҰБ-не күдіктеніп барып қосылғандығы жөніндегі 
тұжырымы ұйымының хаттамаларымен, басқа да құжаттармен салыстыруды 
қажет етеді. М. Шоқай ТҰБ-нің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ 
ұйымның Еуропадағы өкілі болып тағайындалуына байланысты сырттай 
мүшесі болып қабылданған еді. Әңгіме Түркістанның дербес мемлекет 
болуы, не болмаса Ресей демократиялық республикасы құрамындағы 
автономия үшін күрес жүргізілуі жөнінде болуы тиіс. Оған қоса
А.З.Валидидің 
еңбектерінде 
өзін 
дәріптеуге, 
Түркістан 
ұлттық
қозғалысындағы жетекшілік рөлін, ТҰБ-нің негізін қалағандығын асыра 
бағалаушылық айқын баға берген. Бұл жағдай А.Қараның да еңбегіне 
белгілі дәрежеде әсер еткен. 
1925 жылдың 12 мамырында ТҰБ-нің Еуропадағы тағы бір жиналысы 
өткізіліп, онда ұйымның орталығы Ыстамбұлда болуына және шығарылуға 
тиісті «Йени Түркістан» газетінің тілі, бағдарламасы жөнінде шешімдер 
қабылданды. 1927 жылдың ақпан айында Гейдельберг (Германия) қаласында 
өткен кезекті мәжілісте М. Шоқай кеңес өкіметінің Түркістандағы ұлт 
саясатына арналған баяндама жасайды. 
ТҰБ-нің сол жылдың наурыз айында Ыстамбұлда өткен конгресінде 


173 
М. Шоқайдың Еуропадағы өкілдігі бекітілді. Жиынға А.З. Валиди, Осман 
Қожаев, Бұхара Халық Республикасының бұрынғы қаржы министрі Насыр 
Махмуд, Мустафа Шахкули Абдулқадр Инан қатысты. «Йени Түркістан» 
журналын Абдулқадр Инанның басқаруы мен шығаруы жоспарланды. Ол 
басылым А.З. Валиди мен А. Инанның редакторлығымен 1927 жылдың 
маусымынан бастап жарық көре бастады. ТҰБ-нің баспа органы ретінде 
М.Шоқайдың басшылығымен 1929 жылдың ақпанынан Берлинде «Яш 
Түркістан» журналы шығарылады.
ТҰБ-нің жұмысын жолға қою, эмиграциядағы азаттық қозғалысы 
жетекшілерінің бір мақсат жолында басқаратын біріктіру оңайға түспеді. 
«Түркістан Ұлттық комитеті», «Түркістан Ұлттық одағы» «Орта Азия 
комитеті» деген бұрын жеке-жеке құрылған ұйымдардың ТҰБ атынан емес, 
өз алдына дербес әрекет етуге тырысушылығы орын алады. Ұйым 
басшыларының араларындағы пендешіліке негізделген түсінбеушіліктер, 
кеңес барлау органдарының іріткілік әрекеттері де ұйымға теріс ықпалын 
тигізеді. Әсіресе А.З. Валидидің М. Шоқайды орынсыз кінәлауы, қазақ 
қайраткерінің орыс эмигранттарының баспасөздерімен шығармашылық
қарым-қатынаста болуын ұйым мақсатына кереғар келеді деп пайымдауы 
үлкен алаңдаушылық туғызады. Осы себепті 1927 жылы М.Шоқай 
«Түркістан Ұлттық Бірлігі» ұйымының Орталық Комитеті құрамынан 
шығып кетеді.
М. Шоқай мен А. Валиди араларындағы кикілжіңнің бір қыры «Йени 
Түркістан» журналының идеялық бағытына нұқсан келтіретін кейбір 
материалдардың жарық көруінен туындады.
Оның бір мысалы журналдың бірінші санында: «Халық сенімі 
бойынша, Түркістанды жаулап алғанда орыстарға Алла көмектескен, 
олардың әскерлерінің құрамында Қызыр Ілиястың өзі болған», - деген 
мақаланың басылуы еді. Мұны М. Шоқай Түркістанның тәуелсіздігі үшін 
күресте бұл басылымның идеялық ұстанымының солқылдақтығын білдіреді 
деп есептейді. А. Валиди мен М. Шоқай араларындағы түсінбестіктің 
астарында олардың бұрынғы Бұхара әмірі Саид Мір Әлімханға да түрлі 
көзқараста болуы бар-ды. Башқұрт қайраткері «Прометей» журналында 
М. Шоқай жақтастарының әмірге қарсы ашықтан-ашық әшкерелеу 
материалдарын жариялауға қарсы шықты. Мұстафа болса, тәуелсіздік 
идеологиясын бопсалау, бүркемелеумен қалыптастырудың мүмкін еместігі 
туралы бас тартпады. А.З. Валидидің «Түркістан Ұлттық Бірлігінен» шығып, 
өз алдына башқұрт ұйымын құруы мұғыжарлар арасында қолдау таба 
қоймады. Түркістандықтар мен башқұрттар арасында текетіреске әкелуі 
мүмкін мұндай әрекеттің зиандылығы жөнінде М. Шоқай 1929 жылдың 14 
маусымында Т. Дабровскийге жазған хатында үлкен алаңдаушылық білдірді. 
А.З. Валиди өзінің бұл ісін ТҰБ-нің федеративтік сипатымен, оны 
құрған өзбек тер, қазақтар және башқұрттар екендігімен түсіндіргісі келеді. 
1929 жылы осы жікшілдік әрекеті үшін және М.Шоқайды негізсіз 
кінәлауына байланысты А.З. Валиди ТҰБ-не мүшеліктен де, оның Орталық 
Комитеті құрамынан да шығарылды. М. Шоқайдың ТҰБ-нің Орталық 


174 
Комитетіне мүшелігі қалпына келтірілді. Орталық Комитеттің төрағаларына 
Осман Қожаев сайланды. Оның басқаруындағы ТҰБ-нің мардымды жұмысы 
1933 жылы 12 қараша күні Қашқарда тәуелсіз Шығыс Түркістан 
Республикасымен қатынас орнатуы болды. Түркі халықтарының бір бөлігінің 
жеңісін ТҰБ мүшелері үлкен қуанышпен қарсы алды.
ТҰБ-нің соңғы конгресі 1939 жылы 24 наурыз – 2 сәуір аралығында 
Берлинде өтті. Конгреске М. Шоқай, Тахир Шағатай, Междеддин Делил, 
Шакир Ибрахимоглы, Абдулахап Оқтай қатысады. Түркия үкіметінің шешімі 
бойынша қоныс аударуға мәжбүр болып, Варшавада тұрып жатқан 
О.Қожаев ұйым мүшелігінен шығарылып, оның төрағалығынан босатылады. 
Ұйымды басқаратын орталық құрамына М. Шоқай (төраға), М. Делил, Тахир 
Шағатай сайланды. Конгірестің шешімі бойынша ТҰБ орталығының 
Ыстамбұлдан Еуропа қалаларының біріне көшірілуі ұйғарылды. 
Алайда А.З. Валиди ТҰБ басшылығынан босатылған кезден бастап 
іс жүзінде ұйымды М. Шоқай басқарғанға ұқсайды. А.З. Валиди мен М. 
Шоқайдың хаттарын түрлі мұрағат материалдармен салыстыра зерттеп, 
«Ресей эмиграциясының тарихынан» деген жинаққа жазылған кіріспе авторы 
В.П. Булдаков осындай түйінге келді. Ол, тіпті, бұл билікті «ешкіммен 
бөліспеді» деп көрсетті. ТҰБ Орталық Комитеттің төрағаларына 
О.Қожаевтың сайлануы жөнінде жазып отырған А. Қараның өзі де 1928 
(1929 жылы болуы керек) жылдан бастап бұл ұйым «М. Шоқайдың рухани 
жетекшілігімен жұмыс істегенін» мойындайды. 
ТҰО ның Берлинде өткізген осы соңғы конгіресінен кейін қандай да бір 
маңызды жұмыс атқаруға мұрша келмеді. 1939 жылы басталған және күн 
өткен сайын ушыға түскен ІІ дүниежүзілік соғыстың аласапыран жағдайында 
одақтың жұмыс атқаруы да мүмкін емес еді. 1929 жылдан бері үздіксіз 
шығып тұрған "Яш Түркістан" журналы да соғысқа байланысты сол жылдың 
қыркүйек айынан бастап тоқтап қалды. Ал екі жылдан соң, 1941 жылы 
Шоқайдың Берлинде қайтыс болуымен жетекшісінен айырылған ТҰО- ның іс 
қимылы біржолата тоқтады. Сонымен, 1920 жылы А.З.Валидидің 
бастамасымен Самарқанта құрылған, 1928 жылдан бастап Шоқайдың рухани 
жетекшілігімен жұмысын Түркия мен Еуропада жалғастырған күресін ТҰО 
он тоғыз жыл бойы большевизмге қарсы Түркістан ұлт-азаттық күресіне 
бағыт бағдар берген ұйым ретінде тарихта қалды. Шоқайдан кейінгі Тахир 
Шағатай ТҰО ның миссиясын жалғастыруға күш жұмсағанымен, бірақ 
табысты болмады. Мұстафа Шоқайұлының осыншама еңбегінің негізгі 
мақсаты діні бір, тілі бір, мәдениеті ортақ халықтардың басын бір орталыққа 
біріктіретін «Біртұтас Түркістан идея негізіндегі» автономия құру еді. 
Мұстафа Шоқайдың "Түркістан легионын" құрушы қанішер, кекшіл 
адам ретінде көрсетуді қолдайтын авторлар жоқ емес. Бұл шындыққа 
мүлдем жанаспайтын тұжырым. Олай дейтініміз Мұстафа Шоқайұлының 
"Түркістан легионы" сияқты әскери құрылым өмірге келгенге дейін өмірден 
өткені дәлел бола алатын фактілер жеткілікті. Соның бірнешеуін келтіре 
кетейік. Бұл ретте ең нақтылы дерек - Мұстафа Шоқайұлының жары Мария 
Шоқай естелігі. Міне, осы естелігінде Мария Яковлевна Берлин қаласының 


175 
"Виктория" ауруханасында 1941 жылы 27 желтоқсанда өмірден қайтқан 
жары Мұстафаның бейнесімен соңғы рет қоштасқаны туралы мынадай деп 
жазады: «Шыны 4 қабырғаның ар жағында, ағаш табыттың ішінде Мұстафа 
үстінде жібек пижамасымен жатыр екен. Бетін ақ матамен жауып қойыпты, 
қолдары қарнының тұсында айқасқан, ұйықтап жатқанға ұқсайды, жүзі 
жасарып кеткендей көрінді. Өлген емес, қатты ұйықтап кеткендей көрінді. 
Қарсы қабырғаға табыттың қаңқасын сүйеп қойыпты. Мен Парижден Құран, 
сәлде әкелген болатынмын. Қолының үстіне Құранды қойдық, тақия мен 
сәлдені мұсылмандар әдетіндей басына кигіздік». 
Мария Яковлевна Шоқайдың осы естелігінен кейін, Махмут Айдарлы 
дегеннің "Опасыздардың айлалары" атты кітабында Мұстафа Шоқай 1942 
жылы өлді деген дерегін үзілді-кесілді жоққа шығарады. Сондай-ақ, 
жарының басына қойылған құлпытасқа "27. 12. 1941" деп ойдырып 
жазылған. Міне, бұл негізгі деректер Мұстафа Шоқайұлының «Түркістан 
легионы» құрылып, күшіне енгенге дейін өмірден өткенін дәлелдеп отыр. 
Тахир Шағатайдың кітабында М. Шоқайға «у беріліп өлтірілді. Өз 
ажалымен өлген жоқ деген дауға да орын берілген. Сондай-ақ онда: « 
Өмірінде ұзақ жылдар қоғамға қызмет істеген және бүгін біз аманатына 
күзетшілік етіп отырған Түркістанның ұлттық бірлігі мен азаттық 
қимылының көсемі марқұм Мұстафа Шоқайға сілтеме жасағандар бізді 
солай түзетіп жасауға мәжбүр етті».- деп көрсетілді. 
Т. Шағатай мен А. Оқтайдың М. Шоқайдың жеке архивтерінің бір 
бөлігіне, әсіресе соңғы кездегі жазғандарына ие болғанын аңғартады. 
Зерттеу барысын сараптай келе, 1995 жылдың қыркүйек айында Кельн 
қаласынан доктор Баймырза Хайт арнайы сапармен келді. Қазақ ұлттық 
университетінде 
үлкен 
ғылыми 
конференция 
ұйымдастырды. 
Конференцияны ұйымдастырған философия ғылымдарының докторы, 
профессор А.Х. Қасымжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор 
М.Қ. Қойгелдиев. Конференцияда көптеген сауалдар қойылды, пікір 
таластар болды, сонда өзі болған легион жайлы Баймырза Хайт былай деді: 
«Мен 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін бір айдан соң пленге түстім, 
пленде бір миллион жеті жүз мың түркістандықтар бар еді. Неміс пленінде 
жүргенде түркістандықтар шағатай тілінде Абайдың, Мақтымқұлдың 
өлеңдерін оқығанда бір миллион жеті жүз мың түркістандық өте мұқият 
тыңдаған еді. Бірақ ауру көп, тамақ, киім жетіспейтін еді. Бір күні 3-4 неміс 
офицерімен бірге орысша киінген бір азамат келді. Ол кісі менің атымды 
сұрады, мен айттым, жерімді сұрады, сонда мен «Ферғанаданмын» дедім. Өзі 
танитын біраз кісілерді айтты, мен таныдым. Содан кейін менің 
мамандығымды сұрады, түрмеде көптеген адамдар аштан өліп жатқаннан 
кейін мен «технологпын» дедім, ол кісі ойланып тұрып: «Түркістанда 
Мұстафа Шоқайды естіп пе едің», - деді, мен айтып бердім. Содан соң ол 
менің саясаттан хабарымның бар екенін біліп, «шыныңды айт, қайсысына 
оқып едің» дейді. Мен шынымды айттым. Содан соң жағдайымыз түзеле 
бастады. Мені неміс офицерлеріне айтып «бұл бізге керек, Түркістанның
тарихын біледі» деп, сөйтіп аман қалдым .


176 
Түркістандық тұтқындардың жағдайымен әбден таныс болған Мұстафа 
Шоқай жұбайына жолдаған хатында мынадай жолдар бар еді: "Мен көмек 
сұрап, үміт күткен осы бақытсыз бейшараларға ешқандай жәрдем жасай 
алмағаным үшін жан азабын шегудемін... Мұндай жағдайда бұдан әрі шыдай 
алатын түрім жоқ, өлгенім артық. Кеше отыз бес адамды ату жазасынан 
құтқардым, бірақ та қашанға дейін екені белгісіз. Оларды бір орға тізіп 
қойды, қазір қазан айы, ал олар болса жаздық киімдерімен, жартылай 
жалаңаш, суықтан қорғану үшін топырақтан пана жасау үшін қолдарымен 
жерді қазуда. Оларға итке тастаған сияқты нан тастайды, су атымен жоқ. 
Оларға тақтай, бөз немесе сабан сияқты әйтеуір жылылау қорған болатын
нәрсе берулерін өтіндім. Берді ме, бермеді ме, ол да белгісіз. Айуаннан да 
бетер бұл "мәдениетті адамдар". Неміс халқы өздерін мәдениетті халықпыз 
деп санайды, бұлардың адам басына жасаған зұлымдығы мен қиянатын XIII 
ғасырда әлемді жаулаушы Шыңғысхан істемеген; мұны көре тұра, мен 
мәдениетті халық санамаймын, менің өлгім келеді. Осы "өлу" сөзімен 
хатымды аяқтағым келеді". 
Мұстафа Шоқай тек қана түркістандықтар алдында ғана абыройлы 
болмаған. Оның осындай қадірлі есімі мен беделін фашистік вермахта да 
пайдаланғысы келген. Бірақ фашистермен қызметтес болуды қаламады, ол 
сондай-ақ Кеңес үкіметінің де саясатын қабылдамайды. Демек, сол кездегі 
ахуалды жақсы түсінген, кемел ойлы Мұстафа Шоқай екі оттың арасына 
түскен отандастарына тығырықтан шығарар үшінші жолды ойлаған, ол 
қандай жол екенін тек Мұстафа Шоқайдың ғылыми мұраларын толық 
ашқанда білеміз. Ол көптеген ғылыми зерттеуді талап етеді. Алаш Орда 
партиясының негізін қалағандардың бірі Мұстафа Шоқай еңбектері саяси 
теориялық жағынан талданып, іс жүзінде қолдану жолдарын іздестіретін. 
Бүған Гитлер мен Сталиннің зұлым саясаттары да түрткі болды. Сталин 
алашорданың басшыларын да, Францияда саяси пана тапқан Шоқайды да 
"ұлтшыл" деп қаралады. Атына қара күйе жағылған Шоқайдың 
ұлтшылдығын неміс зерттеушісі былай сипаттайды: "Легионшылар мен 
комитет мүшелерін ұлтшыл деп атайтын болсақ, "ұлтшыл" деген ұғымды 
түсіндіре кету керек. Ұлтшылдардың озбыр түрі болады. Әдетте, әсіресе, 
саны аз, кіші ұлттарға қолданылады. Мұның айқын мысалы - фашизм. 
Ұлтшылдықтың басқа да түрі бар. Ол біреуге қарсы емес, керісінше, 
халықтың тәуелсіздігі үшін жүргізген күрестің негізі болып, демократиялық
идеялармен ұштасады. Оны демократияның алғашқы сатысы деп атауға 
болады. Мұстафа Шоқай және легион құрамындағы саяси күрескерлердің
ұлтшылдығы дәл осы екінші түрге жатады. Ұлтшылдықтың бұл түрін ұлттық 
сана-сезімнің өркендеуінің бір көрінісі деп тану керек." 
Әр алуан деректер бойынша, 1942 ж. көктемінде құрылған "Түркістан 
легионы" құрамында болғандардың саны жүз сексен мыңнан екі жүз
елу мыңға жетіп, бұл әскери құрылым шығыс легиондар арасында ең 
үлкені болыпты. Десе де, Мұстафа Шоқай мұндай әскери құрылымды қажет 
деп таппаған, тіпті қарадай қарсы болған. Өйткені, оның пікірінше, 
фашистер лагерьлерінде зұлымдық, айуандықтан зардап шеккен жандарды 


177 
қайтадан қанды соғысқа айдап салу - адамгершілікке жатпайтын іс.
Оның орнына оларды фабрика мен заводтарға жұмыс істеу идеясын
ұсынды. 
"Түркістан легионының" құрылуын ой елегінен өткізе келе, бұл істің 
іске асыру мақсаттарын немістер соғыс болмай жатып ойластырған. Себебі 
Совет Одағына тарпа бас салуға фашистік рейх мұқият дайындалды. 
Большевизмнен 
ұлтшыл-социалистік 
Германияның 
ең 
басты 
қас 
дұшпанының бейнесін көрген Германия дипломатиясы сонау 30-шы 
жылдардың аяқ шегінен бастап-ақ болашақ қарсыласы жөнінде деректер 
жинай бастайды. Сол себепті пантуранизм мен пантюркизмге қызығушылық 
кездейсоқтық емес ті, өйткені рейх большевизмге қарсы күресте КСРО-дағы 
саны көп түркі халықтары өкілдерін қатыстыруды көздеген болатын. Бұған 
қоса "түркі халықтарын" ояту арқылы Германия Түркияға қысым көрсетуді 
де ойластырған сыңайлы. (Гилязов И. «Пантюркизм, Пантуранизм және 
Германия», «Этнографиялық шолу». Ресей Ғылым Академиясы.-Мәскеу, 
1992. №2.92-93 б.). 
Сонымен, 1941жылдың көктемінде Германия Сыртқы істер министрлігі 
жанынан Ресей мәселесіне қатысты істер жөнінде Комитет құрылды да, ол 
совет-герман соғысы басталысымен Шығыс министрлігіне (Остминиструм) 
өзгертіледі. Оны Альфред Розенберг басқарады, қызметкерлер арасында 
белгілі лингвист-ориентолог, профессор, КСРО-дағы түркі халықтары 
жөніндегі маман Герхард фон Менде бар еді. Кейінірек ол «Жат халықтар» 
атты ірі бөлімнің бастығы болады. Осылайша, совет-герман соғысы 
қарсаңында түркі халықтары мен пантюркизм жөніндегі ақпараттарды жинау 
дипломатикалық каналдар арқылы (баяндамалар мен Германияның Түркия 
мен КСРО-дағы елшілігінің хабарламалары) және фон Менде тәрізді 
оренталист ғалымдар мен түрік-татар эмигранттарының көсемдерін осы іске 
тарту арқылы екі бағытта жүргізілді. Осы орайда Мұстафа Шоқайдың 
зайыбы 
Мария 
Яковлевна 
Горина-Шоқайдың 
өз 
естеліктеріндегі
Германияның Совет Одағына тұтқиылдан соғыс ашуы күні, яғни 22 
маусымда Мұстафа Шоқайдың тұтқындалып, басқа да "кепілдікке алынған 
құрметті 
зиялылармен" 
Компен 
қорғанында 
қамалғаны 
туралы 
жазбаларының астарында жатқан саяси іс-әрекеттің мәні түсінікті 
болатындай. Дегенмен неміс рейхіне қолдау мәселесі жөніндегі пікірлердің 
бір арнаға тоғыспай, екі айырылғанын атап өткен жөн тәрізді. Мұстафа 
Шоқай Мехмет Элин Ресульзаде, Раяз Исхаки, Ахмед-Заки Валиди, Рашид 
Ризмати, Абдул-Рани Усман, Джафар Сейд-Ахмед тәрізді "Прометей" 
(Польшада құрылған ұйым) лигасына біріккен басқа түркі халықтары ұлттық 
қозғалысының көрнекті қайраткерлерімен бірге рейхтың Сыртқы істер 
министрлігінің "қара тізіміне" енгізіледі. Бірақ большевиктік идеологияға 
қаншама қаны қарайған өшпенділігі болғанымен, бұлар Гитлердің 
диктаторлық тәртібін қолдауға мүлдем құлықты емес-тін (Гилязов И. 
Көрсетілген еңбек. 95. б.). Немістердің түркі халқы жайлы негізгі ойы Совет 
Одағына қарсы пайдалану. Түркістан легионының құрылуы да осы мәселені 
негіздейді. 1941 жылы желтоқсан айының басында Альфред Розенберг 


178 
Гитлерге түріктік легиондарды құру идеясын қолдайтыны туралы есептік 
анықтама құжат жолдайды. Гитлер бұл идеяны толық қуаттайды (көрсетілген 
еңбек. Патрик фон цур Мюлен.58.б.).
Міне, біз бұл деректерден Түркістан легионының негізін қалаған 
Мұстафа 
Шоқай 
емес, 
гитлерлік 
немістердің өздерінің 
тікелей 
ұйымдастырумен құрылғанын аңғарамыз. Неміс өкіметі жоғары лауазымды 
басшыларының шығыс халықтарынан көмекші отряд жасақтау мәселесіндегі 
қарсылықтары жойылып, легиондарды ұйымдастыру турасында алғашқы 
жұмыс қолға алына бастады. Розенберг мұсылман және түркі тектес 
тұтқындардан көмекші жасақ жасақтау жөніндегі жобасын желтоқсан 
айының басында Гитлерге ұсынды. Гитлер жобаны бекітіп, 1941 жылы 22 
желтоқсан күні неміс қарулы күштері құрамында түркістандықтардың, 
армяндықтардың, 
грузиндіктердің 
және 
Кавказ 
мұсылмандарының 
легиондарын құру туралы бұйрық берілді. 
Легион жобасына Шоқай қалай қарағандығы туралы өз жазбаларында 
мағлұмат келтірмейді. Бірақ төл тарихшыларымыздың зерттеулерінше, 
Шоқай бұл жобаға жылы қарамаған, мүмкіндігінше одан тыс қалуға 
тырысқан деп айтады. Өйткені Шоқай бұл жобадан тыс қалуына бірнеше 
себеп бар еді. Ең бастысы шығыс халықтарын төменгі адамдар ретінде 
қараған ұлтшылдық идеологиясы еді. Гитлер Түркістан халықтарын қорлауда 
шектен шығып кетті. Оның пікірінше, Германия Кеңес территориясында 
билігін жүргізер болса, Орта Азияның түркі халықтарымен ешқандай да 
қарым-қатынас жасалмайды. Тек неміс ықпалы астында ұстап отыру 
мақсатында жыл сайын бір топ қырғызды неміс астанасына саяхатқа алып 
келуге болады. Бұдан басқа олармен қандай да бір байланыс орнатуға 
болмайды. Ал, шындығында, Шоқай саяси қайраткер ретінде халқын 
кемсітетіндермен ынтымақтастық жасай алмас еді. Бұдан бұрын 
баяндалғандай, Шоқай үшін халқының намысын қорғау барлық нәрседен 
жоғары тұратын. Большевиктерге қарсы саяси салада талай жылдар бойы 
бірге күрес жүргізген Керенскиймен ат құйрығын кесісіп, жолдарының 
айрылуының ең басты себебі осы жағдай болғанын жоғарыда айтып өттік. 
«Діни» газетінде түркістандық әйелдерді орангутанға теңеуі оны шектен 
шығарды. Ұлтшылдардың барлық Түркістан халқын корлауы бұдан да бетер 
еді. Мұндай қорлауға Шоқайдың шыдауы мүмкін емес. Шоқай туралы 
жаңсақ айтылған пікір де осыдан кейін теріске шығады, яғни Түркістанның 
тәуелсіздігі үшін Шоқай Гитлермен одақтасты деген жалған пікір.
Шоқай ұлтшыл нәсілшілдіктің түркі татар халықтарын қорлаған 
әрекетіне тап болады. Лагерьді аралап жүргенде азиялық деп оны төмен 
көрген бір неміс өзіне жол бермегендігін желеу етіп шапалақпен тартып 
жібереді. 
Шоқайдың ұлтшылдармен ынтымақтасудан аулақ болуына түрткі болған 
тағы бір маңызды себебі легион жобасы қабылданған тұста Германияның 
Орта Азия жөніндегі саясаты әлі белгіленбеген еді. Шоқай лагерьге қандай 
мақсатқа қызмет етіп жүргендігін білмегендіктен абыржулы болды.
Шоқай Түркістан легионына қатысудан бас тартты. "Яш Түркістан" 


179 
журналының барысында оған ұзақ жылдар бойы серік болып келген Тахир 
Шағатайдың жұбайы Саадет Шағатай да осындай пікір айтады. Шағатай 
Шоқайдың немістердің тұтқын жерлестерін орыстарға қарсы өз шептерінде 
соғысуға ынталандыру туралы талаптарына келіспегендігін атап өтеді. Оның 
айтуынша, Шоқай мұндай іс-қимылға үлес қоспайтындығын ашық түрде 
білдірген. Егер Шоқай Парижге аман-есен оралғанда, Шағатайға Түркістан 
легионы туралы ой - пікірлерін айтатын еді. Бірақ Шоқайға Парижге қайту 
бұйырмады. Шоқай бұдан былай тұтқындар лагерінде жұмыс істеуді 
қаламады. Соңғы барған Ченстохав лагерінен жұбайына жазған хатында: 
«Жұмыс қызықты емес, тұтқындарды санау ғана. Тез арада бұл жұмыстан 
босану керек және карантинде қамалып қалмауым керек», - деді.
Берлинге келген кезде Шоқайдың ыстығы 40 градуске көтерілді. Ол 
сүзек ауруы деген күмәнмен Виктория ауруханасына жатқызылады. Бір апта 
бойы көрсетілген ем еш нәтиже бермей, 1941 жылы 27 желтоқсан күні 
қайтыс болды. Неміс ресми қызметкерлері өлім себебі ретінде Ченстохав 
лагерінде жұқтырып алған сүзек ауруын көрсетті. Бірақ жұбайы Мария, 
жақын достары оның өліміне күмәнмен қараған. 1942 жылы 2 қаңтарда жұма 
күні Берлиндегі түрік қорымына жерленді. «Дұшпанымның дұшпаны
досым» деген бір жалпы қағида бар. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 
Кеңес одағының жауы Гитлер болды. Мұстафа Шоқай да Кеңес одағына 
қарсы күресті. Сондықтан ол Гитлермен одақтасты деген пікір бар. Бұл қате 
пікір. Мұстафа Кеңес одағының өзіне жау болған жоқ. Ол сол одақтан 
ұлтының тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін күресті. Гитлердің Кеңес 
одағына өшпенділігі М. Шоқай үшін керек емес еді. Сондықтан ол немістер 
тұтқынға алған түркістандық әскерлерді көрсетіп, олардан әскер жасақтауға 
ұсыныс жасағанда: «Сіздер Кеңес одағын жеңіп жатсаңыздар Орта Азияға, 
Түркістанға тәуелсіздік бересіздер ме?», - деп сұраған еді. Бірақ немістер бұл 
сұраққа жауап бере алмады. Өйткені Германияның сыртқы істер 
министрлігінің мұрағаттарындағы деректерге қарасақ, немістердің ол кезде 
Түркістанға тәуелсіздік беру туралы ойы да, жоспары да болмағанын көреміз. 
Керісінше, бұлар Түркістанды большевиктерден әрі анайы, дөрекі, жабайы 
түрде қанауды ойластырған. Фашистік көзқарас бойынша немістер өздерін 
әлемдегі жоғары ұлт, жоғары нәсілді халық деп санайды. Ал өзгелерді, 
әсіресе моңғол, татар, өзбек, қазақ, қырғыз секілді азиялық халықтарды 
«унтерменш» (Untermensch) дейді, ол неміс тілінде «адамнан төменгі 
мақұлық» дегенді білдіреді. М. Шоқайдың мұндай адамдармен, мұндай 
идеологиямен істес болуы мүмкін емес. Егер ол Кеңес билігімен дұшпандық 
пікірде болса, елінің тәуелсіздігін ойламастан бірден Гитлерге қосылып, 
Кеңес одағы күйресін дейтін еді. Мұндай ой болған жоқ. Ол тек менің елім 
тәуелсіз болсын, өркениетті елдер секілді жоғары мәдениетте өмір сүрсін, 
ұлттық ерекшеліктерін, құндылықтарын сақтасын, деген пікірде болған. 
Өкінішке қарай, кеңестік идеология Шоқайды халыққа жау қылып көрсетіп, 
адамдардың санасына сатқын, деген көзқарасты мықтап қалыптастырды. 
Жетпіс жылда қалыптасқан осынау көзқарастан құтылу оңай емес. 
Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса да, Шоқайға әлі де күмәнмен 


180 
қараушылар табылып жатыр. Оның шырмауынан толық айырылу үшін сана 
жаңғыру керек. Оны жүзеге асыратын тек тәуелсіз елдің жас ғалымдары 
болмақ. 
Түркістан ұлтшылдарының ел тәуелсіздігі жөніндегі арманы жарты 
ғасырдан кейін ғана жүзеге асырып отыр. Мұстафа Шоқай көрегендікпен 
айтқандай таптық большевиктік идеология күйреп тынды. Тәуелсіз 
Қазақстан Республикасы саяси дамудың демократиялық жолын таңдап алып, 
өз қалауын елдің Конституциясында бекітті. Әлемдік қауымдастыққа халық 
алдында өзінің өткен жолын ой таразысынан өткізу мен жаңа идеология 
аясында қоғамның әрі қарай даму стратегиясын айқындау мәселесін 
тартады. Бірақ бұл идеология енді таптық емес, адамгершілік көзқарастар 
мен идеялар жүйесінің шынайы өмір құндылықтарын бағалауға қызмет 
ететін бағыты басшылыққа алған идеология болуы тиіс. Бұл жердегі таңдау 
біреу-ақ, яғни өткен, қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға әлемдік 
қауымдастық қалап алған жалпы адамзаттық, гуманистік тұрғыдан келу 
болмақ. М. Шоқайдың "Біртұтас Түркістан" концепциясы жеке бір оқиға ғана 
емес, керісінше, терең иірімді, саяси мәні бар ауқымды бір тарихи саяси 
процесс. Аталмыш мәселе біздің өзіміздің ұлтымыз, ұлтшылдығымыздың 
тағдыры мен еліміздің әлемдік қауымдастықта алатын орны жөнінде 
жоғары сана сезім тұрғысынан ойландыруға тиіс. 
Уақыттың өзі көрсетіп бергендей, Түркістандағы социалистік
құрылыс қазақ және басқа халықтарға ұлттық, азаттық пен қажет әлеуметтік-
экономикалық гүлденуді қамтамасыз ете алған жоқ. Кеңестер Одағының 
ыдырауы, социалистік тәжірибенің жеңіліске ұшырауы соның айғағы. Олай 
болса, біздің бүгін Мұстафа Шоқай және басқа зиялы азаматтарымыз өмірін 
арнаған мемлекеттік дербестіктен бас тартуға ешқандай да құқымыз жоқ. 
Бұл Мұстафа Шоқай қатарында болған Алаш зиялылары қалдырған
аманатқа құрмет және болашақ ұрпақтар алдындағы міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет