4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 4.1 Осы қағидалар жинағының талаптары қалалар мен басқа да елді мекендердің
қоныстанған аумақтарынан (тұрғын кварталдар мен ықшам аудандар, басқармалар
ғимараттарының участке дері мен қоғамдық ғимараттар, көшелер мен алаңдар) беттік
ағынды суларды тазалауға арналған құрылыстарды жобалау кезінде оларды су бұру
жүйесінің коллекторларынан су айдынына ағызар алдында орындалуы керек.
4.2
Беттік ағынды суларды тазалауға арналған тазарту құрылыстарын бекітілген
қала құрылысы жобаларының, Қазақстан Республикасының экономикалық аудандары
бойынша өнеркәсіптік объектілерді дамыту және орналастыру сызбалары, сондай-ақ суды
кешенді пайдалану мен қорғаудың бас, бассейндік және аумақтық сызбалары негізінде
жобалаған жөн.