Султанова нургуль камильевна



бет18/19
Дата05.01.2017
өлшемі6,83 Mb.
#6423
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Сабақтың тақырыбы: Жыр және опера 1 түрі

Сабақтың мақсаты:

-          оқушылар музыкалық шығармалардың күрделі құрылысы мен мазмұнын ұғындыру,

-           ұлттық музыкадағы халық ән-күйлердің тәрбиелік мәні мен мазмұнын, ерекшелігін түсіндіру

-          Оқушылардың музыка тыңдауға, орындауға баулу және музыкалық сауаттылығын кеңейту



Тәрбиелік мақсаты: халық музыкасына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақ әдісі: деңгейлік саралап оқыту, дамыта оқыту, модульдік оқыту, компьютерлік оқыту технологияларының әдістері

Көрнекілігі: магнитафон, нота жазылған плакаттар, домбыра, интерактивті тақта, компьютер.

Тірек ұғымдар: адалдық, ерлік, батырлық, шынайы махаббат

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Пайдаланылған әдебиет: «Қыз Жібек» эпосы


р/с

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

І

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту



        - Оқушылармен сәлемдесу.

-

-          - Дауыс жаттығуын жасау.



-          (Дауыс ашу үшін хормен «Біз бақытты баламыз» әнін айтқызу)

- Сәлемдесу

«Біз бақытты баламыз» әнін айтады.



5 мин

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

Экспресс сұрақтар қою:

-          - «Қыз Жібек» операсын кім жазды?

-          Брусиловскийдің өмірі жайлы қысқаша айтып бер?

-          - Опера дегеніміз не?

- Операның қысқаша мазмұнын еске түсірейік.

- Қыз Жібектің ариясында орындалатын ән қалай аталады?

- «Гәккудің»  бір шумағын орындап көр.

-«Гәкку» кімнің әні?

- Ыбырай Сандыбайұлы кім?


Сұрақтарға жылдам жауап берулері керек.

5 мин

Жаңа сабаққа қызығушылықты ояту

Ыбырайдың әнін жаңартып айттық.

Ал, ыбырай өзі «Гәккуді» қалай орындаған екен, тыңдайық.



Үнтаспадан «Гәкку» әнін тыңдайды.

2 мин

Кіріспе – қызықтырушылық жұмыс

«Әнші бар Көкшетауда талай ірі,

Ыбырай топ жарғанның ол да бірі.

Әні бар «Гәкку» деген аңқылдаған,

Аққудай айдын көлде қаңқылдаған – деп Ыбырайдың әншілігін осылай көрсеткен  Сәкен Сейфуллин өз поэмасында.»- деп мәнерлеп оқып, төмендегі сөздерге сөздік жұмысын жүргізу

-          Талай ірі

-          Топ жарған

-     Айдын көл


Тыңдайды, ой түйеді, жаңа сөздерді жазып алады, жаңа сөздерді қатыстырп сөйлем құрайды.

3 мин

ІІІ

Жаңа сабақ

- «Қыз Жібек» операсында негізгі кейіпкерлер - Төлеген мен Бегежанның бейнесі. және операдағы халық бейнесі.

1- слайд


Төлегеннің суреті.

Төлеген – батыр, ел қорғаны,  махаббатқа адал, жауыздыққа жаны қас ер жүрек, сұлу жігіт ретінде суреттеу.

- Үнтаспадан «Қос барабан» әнін тыңдату.

- Дәптерге сезімдеріңді түсіруге тапсырма беру



Қыз Жібек, Төлеген, Бекежан, Шегелерге мінездеме береді.

Төлегеннің мінездемесіне қосылады.

«Қос барабан»әнін тыңдайды. Дәптерлеріне әннің интонациясын белгілеп қояды.

Дәптермен жұмыс жасалады.



3 мин

2 мин


5 мин

ІҮ

Музыкалық сауаттылыққа баулу жұмыстары

2- слайд

Бегежанның суреті

Бегежан операда жағымсыз кейіпкер ретінде табылады. Оның:

- Жібекке деген шынайы махаббаты -  -Төлегенді жеккөрушілігі туралы мағлұмат беру.

Ой қозғау сұрақтары:

-Операдағы Бекежанның мінезімен байланысты музыка қалай берілген?

- Ән қалай аталады?

(Халық әні «Аққұм» орындалады)

- Үнтаспадан әннің бір шумағын тыңдату..

- Дәптерге Бегежанның ариясы «Аққұмның»  интонациясын белгілетіп жаздыру.

3- слайд

Шегенің суреті.

-Шеге – жағымды кейіпкер.Ол –суырып салма ақын, халық өнерпазы Жібектің ақылшы ағасы.

Топтық тапсырма

1- топ. Төлегеннің жақтаушылары.

2-топ–Бегежанның жақтаушылары

(опералық дауыспен өз кейіпкерлерінің рөлін ойнау)


Әнді тыңдайды.

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Шеге -Төлегеннің досы

Екі топ өз батырларын мақтайды.

Екі оқушы шығады.


10 мин

Ү

Бекіту

Қорытынды түсініктеме

Халық ауызәдебиетінің бір түрі - лироэпостық жырлар «Қыз Жібек» жыры лира эпосқа жатады. Өнерге, әнге жақын ауызәдебиеті бір-бірімен  тығыз байланысты. Халық ауызәдебиеті біздің рухани қазынамыз.



Тірек конспект жазады.

3 мин

ҮІ

Музыкалық сауаттылық

Тақтаға-  «Ария», «Ариоза» ережелері ілінеді, түсіндіріледі.

Оқушылар оқиды, дәптерлеріне жазады.

5 мин

ҮІІ

Сергіту сәті.

Хормен жұмыс әдісі



«Бір бала» әнімен жұмыс

Оқушылар орындайды




ҮІІІ

Үйге тапсырма

Бағалау


«Қыз Жібек» операсындғы Төлеген, Бегежен, Шегелерге мінездеме жазып, салыстырмалы кестеге түсіру.

Үй тапсырмасын жазып алады. Жырдан қалаған шумағын жаттау




Сабақтың тақырыбы: Жыр және опера 2 түрі.
Сабақ, қазақтың музыкалық өнерінің этникалық айырмашылығы, оның тұрмыстық түрлері, дүниетанымдық аспектілері және дәстүрлі көркем мәдениеттің ерекшеліктерін меңгерту негізінде. Сабақта оқушы өз халқының, оның мәдениетінің біте қайнасқан бір бөлігі ретінде сезінбейінше рухани дамудың мүмкін еместігіне көзі жетуі керек.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы табиғи музыкалық көркемдік қабілетін ашу, эмоциялық сезімін, білімін, этно – мәдениетін көтеру.

Білімділік міндеті: Сазгер зерттеуші Е.Брусиловскийді таныстырып, опера ұғымын түсіндіру.

«Қыз Жібек» операсынан «Би мен хор» - үзіндісін үйрету.

Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін үйрету.

Тәрбиелік міндеті: Әсемдік әлеміне музыка арқылы жетелей отырып сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру, қоршаған дүниенің шындығын көркем өнермен түйсіндіру.

Дамыту міндеті: Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдай білуін, орындаушылық машығын, тәрбиелеуде сауаттылығын, вокальді хор дағдысын қалыптастыруды дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекіліктер: Сазгер, әншілердің суреттері. Музыкалық ұғымдар, ән, операдан үзінділер.

Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, сурет, театр, би.

Сабақтың барысы:


  • Сәлемдесу. Мұғалімнің кіріспесі, сабақа дайындықтарын тексеру.

  • Үй тапсырмасы Е.Брусиловский туралы еркін жазу тапсырмасын сұрап, толықтыру.

  • Жаңа сабақты ұй тапсырмасымен сабақтастыру.

  • Е.Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығын толықтыра отырып, опера – ұғымына қайта айналып соғу тәсілі арқылы қайталау.

Опера – дегеніміз театр сахнасында қойылатын музыкалық – драмалық шығарма. Операның негізі өлең – сөзден, сахналық музыкадан құралады.



  • Е.Брусиловский тұңғыш қазақ операсын жазушы, «Қыз Жібек» операсын жазған. Операның музыкасына негізінен халық ән – күйлерімен халық композиторларының ән – күйлерін алған. «Қыз Жібек» операсындағы басты кейіпкер – Жібек. Жібектің тұңғыш операдағы рөлін К.Байсейітова орындаған.

  • Операның қысқаша мазмұны мен кітаппен жұмыс арқылы танысу.

  • Операның либреттосын, яғни әдеби поэтикалық сөзін жазған жазушы Ғ.Мүсірепов ағамыз.

Либретто – опера, балет және ораторияның әдеби – поэтикалық мәтіні.

  • Ендеше осы «Қыз Жібек» операсынан «Би мен хорды» үйренейік.

  • «Би мен хорды» таныстырып, әуені сендерге таныс па? Мағынасы нені айтып тұр?

  • Халық күйі «Кеңестен» үзінді орындап тыңдату.

  • Халық ән – күйлері деп қандай ән – күйлерді айтамыз?

  • Жауап алғаннан кейін «Би мен хорды» сергіту сәті, жаттығу ретінде үйрету.

  • Операның негізгі әуені басты ариясы ретінде Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» - әні алынған.

Бұл әнді хор мен оркестр орындап отырады. Жібектің жан дүниесі, сұлулығы, мөлдір махаббаты нәзік сарынды «Гәкку» әнімен берілген.

Музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуені бүкіл шығарма бойына жүріп отыруын – лейтмотив дейміз.

Операда «Гәкку» әні Қыз Жібектің ариясы ретінде алынған.

Ария – дегеніміз белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.



  • Сол әннің бүгін бір түрін үйренеміз.

Әнді үйрету әдістерін пайдалана отырып, вокализден бастап үйрету.

  • Ән мәтінін «Ән не айтып тұр?» деген сұрақ арқылы нақтылаймыз.

  • Қорытындылау.

  1. Қазақ операсының негізін қалаушы кім?

  2. «Қыз Жібек» рөлін операда ең алғаш орындаушы кім?

  3. Лейтмотив, либретто, ария дегеніміз не?

Сонымен опера неден тұрады?

Қорытынды-бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер.

  1. Құрманғазы. «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын», «Кісен ашқан».

  2. Тәттімбет. «Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Сылқылдақ».

  3. Сөзі: Х.Талғаров. Әні: И.Нүсіпбаевтікі. «Домбырасыз сән қайда»

Сабақтың мақсаты:

Білім беру – күйшілердің өмірі мен шығармалары туралы нақты, тиянақты таныстыру.



Тәрбиелеу – балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетиккккалық ләззат ала білуге баулу. Өнер иелерін үлгі тұтыпқастерлеу, өнеерлі оқушы болатынына сендіру.

Дамыту – музыклық қабілеттерін арттыру. Ән айту дағдыларын қалыптастыру. Балалардың шығармашылық белсенділініг түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, сурет, музыка.

Көрнекіліктер: композиторлардың суреттері, тақырыптық сурет салынған плоакаттар, мақал-мәтелдер, үнтеспа, баян, домбыра, буклет, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы: Оқушылар класқа Сарыарқа күйімен кіреді.

Ұйымдастыру кезеңі: Музыкамен сәлемдесу. Тақырыбын тақсатын айту.

Сұрақ «Күй дегеніміз не?»

Қазақтың домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы сияқты ұлттық музыка аспаптарында орындалатын әуентер КҮЙ деп аталады.

Музыа аспаптарында орынталатын шығармаларды аспаптық музыка дейміз.

Күй – бағдарлы мазмұны бар көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары тарихи оқиғалар, халық мерекелері, жан-жануарлар, аңыз-ертегілер, адам сезімдері, түрлі оқиғалар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, лирикалық күйлер, тарихи күйлер болып жіктеледі. ХҮІІІ ғасырда Байжұма, Есжан, Байжігіт, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен танымал болған. ХІХ ғасырда күйшілік өнердің одан әрі дамуына Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина, Сүгіз сиЯқты күйшілер өз үлестерін қосты.


  • Біз кімнің қандай кйінің әуенімен класқа кірдік?

  • Құрманғазының «Сарыарқа» күйі (оқушылар жауабы).

  • Ендеше Құрманғазаның күйлерімен өміріне тоқталайық.

ХІХ ғасырда саса көрнекті композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол 1823 жылы Атырау облысында дүниеге кеоген. Кішкентайынан күй өнер арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы күрескен дара тұлға өзінің басынан кешкен өмірін қайғы-қасіретін күй тілімен жырлап өткен.

Мұғалім: - Күйден нені байқадыңдар, күй сендерге қандай жайларды баяндап тұр. Күйдің көңіл-күйі қандай? («Сарыарқа» күйін тыңдау).

Жауап:

- күй қуанышты, шаттықты білдіреді. Аттың шабысын, қазақтың ен даласының тіршілігін баяндайды.



- Балалар қарындаш көмегімен суреттейік. (Шынар суреті)

Жауап: - Қазақтың кең байтақ даласының сұлулығы, әсемдігі, күйшінің батырлық мінезі сезілгендей болады.



  • Бұл күйді қандай оркестрдің орындауында тыңдап отырсыңдар?

  • Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрі.

  • «Сарыарқа» күйінің шығуы жайлы ел аузында мынадай аңыз әңгіме бар.

  • Құманғазы бірде түрмеден қашқан жолында Арқадағы Тәттімбетке соғып, қонақ болыпты. Сонда Тәттімбеттің сыйына риза болған Құрманғазы «Сарыарқа» күйн шығарыпты-мыс. Күйді тыңдап, айызы қанып, рахаттанған Тәттімбет «ендеше мен де саған күйц арнаймын» деп «Көкейкесті» күйін тартқан екен [44].

  • Құрманғазының «Адай» күйін тыңдап, көңіл-күйін, екпінін анықтау. Бұл тыңдаған кімнің күйі?

Құрманғазының «Адай» күйі. Құрманғазының жастарға арналған «Балбырауын» күйін тыңдау.

  • Көңілді, би ырғақты, екпіні тез.

  • Күй шертіледі, айналады.

  • Күй орындауының неше әдісі бар?

  • Екі әдісі бар: төкпе және шертпе.

  • Біз тыңдаған күйлеріміз неше әдіска жатады?

  • Төкпе.

«Сарыжайлау» күйін тыңдау.

  • күй нені көз алдымызға елестетеді.

  • Жайлаудың әсем сұлу табиғатын.

  • Бұл күй қандай әдіске жатады.

  • Шертпе.

Шертпе күй шебері, композитор Тәттімбет Қазанғапұлы Қарағанды облысы, Қу ауджанында 1817 жылы дүниеге келген Тәттімбеттің анасы Мөшеке ойға жүйрік, сөзге шешен, тапқыр адам болған.

Тыңдалған күйлерінің өзара айырмашылығы, ұқсастығы неде?

Әдісі, екпіні, көңіл-күйі, табиғатында.

Тәттімбеттің бестөре, «Былқылдақ», «Қосбасара күйлері ғасырлар бойы сан ұрпақтың рухани азығына айналып келеді.

Енді дауысымызды жаттықтырып алайық.


  1. «Киіз басук» әні.

  2. Құрманғазының «Ақбай» күйі.

  3. «Құстар әні» (Н.Тілендиев).

«Домбырасыз сән қайда» әні. Сөзі – Х.Талғаровтікі, әні – И.Нүсіпбаевтікі. Ақын, әнші композиторлар туралы айтылатын осы ір әнді орындайық.

Балалар, бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергеніміз үшін КІМ БҰРЫН ойыны арқылы дұрыс бауап беріп, сабағымызды қорытындылайық.

Сұрақтары:


  1. Құрманғазы кім?

  2. Қандай күйдің атасы?

  3. Қай жерде туған?

  4. Қандай күйлерді тыңдадық?

  5. «Сарыарқа»ә күйінен алған әсерлері, оқушыладың өздері шығарған өлеңдері.

Сап-сары менің Сарыарқам,

Құрманғазы ата сенің арқаң.

Аталғаны жердің Сарыарқа,

Әсемдігіне таңқалып күнде жатам.

Қорытынды: Міне, балалар, дәстүрлі күйшлік өнер дегеніміз осы.

Тақырыбы: Қазақтың күйші – композиторлары

Сабақ мақсаты:


  1. Білім беру – қазақтың ұлтттық аспаптары, олардың шығу тегін білу, ақындақ жыраулық, жыршылық, сал-серілік, күйшілік өнермен таныстыру.

  2. Тәрбиелеу – қазақ еліне, жеріне, салт-дәстүріне, мәдениетіне, өнеріне, тарихына сүйіспеншілігін тәрбелеу.

  3. Дамыту – сөз өнерін, грамматикалық жұмысты дамыту.

Сабақ мазмұны:

  1. Өткен тақырып үй жұмысын тексеру. Құрманғазы, Дина, Нұрғиса Тілендиев, М.Төлебаев, Ш.Қалдаяқов әндері.

  2. Жаңа тақырып. Жарсыс түрінде өтеді – 8 кезең 1-топ – «Домбыра» 2-топ – «Қобыз»

  3. Сабақ қорыту.

Көрнекі құрал:

  1. Күйлер: (домбыра, қобыз): Құрманғазы, Дина, Н.Тілендиев күйлері.

  2. Аспаптар: домбыра, қобыз, асатаяқ, мүйіз, сырнай, саз сырнай, даңғыра, дабыл, шертер, жетіген, сыбазғы, шаңқобыз, үскірік.

  3. Керекті заттар: асықтар, бәйге аттары, 2 қамшы.

  4. Сурет көріністері: Алтыбақан, бәйге, айтыс, көкпар, қыз қуу және өткен заманның күйші-компзиторлары.

Кіріспе: Қазақ салт-дәстүрге бай халық. Адам баласы жар салып жарық дүниеге келгеннен, бұ дүниемен қоштасқанаға дейінгі аралық, олардың әрбір баспалдағы, әрбір кезеңі өзіне лайықты той-томалақпен, қуанышепен аталып өткен. Қазақ қонақты құдайы күткен. Бұл қасиет қазаққа қанмен сіңген. Сондықтан бүгін келіп отырған қонақтарға сый көрсетіп, бәйге шаптырып, көкпар тартып, дастархан жаямыз.

Екі топ өз-өздерін таныстырады.

Біріншісі – «Домбыра» тобы.

(«Домбыра» күйі орындалды)

Екіншісі – «Қобыз» тобы. («Қобыз» күйі орындалады.)

Сабақтың барысы:

І кезең. Бәйге: Екі топтың бір-бір ойыншысы қаза күйші композиторларын айтады

ІІ кезең. Айтыс: Төрт ойыншы 2 топтан бір-біріне сұрақ беріп күйшілер туралы әңгімелеседі.

ІІІ кезең. Асық ату. 2 топтың жігіттері асық атып асықтың нөмірі бойынша аспаптарды атап, жазып әңгімелейді.

VІ кезең Көкпар. 2 топтың бір-бір ойыншылары тақырып бойынша грамматикалық салалас құрмалас сөйлем құрып оны талдайды.

V Кезең. Қыз қуу. 1- топтың қызы күйшіні атйды. 2- топтың қызы күйшінің шығармасын айтады. 1-топтың жігіті күйшіні айтады..

VI кезең: Аттыбақан. 2-топтың ойыншылары қазақ композиторларының әндерін айдары: 1-өлең («көзімнің қарасы»), 2-өлең («Менің Қазақстаным»)

VII кезең. Әзіл сықақ.



    1. Бір қазақ орысқа үйленіпті. Сөйтіп әйеліне «Қатын, мен жұмыстан кеолгенде тақиям сол шекемде болса менің көңіл-күйім жақсы, сыйлықты боласың. Егер тақиям оң шекемде болса, абайла, қамшының астанда қаласың», - депті. Оған әйелі: «Ей, мен тыңда. Егер сен жұмыстан келгенде менің қолым көкірегімде болса – сыйлы бесбармақты боласың. Егер қолым беімде болса сенің телпегің оң шекеңде ме, сол шекеңде ме түкіргенім ба ма?» - деп жауап беріпті.

Меңгеруші Әсетке: «Әсет сен балалармен араласа алмайсың. Адамға бере де білу керек, ала да білу керек дейді. Сөйтсе Әсет: Дәл солай. Мен Қанаттың құлағына бір бердім де, кәмпитін алдым [45].

VІІІ кезең. Асату. Екі топтың ойыншылары көздерін байлып, бір-бірін тортпен дәмдетеді.

Әділ қазыларға сөз біріміз.

Содан соң «Достар» жырын шырқаймыз.

Мұғалімнің сабақ бекіту сөзі.

Сабақтың тақырыбы: Тарихи күйлер

Пән атауы: Музыка 5 cынып

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Тарихи күйлер туралы толық мәліметтер беру. Тарихқа байланысты туған күйлердің тарихымен таныстыру. Саз тыңдату.

ә) Дамытушылық: Тарихи күйлер жайындағы білімдерін тереңдете отырып, оқушылардың сенімдерін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Оқушылардың ырғақты сезіну, орындау, есту арқылы тыңдай білу қабілетін дамыту.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру; өз бетінше естіген әуендерін талдай білуге баулу. Ұлттық өнерге баулу.

Сабақтың жабдықталуы:

а) Көрнекілігі: Жаңа тараудың аты мен жаңа тақырыптың аты жазылған лозунгтар мен плакатар, Ән жезылған кесте.

ә) Қолданылған әдебиеттер: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов, Ж.Сәрсенбенов. «Музыка» оқулығы. Алматы, «Атамұра» 2002 ж.

б) Техникалық құралдар: МР3 диск, үнтаспа, күйтабақ, күйсандық.

Сабақтың түрі: Кірістірілген аралас сабақ (тарих, музыка, әдебиет)

Музыкалық сауат: Вольта (1 23) белгісі

Әдіс-тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, саз тыңдату, әңгімелесу

Сабақ жоспары: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бекіту

Білімдерін бағалау

Ұйымдастыру кезеңі: а) Музыкалық сәлемдесу

ә) Оқушылар назарын өзіме аудару

б) Оқу құралдарын алғызу, түгендеу

Сәлемет пе балалар? Қазақстан Республикасының әнұраны мен мектеп әнұранын орындайық. Енді оқу-құралдарымызда алып, маған қарап, тып-тыныш отырамыз. Бүгін сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Енді үй тапсырмасын ашамыз.

Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақта үй тапсырмасы ретінде тарихи күйлерді оқуға берілген және «Елім-ай» әнін жаттау болатын. Кім сабақ айтады? Жаңа сабақ түсіндіру, жаңа сабақты бекіту.

Білімдерін бағалау: әр оқушыны өздері бағалайды.

Үйге тапсырма: Тарихи күйлерді оқу, «Домбырасыз сән қайда» әнін жаттау, музыкалық сауат оқу.

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Ертегілер елінде…

Мақсаты: 1.Білетін сүйікті ертегілерін еске түсіру, оқуға деген қызығушылықтырын арттыру. Ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау және білімге деген құштарлығын арттыру.

2. Кітапты көп оқуға баулу. Ойлау, сөйлеу, жүйелеу қабілеттерін дамыту. Әдемілікті, әсемдікті сезінуге баулу.

3. Шығармашылыққа, тапқырлыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлға болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, тапсырмалар.

Түрі:Топтық сайыс

Жоспары: І.Ұйымдастыру.

ІІ.Білесің бе?

ІІІ.Танисың ба?

ІҮ.Жанкүйерлер, ойлан!

Ү.Ол кім?

ҮІ.Бұл не?

ҮІІ.Сөзжұмбақ «Ертегі»

ҮІІІ.Кім жылдам?

ІХ.Қорытынды. Марапаттау.

Барысы: І. Ұйымдастыру.

Жүргізуші:

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Көңілді кеш жасайық!

Қайырлы күн, құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгінгі «Ертегілер елінде...» атты ойын сайысымызға хош келдіңіздер! Сайысымыз аты айтып тұрғандай, бүгінгі сайыс ертегілерге байланысты болады. Жалпы ертегі деген не?

-Олай болса, сайысымызды бастайық.

-Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Серігің болсын бойыңда. Бөлім «Білесің бе?» деп аталады. Бұнда қаншалықты зерек екендерің сыналады. Алдарыңда ертегілерден үзінді берілген. Сол үзінді қай ертегіден алынғанын табу керек. (2-слайд)

1-топқа: « Піс, қазаны, піс!»

2-топқа: «Ағаш, ағаш, маған жапырағыңды берші?»

3-топқа: Атасының тілегін орындаған балық.



Жүргізуші:Екінші бөлім (6-слайд) «Танисың ба?»

Жиналған бар суреттен

Көп жаңалық ұғамыз.

Әрбірінің өзіндік

Қасиетін табамыз.

-Бұл бөлімде берілген ертегі сюжеттеріне қарап, қай ертегі екенін айту керек және осы ертегідегі кейіпкерлердің суретін салу.

1-топқа: «Бауырсақ»

2-топқа: «Шалқан»

3топқа: «Балық»

-Топтар сурет салумен шұғылданып жатқанда жанкүйерлер қарап отырмайық.(13-слайд).



Жүргізуші:

Ертегілер сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

Жанкүйерлер, ойлан! Берілген сюжеттерден ертегі кейіпкерлерін атау, ертегі мазмұнын еске түсіру. Берілген үзіндіден ертегі кейіпкерлерінің атын атау.

Жүргізуші:

Көңілді тапқырлар , білгіштер,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.

-Кезекте «Ол кім?» бөлімі.(20-слайд) Берілген ертегіден үзінді оқи отырып, кейіпкердің атын табу.



Жүргізуші:

-Қиындықтан қашпаңдар,

Тапқырлықты ұштаңдар.

Самғап ұшып қияға

Жеңістерге бастаңдар.(24-слайд) «Бұл не?» Сызба арқылы берілген сөздер қай ертегі кейіпкерінің жүрісін білдіреді?

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер.

(26-слайд)Сиқырлы сөзжұмбақ. «Ертегі»



Жүргізуші: -Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске.



«Кім жылдам?» (29-слайд) Орны ауысқан әріптерден сөз құрау.

1-топқа: айдаһар, қасқыр

2-топқа: Қожанасыр, кемпір

3-топқа: Алдаркөсе, бауырсақ



Жүргізуші:

Сайыскерлер ойынын,

Тамамдадық біз бүгін.

Әділқазы береді,

Дұрыс, әділ шешімін.

IX. Қорытынды. Марапаттау.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі қазақ қоғамындағы мереке, ұлттық ойындардың, спорт жарыстарының ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты оята отырып, оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабылетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың басты құндылығы дәстүрлерінен үлгі ала отырып, ұлтжанды, ұлттық салт дәстүр үлгісіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, шығармашылық ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа, кесте, буклеттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар үстел үстіндегі қызыл, сары, жасыл оюларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

- Сабақтың мақсаты мен міндеті, кезеңдерімен таныстыру.

-Қандай әдіс- тәсілдерімен жұмыс істеу керек екендігін айтып кету.

ІІ Үй тапсырмасы.

- Тест тапсырмалары бойынша үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Дәстүрлі қазақ қоғамының өмірінде мерекелердің, ұлттық ойындар мен спорт жарыстарының алатын орны ерекше. Мерекелерде адамдар жаппай бас қосып, бір- бірімен сөйлесуге қарым- қатынас жасасуға мүмкіндік алады. Ұлттық ойындар мен спорт жарыстары жастарды төзімділікке, ұстамдылыққа, тапқырлық пен әбжәлдікке баулиды. Олар кез келген дене еңбегі мен ауыр сынаққа әрқашан әзір болып өседі. Сондай- ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқушылар :

І топ. Мерекелер

ІІ топ. Ұлттық ойындар.

ІІІ топ. Қазақтардың денсаулығы және халық емшілері.

1-тапсырма: Әр топ берілген тапсырмаға сай ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мерекелерімен, ұлттық ойындар қазақтардың денсаулығы мен халық емшілері туралы кітаптан оқып түсініктерін айту.

2-тапсырма : Қазіргі заманға сай осы түсініктерге жарнама жасау.

/өлең, сурет т.б оқушылар қиялымен/.

3- тапсырма:

Кім тапқыр? «Салт- дәстүрді білесіңбе?» деп аталып топтар арасындағы сайыс.


І топқа.

Киіз үйдің төбесі- шаңырақ.

Малдың жұқпалы аурулары- күйдіргі, шешек, қарасан, оба.

Балалардың жаңа киімдері, заты үшін беріледі- байғазы.

Жылқы сүтінен жасалатын сусын- қымыз.

Түйе иесі- Ойсылқара.

Жылдың басы- Наурыз.

Қыздың үйімен қоштасуы- сыңсу.

Қой иесі -Шопан ата.

Жүннен тоқылған бұйым -алаша.

Келіншектің бас киімі -сәукеле.
ІІ топқа.

Асау жылқыны ұстау үшін ұшына қыл арқаннан тұзақ байланған ұзын сырық -құрық.

Киіз үйдің қабырғасы- кереге.

Әжелердің бас киімі- кимешек.

Түйе сүтінен жасалатын сусын -шұбат.

Құдаға берілетін киім- киіт.

Қазақша жыл басы- тышқан.

Жазғы жайылым- жайлау.

Жүннен басылған төсеніш- сырмақ.

Тойда айтылатын ән- тойбастар.

Құдықтан су тартатын ыдыс- қауға.
ІІ топқа.

Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын- төр.

Уық үстінен тартылған бау- басқұр.

Қой, ешкі, сиыр сүтінен жасалатын сусын-айран.

Ешкі терісінен жасалатын жұмсақ аяқ киім- мәсі.

Үй жануарларының кепкен жапасы- тезек.

Қуанышты хабар- сүйінші.

Қыстық қоныс -қыстау.

Сиыр иесі -Зеңгі баба.

Жаңа туған нәресте құрметіне жасалады- Шілдехана.

Қой сүйегімен ойналатын ойын-асық.
ІҮ тапсырма: Мұғалім белсенді тақтадан қазақтың салт- дәстүріне байланысты сұрақтар көрсетеді , оқушылар жауабын дәптерге жылдам жазып шығу керек.


  1. Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балалар да қатысады. Ол үшін ала жіп, қайшы және жүйрік адам керек. Бұл не? /Тұсаукесер/

  2. Мұның қазақтарда екі түрі болған. Ол негізінен жыл мезгіліне байланысты бөлінген. Кейде жылжымлы түрі де қолданылған. Тұрмыс жағдайына қарай оның сәні де әр түрлі болған. Ұлттық ерекшеліктерімізді білдіретін кейбір бөліктері мемлекеттік рәміздердің бірінде бейнеленген. Ол не? /Киіз үй/.

  3. Ол үй жиһаздарының бірі. Тұрмыс қажетіне де, сәндік бұйым ретінде де қолданылған. Ол әр түрлі қызмет атқарады, соған лайық түрліше аталады және үй ішінің әр жерінен орын алады. Ол не? /Сандық/

Бекіту.

Әр топ «Қазақ салт- дәстүрінің тәрбиелік мәні қандай?» деген сұраққа топтастыру жасау.

Бағалау.

Үй тапсырмасы: Салыстырмалы кесте толтыру.



ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1. Модуль неше бағытта топтастырылады:

А) 5

Ә)*3


Б) 4

В) 7


Г) 2

2. Модульді оқыту қай жылы пайда болды:

А) 1950

Ә) 1970


Б)*1960

В) 1980


Г) 1990

3. Модуль алғаш қай елде қарастырылды:

А) Қазақстан

Ә)*АҚШ

Б) Ресей


В) Белоруссия

Г) Қырғызстан

4. Ең алғаш рет модульді оқыту жүйесі ТМД елдеріндегі қай жоғары оқу орындарында енгізілді:

А)*Литва


Ә) АҚШ

Б) Ресей


В) Белоруссия

Г) Қазақстан



5. Модуль қай тілден аударылған:

А) Литва


Ә) АҚШ

Б) Ресей


В)*Латын

Г) Қазақстан



6. Қыз бен жігіттің өнер сайысын қалай атаймыз:

А)*Терме

Ә) Айтыс

Б) Жырау


В) Ертегі

Г) Эпос


7. Абай атамыз...сөздің патшасы, сөз сарасы деп нені айтады:

А) Ән


Ә) Жыр

Б) Терме


В)*Өлең

Г) Айтыс


8. Ш. Құдайбердиевтің әндер жинағы қалай аталады?

А)*Аманат

Ә) Жастық

Б) Заман


В) Махаббат

Г) Сегіз аяқ



9. «Ғасырлар пернесі» кімнің шығармасы?

А) А. Затаевич

Ә)*А. Жұбанов

Б) М. Төлебаев

В) Т. Мұхамеджанов

Г) Е.Брусиловский



10. Студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпынуын:

А) Талдап оқыту

Ә) Түртіп оқыту

Б)*Саралап оқыту

В) Топпен оқыту

Г) Жекелей оқыту



11. Заттар мен құбылыстардың, зерттеу объектісін өзімен ұқсастық қатынастығы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісін:

А)*Моделдеу әдісі

Ә) Талдап қорыту әдісі

Б) Алға шығып кету әдісі

В) Эмоцичлық драматургия әдісі

Г) Кері оралу әдісі



12. Музыка пәніне арналған оқу бағдарламасында домбыра үйрету әдісі қолданылады:

А) Елім-ай бағдарламасы

Ә) Б.Ғизатовтың бағдарламасы

Б) Ө.Байділдаевтың бағдарламасы

В)*Мұрагер бағдарламасы

Г) Ж.Кәрімованың бағдарламасы



13. Музыкалық іс-әрекеттің негізгі түрлері:

А) Музыканы тыңдау, наихаттау

Ә)*Музыкалық білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы

Б) Белгілі композиторлардың музыкалық мұрасын зерттеу

В) Музыка тыңдау, ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау

Г) Музыкалық тәжірбие жинақтау



14. Қазіргі кезде орта мектептегі музыка пәні оқулығының авторлары:

А) Талдап оқыту

Ә) Түртіп оқыту

Б)*Саралап оқыту

В) Топпен оқыту

Г) Жекелей оқыту



15. Музыкалық білім беру саласындағы Қазақстандық ғалым-зерттеуші:

А) К.Б.Жарықбаев

Ә) С.Қалиев

Б) Р.М.Қоянбаев

В)*Ш.Б.Құлманова

Г) Ж.Молдабеков



16. Арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымын:

А)*Анкета

Ә) Реферат

Б) Эксперимент

В) Бақылау

Г) Баяндама



17. Жазбаша түрде немесе көпшілік назарына ұсынылатын, талқыналатын ғылыми жұмыс.

А) Баяндама

Ә) Монография

Б)*Реферат

В) Диссертация

Г) Рецензия



18. «Қысқаша нота сауаты» оқу құралының авторы:

А) Д.Кабалевский

Ә) С.Кәрімбаев

Б) Р.М.Қоянбаев

В)*А.Жұбанов

Г) Б.Ғизатов



19. Жыл басы кім болады? Авторы кім?

Д.Кабалевский

Ә) С.Кәрімбаев

Б) Р.М.Қоянбаев

В)*Ш.Құлманова

Г) Б.Ғизатов



20. «Айтыс өнері» тақырыбы нешінші сыныпта оқылады:

А) 5


Ә)*3

Б) 6


В) 4

Г) 2


21. Барлық арнайы ақпараттық –техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде:

А) Жаңа технология

Ә) Зерттеу технологиясы

Б)*Ақпараттық технология,

В) Модульдік технология

Г) Дамыту технологиясы



22. Озық инновациялық әдіс-тәсілдердің көрсеткіштері:

А) 5


Ә)*8

Б) 6


В) 4

Г) 7


23. Жаңа ақпарттық технологияның мүмкіндіктері неше нұсқадан тұрады:

А) 5


Ә) 4

Б) 6


В) 2

Г)*3


24. «Өміршең өнер өрісі» еңбектің авторы:

А) Р.Р.Джердималиева

Ә) Г.Қарамолдаева

Б)*С.А.Ұзақбаева

В) Л.Мамизерова

Г) А.Байментаева



25. «Елім-ай» бағдарламасының жетекшісі:

А) М.А.Оразалиева

Ә)*М.Х.Балтабаев

Б) Р.Р.Джердималиева

В) Г.Қарамолдаева

Г) А.Райымбергенов



26. «Мұрагер» бағдарлмасының жетекшісі:

А) М.А.Оразалиева

Ә)М.Х.Балтабаев

Б) Р.Р.Джердималиева

В) Г.Қарамолдаева

Г)*А.Райымбергенов



27. Түсіріп қалған сөзді толықтыру үшін қолданылатын тесті:

А) Баламалық тест

Ә) Таңдамалық тест

Б) Қосымшалық тест

В) Жұмбақтық тест

Г)* Толықтырмалық тест



28. «Методическая подготовка учителя музыки» атты монографиялық еңбектің авторы:

А)*Р.Р.Джердималиева

Ә) Г.Қарамолдаева

Б) С.А.Ұзақбаева

В) Л.Мамизерова

Г) А.Байментаева



29. «Теория и практика воспитания младших школьников средствами казахской народной музыки» атты монографиялық еңбектің авторы:

А) Р.Р.Джердималиева

Ә) Г.Қарамолдаева

Б) С.А.Ұзақбаева

В) Л.Мамизерова

Г)*Ш.Б.Құлманова



30. Жыл басы кім болады? музыкалық ертегі нешінші сыныпта оқылады:

А) 5


Ә) 4

Б) 6


В)*2

Г) 3


31. Инновация қай тілден шыққан:

А) Литва


Ә) АҚШ

Б) Ресей


В)*Латын

Г) Қазақстан



32. Инновация түсінігі алғаш рет қай ғасырда пайда болды:

А) ХХ ғасыр

Ә)*ХІХ ғасыр

Б) ХХІ


В) ХҮІІІ

Г) ХҮІІ


33. Инновацияның неше түрі болады:

А) 5


Ә) 4

Б) 6


В) 2

Г)*3


34. Қазақстанда RWCT жобасы қай жылы бастау алды:

А) 2000


Ә) 1995

Б) 2005


В)*1997

Г) 2007


35. RWCT жобасы неше фазадан тұрады:

А) 5


Ә)*3

Б) 4


В) 7

Г) 2


36. RWCT жобасының І-ші фазасы қалай аталады:

А) Мағынаны тану

Ә) Ой толғаныс

Б)*Қызыушылықты ояту

В) Қорытындылау

Г) Бақылау




37. RWCT жобасының ІІ-ші фазасы қалай аталады:

А)*Мағынаны тану

Ә) Ой толғаныс

Б) Қызығушылықты ояту

В) Бақылау

Г) Қорытындылау



38. RWCT жобасының ІІІ-ші фазасы қалай аталады:

А) Қызығушылықты ояту

Ә)*Ой толғаныс

Б) Мағынан тану

В) Қорытыныдлау

Г) Бақылау



39. Кәсіби музыкалық білім берудің бастапқы сатысы:

А) Колледж

Ә) Студия

Б) Консерватория

В) Академия

Г)*Музыка мектебі



40. «Про трех китов и про многое другое» кітабының авторы:

А) П.В. Халабузарь

Ә)*Д.Б.Кабалевский

Б) П.В.Аравин

В) Б.Т. Лихачев

Г) Б.М.Теплов



41. Белгілі бір мазмұндағы белгілі бір тақырыпқа байланысты көпшілік назарына ұсынылатын шағын ғылыми еңбек:

А) Баяндама

Ә) Монография

Б)*Ғылыми баяндама

В) Диссертация

Г) Реферат



42.Музыкант-педагогтың қайсыбір шығармаларға сыни пікір беретін зерттеу әрекетінің түрі:

А) Баяндама

Ә) Монография

Б)*Рецензия

В) Диссертация

Г) Реферат


43. Жеткіншек жастағы ер балалардың дауысының өзгеруі:

А) Коррекция

Ә) Интонация

Б) Рефлексия

В) Релаксация

Г)*Мутация



44.Музыкалық білім беру қандай ғылым саласымен байланыста емес:

А) Философия

Ә)*Геодезия

Б) Психология

В) Музыкатану

Г) Өнертану



45. Д.Б.Кабалевскийдің бағдарламасы негізінде қазақ тілді орта мектептерге лайықтап бағдарлама жасағандар:

А)*Б.Ғизатов, Р.Джердималиева, Г.Қарамолдаева

Ә) М.Балтабаев, Т.Қышқашбаев, Б.Өтемұратова

Б) А.Жұбанов, Ө.Байділдаев, Б.Ғизатов

В) М.Балтабаев, Т.Дауметов, Ғ.Қарамолдаева

Г) Р.Джердималиева, А.Момбек, А.Райымбергенов



46. Оқушылардың шығармашылықты іс-әрекетін дамытудың белсенді құралы:

А) Нота сауаттылығ

Ә) Музыкалық дағдылар

Б) Музыкалық іскерліктер

В) Музыкалық білім көлемі

Г)*Шығармашылық тапсырмалар



47. «Иә-жоқ», «дұрыс-бұрыс» түрінде берілетін, біреуін ғана таңдап алатын тесті қалай аталады:

А)*Баламалық тест

Ә) Таңдамалық тест

Б) Қосымшалық тест

В) Жұмбақтық тест

Г) Толықтырмалық тест




48. Бір сұраққа бірнеше (3-5) жауап беріліп, оның біреуі дұрыс болып, оқушы ең дұрысын тауып, дәлелдеуін қандай тестке жатады:

А) Баламалық тест

Ә)*Таңдамалық тест

Б) Қосымшалық тест

В) Жұмбақтық тест

Г) Толықтырмалық тест



49. Белгілі тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігін тексеру үшін қолданылатын тест қалай аталады:

А) Баламалық тест

Ә) Таңдамалық тест

Б)*Қосымшалық тест

В) Жұмбақтық тест

Г) Толықтырмалық тест



50. Сөздерді, олардың мағынасын, қолдану аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін ажырататын тест:

А) Баламалық тест

Ә) Таңдамалық тест

Б) Қосымшалық тест

В)*Жұмбақтық тест

Г) Толықтырмалық тест



51. Түсіріп қалған сөзді толықтыру үшін қолданылатын тесті:

А) Баламалық тест

Ә) Таңдамалық тест

Б) Қосымшалық тест

В) Жұмбақтық тест

Г)*Толықтырмалық тест



52. Оқушының білім дәрежесін тексеру үшін, бір сұрақтың бірнеше жауабы берілетін тест:

А)*Өлшемдік тест

Ә) Таңдамалық тест

Б) Қосымшалық тест

В) Жұмбақтық тест

Г) Толықтырмалық тест



53. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының авторы:

А)*Т.Қараев

Ә) В.Занков

Б) В.Неменций

В) Ш.Амонашвили

Г) В.Давыдов



54. Дамыта оқыту жүйесінің авторы:

А) Т.Қараев

Ә)*В.Занков

Б) В.Неменций

В) Ш.Амонашвили

Г) В.Давыдов



55. Әсемдікке баулу жүйесінің авторы:

А) Т.Қараев

Ә) В.Занков

Б)*В.Неменций

В) Ш.Амонашвили

Г) В.Давыдов



56. Ізгілікті тұлғаны оқыту технологиясының авторы:

А) Т.Қараев

Ә) В.Занков

Б) В.Неменций

В)*Ш.Амонашвили

Г)В.Давыдов



57. Дамыта оқыту технологиясының авторы:

А) Т.Қараев

Ә) В.Занков

Б) В.Неменций

В) Ш.Амонашвили

Г)*В.Давыдов



58. Барлық арнайы ақпараттық –техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде:

А) Жаңа технология

Ә) Зерттеу технологиясы

Б)*Ақпараттық технология

В) Модульдік технология

Г) Дамыту технологиясы



59. Студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпынуын:

А) Талдап оқыту

Ә) Түртіп оқыту

Б)*Саралап оқыту

В) Топпен оқыту

Г) Жекелей оқыту



60. Заттар мен құбылыстардың, зерттеу объектісін өзімен ұқсастық қатынастығы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісін:

А)*Моделдеу әдісі

Ә) Талдап қорыту әдісі

Б) Алға шығып кету әдісі

В) Эмоцилық драматургия әдісі

Г) Кері оралу әдісі



61. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту қай технологияға жатады?

А)*Бағдарлап оқыту технологиясы

Ә) Ойын арқылы оқыту технологиясы

Б) Дамыта оқыту технологиясы

В) Түсіндіре оза оқыту технологиясы

Г) Өздігінен даму технологиясы

62. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету, Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенетіні  қай технологияға жатады?

А) Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә)*Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Б) Дамыта оқыту технологиясы  

В) Түсіндіре оза оқыту технологиясы     

Г) Өздігінен даму технологиясы    

63. Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді қай технологияға жатады?

А) Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә) Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Б)*Дамыта оқыту технологиясы  

В) Түсіндіре оза оқыту технологиясы     

Г) Өздігінен даму технологиясы    

64. Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану қай технологияға жатады?

А) Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә) Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Б) Дамыта оқыту технологиясы  

В)*Түсіндіре оза оқыту технологиясы     

Г) Өздігінен даму технологиясы    

65. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі қай технологияға жатады?

А) Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә) Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Б) Дамыта оқыту технологиясы  

В)Түсіндіре оза оқыту технологиясы     

Г)*Өздігінен даму технологиясы    

66. Интерактивті оқыту дегеніміз:

А) дәстүрлі сабақ оқыту

Ә)*сұхбат арқылы оқыту.

Б) танымдық әрекеттерді ұйымдастыру

В) шығармашылық жұмыспен оқыту

Г) жеке топпен оқыту



67. Интерактивті оқыту қандай сызбасы бойынша ұйымдастырылады?

А) «оқытушы – оқушы», «оқушы – аудитория»

Ә) «оқушы-мұғалім», «оқытушы-оқушы топтар»

Б)*«оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы»

В) «inter» – бірлесіп, өзара, «act»

Г) «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы»



68. Дәстүрлі сабақ формасында қандай сызба бойынша ұйымдастыруға болады?

А)*«оқытушы – оқушы», «оқушы – аудитория»

Ә) «оқушы-мұғалім», «оқытушы-оқушы топтар»

Б) «оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы»

В) «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы»

Г) «inter» – бірлесіп, өзара, «act»



69. Модульдік оқыту технологиясы неше бөлімнен тұрады?

А) 5


Ә) 4

Б)*3


В) 8

Г) 7


70. Модульдік оқыту технологиясының бөлімдері қалай аталады?

А)*Кіріспе, сұхбат, қорытынды

Ә) жаңа тақырып, әңгімелесу, қорытынды

Б) сұхбат, үй тапсырмасы, қорытынды

В) тест, бақылау, қорытынды

Г) кіріспе, әңгімелесу, үй тапсырмасы



71. Интерактивті оқыту дегеніміз:

А) дәстүрлі сабақ оқыту

Ә)*сұхбат арқылы оқыту.

Б) танымдық әрекеттерді ұйымдастыру

В) шығармашылық жұмыспен оқыту

Г) жеке топпен оқыту



72. Интерактивті оқыту қандай сызбасы бойынша ұйымдастырылады?

А) «оқытушы – оқушы», «оқушы – аудитория»

Ә) «оқушы-мұғалім», «оқытушы-оқушы топтар»

Б)*«оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы»

В) «inter» – бірлесіп, өзара, «act»

Г) «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы»



73. Дәстүрлі сабақ формасында қандай сызба бойынша ұйымдастыруға болады?

А)*«оқытушы – оқушы», «оқушы – аудитория»

Ә) «оқушы-мұғалім», «оқытушы-оқушы топтар»

Б) «оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы»

В) «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы»

Г) «inter» – бірлесіп, өзара, «act»



74. Модульдік оқыту технологиясы неше бөлімнен тұрады?

А) 5


Ә) 4

Б)*3


В) 8

Г) 7


75. Модульдік оқыту технологиясының бөлімдері қалай аталады?

А)*Кіріспе, сұхбат, қорытынды

Ә) жаңа тақырып, әңгімелесу, қорытынды

Б) сұхбат, үй тапсырмасы, қорытынды

В) тест, бақылау, қорытынды

Г) кіріспе, әңгімелесу, үй тапсырмасы



76. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту қай технологияға жатады?

А)*Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә) Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Б) Дамыта оқыту технологиясы  

В) Түсіндіре оза оқыту технологиясы     

Г) Өздігінен даму технологиясы    

 77. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету, Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенетіні  қай технологияға жатады?

А) Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә)*Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Б) Дамыта оқыту технологиясы  

В) Түсіндіре оза оқыту технологиясы     

Г) Өздігінен даму технологиясы    

78. Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді қай технологияға жатады?

А) Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә) Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Б)*Дамыта оқыту технологиясы  

В) Түсіндіре оза оқыту технологиясы     

Г) Өздігінен даму технологиясы    

79. Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану қай технологияға жатады?

А) Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә) Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Б) Дамыта оқыту технологиясы  

В)*Түсіндіре оза оқыту технологиясы     

Г) Өздігінен даму технологиясы    

80. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі қай технологияға жатады?

А) Бағдарлап оқыту технологиясы       

Ә) Ойын арқылы оқыту технологиясы    

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет