Т. Л. Яндулова жаратылыстану əдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата18.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#58301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
phphAOCpn Zharatylystanu Metodika 4 Kaz-4


Үш аю 
Ағашы көп орманда  
(Ағаш  бұтақтары  секілді  қолдарын  екі 
жаққа жазып, теңселеді), 
Үш аю бірге келеді.  
(Аю сияқты қорбаңдап қозғалады). 
Бір аю үлкен, дəу екен,  
(Қолдарымен көрсетеді), 
Əке аю себебі.  
Екінші аю – шешесі, 
Жаңғақтарды тереді, 

49 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балаларды 
тəжірибе 
жасауға 
шақырады: Неліктен қоянның түсі 
қыста ақ болады?  
 
 
 
2-тəжірибе. «Тиін  не  үшін  тонын 
қыста ақ түске ауыстырады?» 
 
 
 
 
Əліппе-дəптердегі 
тапсырманы 
орындауды ұсынады.  
 
Зерттеу  əрекетіне  ынталандыру: 
Қандай тон жылы?  
Суық 
ауа 
райында 
балалар 
серуенге  екі  жұп  қолғап  алады. 
Сыртта  жүргенде  алдымен  күзгі 
маусымға 
арналған 
жұқа 
қолғапты, 
содан 
соң 
қысқы 
мерзімге арналған жылы қолғапты 
киеді.  Олардың  қайсысы  жылы? 
Жануарларға  да  қыс  мезгілінде 
жылы 
тон 
қажет 
екені 
түсіндіріледі. Бірақ оларда қолғап, 
бас  киім,  пальто  жоқ.  Сонда  олар 
қысқы тонды қайдан алады? Күзде 
аңдар 
түлеп, 
тондарын 
ауыстырады,  қыста  олардың  тоны 
қалың əрі жылы болады екен! 
Баласына береді. (Көрсетеді). 
Үшіншісі – қожығы, 
Ол 
кішкентай 
болады, 
(Жүресінен 
отырады). 
Шылдырмақпен ойнайды, 
Шылдыр-шылдыр  соғады  (орындарынан 
тұрып,  шылдырмақ  соққандай  қимыл 
жасайды). 
 
Қоян  сұлбасын  ақ  жəне  жасыл  қағаз 
фонында  қарастырады.  Қасқыр  мен  түлкі 
ақ  қоянды  ақ  қарда  көрмей  қалады  деген 
пікірлерін  білдіреді.  Егер  оның  тоны  сұр 
болса,  бірден  көзге  түсер  еді,  ал  ақ  тоны 
оны қорғайды.  
Балалар  тиіннің  екі  сұлбасын  қолданады: 
күміс  түсті  жəне  қызғылт  сары  түсті. 
Сұлбаны  қызыл  сары  жəне  күміс  түсті 
фонға  қояды.  Мұның  не  екенін  бірден 
байқау  мүмкіндігін  анықтайды.  Тиін 
тонын 
жасырыну, 
қорғану 
үшін 
ауыстырады.  
Тиіннің қысқа азық жинауына көмектеседі. 
 
 
Зерттеу тапсырмасын қабылдайды. 
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия:  Балаларға  өз  көңіл 
күйін  қандай  да  бір  жануармен 
(өсімдікпен,  гүлмен)  салыстырып, 
оның  суретін  салуды  немесе 
сөзбен сипаттап беруді ұсынады. 
Сабақ қорытындысын шығаруға қатысады: 
Жылдың қай мезгілі туралы айттық?  
Қыста 
тоңдау 
үшін 
аңдар 
қалай 
дайындалады?  
Аңдардың  қайсысы  қыс  маусымында 
ұйқыға кетеді?  
Қыс мезгіліне қай аң азық жинайды?  
Бəрінен де қай нəрсе естеріңде қалды?  
 
Рефлексияға 
қатысады. 
Сезімдерімен, 

50 
 
əсерлерімен бөліседі.  
 
Күтілетін нəтиже:  
айта алады: табиғаттағы маусымдық өзгірестер туралы түсініктерін; 
түсінеді: жануарлар мен табиғат құбылыстарының өзара тəуелділігін; 
қолданады: сипаттау əңгімесін құрастыру дағдыларын. 
 
 
 
№ 12  ҰОҚ 
 
Білім салалары: Таным, Əлеумет 
Бөлім: Жаратылыстану 
Тақырып: Төрт түлік 
Мақсат:  Қазақстанда  қолда  өсірілетін  түлік  түрлері,  үй  жануарларына  күтім  жасау,  олардың 
тіршілік  қалпы      туралы  түсініктерін  кеңейту.  Құрдастарымен  жəне  ересектермен  еркін  қарым-
қатынас  барысында  танымдық-зерттеушілік  іс-əрекет  дағдыларын  дамыту.  Жануарларға  қамқор 
көзқарас,  өзгелерге  көмектесуге  əзірлік,  туған  өлкенің  табиғатына  сүйіспеншілік  сезімдерін 
тəрбиелеу. 
Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  əңгімелесу,  иллюстрацияларды,  фотоларды  қарастыру; 
бейнетүсірілімдерді,  таныстырылымдарды  қарау;  аудиожазба  тыңдау,  жұмбақтар  шешу, 
қарапайым тəжірибе жұмысы, зерттеу серуендері, өлең жаттау.
 
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер, 
бояу  қарындаштар,  тоқыма  мата  үлгілері, «Үй  жануарлары»  тақырыбына  суреттер,  интерактивті 
жабдық. 
Сөздік жұмыс: сиыржылқы, есек, ешкі, түйе. 
 
Билингвалды компонент: сиыр – корова  
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог  жұмбақ  жасырып,  оқу 
қызметіне  жағымды  көңіл  күй  
қалыптастырады. 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қасқа құлын 
Атам маған ауылда 
Қасқа құлын сыйлады. 
Қарамайды жауынға, 
Аулаға да сыймады. 
 
Күндіз шауып шынығып, 
Түнде алатын тынымын. 
Күн аймалап тұлымын, 
Ойнақтаған құлыным. 
 
Жазда бардым сағынып, 
Өсіп кеткен тай болып. 
Тағалары қағылып, 
бəйгеге тұр сай болып. 
 
Ақ тұлпарым ағынды 
Кең даламда көсілген. 

51 
 
 
 
Педагог  балалардан  өлеңде  қай 
жануар 
туралы 
айтылатынын 
сұрайды.  Балалар  тағы  қандай  үй 
жануарларын біледі екен?  
Мақсатпен таныстыру. 
 
Қасқа құлын шағыңды 
Шығармаймын есімнен. 
                            Ерлан Ахмет  
 
 
Үй  жануарларын  атайды.  Алдағы  іс-
əрекетке дайындалады.  
 
 
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптердегі 
суретті 
қарастырып,  сұрақтарға  жауап 
беруін  сұрайды.  Суреттегі  үй 
жануарларын  ататады.  Оларды 
неліктен  үй  жануарлары  деп 
атаймыз?  Үй  жануарлары  қайда 
тұрады?  Олардың  төлдері  қалай 
аталады?  
Мыршай  балалардан  түйе  туралы 
сұрайды:  Түйе  де  үй  жануары. 
Сендер түйе туралы не білесіңдер? 
Түйенің түрі қандай болады?  
 
 
 
 
 
 
Өзекті сұрақ: Жануарлар адамға не 
үшін қажет? Адам жылқыны басқа 
нəрсемен ауыстыра ала ма?  
Педагогтің  ақпараты:  бұрынғы 
уақытта  жылқы  барлық  жерде 
көлік  түрінде  пайдаланылатын, 
оны  арбаға,  күймелерге,  тіпті 
трамвайға  да  жегетін.  Кейін 
жылқының 
орнын 
жеңіл 
мəшинелер,  басқа  да  автоматты 
көлік  түрлері  алмастырды.  Қазір 
жылқы  малын  көлік  ретінде 
көбінесе 
ауылдарда 
ғана 
пайдаланады.  
–  Адамға  сиыр  не  үшін  қажет? 
Жылдың  кез  келген  мезгілінде 
сиыр 
адамға 
сүт 
береді. 
Сауыншылар 
сиырды 
сауады. 
Содан  соң  бұл  сүтті  арнайы  сүт 
таситын 
мəшинелермен 
сүт 
зауыттарына  жеткізеді,  одан  түрлі 
Суреттерді  қарап,  үй  жануарларының, 
олардың төлдерінің тұратын жерін айтады. 
Сыртқы түрлерін сипаттайды.  
Жылқы.  Денесі  ірі,  аяқтары  мықты, 
сымбатты,  тұяқтары  бар,  жалы  мен 
құйрығы – қалың,  ұзын,  құлақтары – тік, 
көздері – үлкен, ақылды.  
Ешкі.  Тұрқы  шағындау,  қалың  жүн 
басқан, аша тұяқ жануарЕшкінің аяқтары 
ұзын,  түзу,  құйрығы – қысқа.  Көздері 
үлкен,  сұрғылт-жасыл  түсті,  құлақтары – 
тік, ал басында тік, үшкір мүйізі бар.  
Қой  (немесе  қошқар) – денесі  шағындау 
жануар.  Денесін  қалың  бұйра  жүн  басқан. 
Ұзын  аяқты,  аша  тұяқты.  Маңдайы  дөңес, 
мүйіздері кішкентай, кейде иір.  
Сиыр – ірі, үлкен жануар. Аяқтары қысқа, 
ұзын  құйрығының  ұшында  жалбыраған 
жүні  бар.  Басы  үлкен,  мүйізі  қайқы, 
құлақтары  тік,  көздері  үлкен,  қоңыр, 
мейірімді.  
 
Ауылдарда  жылқыны  ауыр  заттарды, 
жүкті  тасымалдау  үшін  пайдаланады. 
Жазда  жылқыны  арбаға,  қыста  шанаға 
жегеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ол  сүт  пен  ет  береді  (сүт  өнімдерін 
атайды:  ірімшік,  қаймақ,  айран,  йогурт, 
сүтсірне...) 

52 
 
сүт  өнімдері  жасалып,  дүкендерге 
түседі.  
Адамның  қой  мен  ешкіні  не  үшін 
өсіретіні туралы сұрайды.  
Сергіту сəті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзекті  сұрақ:  сиырды  немен 
алмастыруға  болады?  Сүт  пен  ет 
жасап шығаратын мəшинелер бола 
ма?  
Біз  осы  өнімдерді  сатып  алатын 
дүкендер  қалай  аталады? (Азық-
түлік дүкені). 
 
Жүннен иірілген жіптерді (тоқыма 
жіптерді), 
тоқыма 
маталарды 
қарастыруды ұсынады.  
Тоқыма  маталар  жануарлардың 
жүнінен 
иірілген 
жіптерден 
тоқылады.  Қай  жануар  бізге  жүн 
береді? (Қой,  түйе,  үй  қояндары). 
Белгілі  бір  мезгілде  оларды 
қырқып,  жүнін  алады.  Қойларды 
қырыққан 
соң, 
жайылымға 
жібереді.  Қырқылған  жүнді  тарап, 
арнайы  станоктарда  иіреді,  бояп, 
маталар тоқиды.  
Қой  бағатын  адамды  кім  деп 
атайды? (Шопан немесе қойшы). 
 
Үй жануарлары бізге пайда əкелуі 
үшін  оларға  қандай  күтім  қандай 
қажет  екендігін  ойлап,  айтуын 
сұрайды.  
 
 
 
 
Мал  жүнінен  жіп  іріп,  жылы  маталар 
тоқиды.  
 
Мүйізді ешкі. 
Мүйізді ешкі келеді, 
Топ-топ,  топ-топ.  (Аяқтарымен  еденді 
қатты 
тарсылдатып, 
бір 
орында 
жүреді). 
Сұсты көзбен қарайды, 
Тақ-тақ, тақ-тақ. (Бастарын шайқайды). 
Кімде-кім сүт ішпесе, 
Тойып 
тамақ 
жемесе, 
(Ішіп-жеу 
қимылдарын көрсетеді). 
Мүйізді ешкі келеді, 
Сол  баланы  сүзеді.  (Басын  иіп,  қаттырақ 
шайқайды). 
 
 
 
Пікірлерін айтады, талқылайды.  
 
 
 
Тоқыма  мата  үлгілерін  қарастырады. 
Тоқыма  матаның  ұстап  көргенде  қандай 
болатынын  анықтайды  (мамық,  қалың, 
жеңіл, жылы). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тамақ беру, суару, жайылымға шығару.  
Адамдар жазда шөп шауып, оны кептіреді, 
қысқыға  жем-шөп  дайындайды,  картоп, 
көгөністер,  дəнді  дақылдарды  да  жемге 

53 
 
 
Əліппе-дəптермен 
жұмысты 
ұйымдастырады  
пайдаланады.  
 
Қой жүнінен жасалған затты қоршап сыз.  
Ботаның суретін боя. Оған ат қой!  
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия:  рефлексиянің 
əдістерінің бір тəсілін қолданады: 
Балалардың  ҰОҚ-да  қаншалықты 
өсіп жетілгендерін көру:  
  отырып, тұрып, созылып. 
  Ым-ишарамен  көрсету:  Міне, 
тамаша! 
  Қол 
шапалақтаңдар! 
Аяқтарыңмен топылдатыңдар! 
 
«Малдың баласын сүюі» өлеңін тыңдайды. 
 
Қой сүйеді баласын «қоңырым», – деп, 
Ештеңені білмейтін «момыным», – деп. 
Сиыр сүйеді баласын «торпағым», – деп 
Қараңғыға баспаған «қорқағым», – деп. 
Ешкі сүйеді баласын «лағым», – деп 
Тастан-тасқа секірген «шұнағым», – деп. 
Түйе сүйеді баласын «боташым», – деп 
Жəудіреген көзіңнен «тоташым», – деп. 
Жылқы сүйеді баласын «құлыным», – деп 
Тұлпар болып жүгірер «жұрыным», – деп.  
 
Күтілетін нəтиже:  
айтады: ауылда өсірілетін үй жануарларын, олардың пайдасын айтады; 
түсінеді: үй жануарларымен қарым-қатынастағы қауіпсіздік ережелерін; 
қолданады:    жануарларды  «үй  жануарлары»  топшасына  біріктіреді,  үй  жануарларының 
адам  тіршілігіндегі  маңыздылығын,  адамның  үй  жануарларына  қандай  күтім 
жасайтынын айта алады. 
 
 
№ 13 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет, Шығармашылық 
Бөлімі: Жаратылыстану 
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері 
Мақсаты:  бөлме  гүлдерінің  аттарын  жəне  оларды  көргенде  тани  алуға  үйрету.  Нысандарды 
салыстыра  білу  дағдыларын  жəне  зерттеу,  тəжірибе  жүргізу  жұмыстарына  деген 
қызығушылықтарын  дамыту.  Балалар  ұжымында  мейірімді  қарым-қатынас  жасай  білуге 
тəрбиелеу.  
Сабаққа  дайындық  жұмыстары:  күш  жетерлік  еңбек  əрекеттері;  сурет,  фотосуреттерді  қарау; 
бейнетаспалар  көру;  дидактикалық  ойындар,  жұмбақтар  шешу,  қарапайым  зерттеу  іс-əрекеттері, 
зерттеу мақсатындағы серуен, тақпақ жаттау. 
Көрнекі  құралдар:  тақырып  бойынша  суреттер,  əліппе-дəптер,  түрлі  түсті  қарындаштар,  
интерактивті құрал-жабдық. 
Сөздік жұмыс: бөлме гүлдері, фикус, қазтамақ, шегіргүл, сабақ, жапырақ, тамыр, гүл.
 
Билингвалды компонент: гүл –  цветок 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі (Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 

54 
 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог 
балалардың 
жұмыс 
істеуіне  эмоционалдық  көңіл  күй 
қалыптастырады.  
 
 
 
 
Балалардың білімдерін белсендіру. 
Педагог  бөлме  гүлдері  туралы 
жұмбақ оқиды.  
Педагог  балаларға  топ  ішіне 
мұқият қарап, топта бөлме гүлдері 
бар ма екенін анықтауға тапсырма 
береді.  
 
 
Қыс  келді, қыс  келді, 
Ақтарып  ақ  қарды. 
Жон  аппақ  түске  енді 
аралап  қайтайық 
Ақ  күміс  бақтарды.  
 
Жұмбақ  шешеді: «Терезе  алдында  өсер – 
адамға қуаныш берер».  
 
Жан-жақтарына  қарап,  бөлме  гүлдерін 
көрсетеді.  
 
 
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптердегі 
суреттермен 
жұмыс.  Педагог  балалардың 
назарын 
бөлме 
гүлдерінің 
құрылысына аударады.  
 –  Бөлме  гүлінің  тамырын  көріп 
тұрсыңдар 
ма? 
Ол 
неліктен 
көрінбейді?  
 
Балалармен 
бірге 
зерттеу 
жұмысын жүргізеді.  
Педагог  фикус  гүлін  үстел  үстіне 
əкеліп  қояды.  Балаларға  фикусты 
басқа  өсімдіктермен  салыстыруды 
сұрайды: 
мөлшері, 
жапырақтардың  түсі,  басқа  да 
белгілерін салыстырады.  
 
 
 
Сергіту сəті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаңа бөлме гүлімен таныстырады. 
Ол    –  қынагүл  (бальзамин),  оны 
халық «шытырлақ» деп те атайды. 
 
Əліппе-дəптердегі  тапсырмаларды 
орындауға шақырады.  
 
Бөлме  гүлдеріне  қарап,  олардың  сабағы, 
гүлі,  жапырағы  бар  екенін  айтады. 
Тамырының  топырақ  арасында  тығылып 
жатқанын да айтады.  
 
 
 
Фикусқа  қарап,  оның  ағашқа  ұқсайтынын 
айтады.  Педагогтің  сұрақтарына  жауап 
береді: 
фикустың 
сабағы 
түзу, 
жапырақтары  үлкен,  сопақ,  түсі  қошқыл 
жасыл  екенін  анықтайды.  Жапырағын 
ұстап,  жылтыр,  тегіс  екенін  айтады. 
Сонымен  қатар  қазтамақ,  шортанқұйрық 
гүлдерін 
де 
зерттейді. 
Олардың 
жапырақтарын, 
сабақтарын, 
түстерін, 
гүлдерін т.б. зерттейді.  
 
 
Еркiн ұста денеңдi, 
Тарсылдатпай едендi. 
Орнымыздан тұрып ап, 
Жүгiрейiк бiр уақ. 
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. 
Аяқты алға созайық 
Тiк көтерiп, қозғайық. 
Тым сылбыр да болмайық 
Алға қарай озбайық. 
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. 
  
Балалар  қынагүл  гүліне  қарап,  оның  ұсақ 
қызыл  гүлдері  бар  екенін  айтады.  Гүлге 
қарайды, оны сипаттайды.  
 
 «Төртінші  артық»  ойыны.  Əр  қатардағы 
артық өсімдікті қоршап сызады. Өздерінің 
таңдауларын түсіндіреді. 

55 
 
 
 
 
 
Бөлме  гүлдерінің  күтімі  жайлы 
түсіндіреді:  яғни  əр  гүлдің  күтімі 
əртүрлі  екенін  айтады.  Мысалы. 
Бір  гүлге  суды  көп  құю  қажет,  ал 
бір  гүлге  суды  аз  құю  қажет.  Бір 
гүлді жарығы мол жерге қойса, бір 
гүлді 
көлеңке 
жерге 
қою 
керектігін  айтады.  Ал  кейбір 
гүлдерді  жылы  жерге  қою  қажет, 
ал  кейбір  гүлдер  салқын    жерде 
тұрғанды ұнатады.  
 
 «Гүлдер» имитациялық ойыны.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ойынның тағы бір нұсқасы:  
«Егер оның ... болса, …». Падагог 
нысанның бір бөліктерін атайды.  
Мыршайдың  тапсырмасын  орындайды: 
топтарында  өсіп  тұрған  бөлме  өсімдігінің 
суретін салады.  
 
 
Бөлме гүлдерін қалай :  
Бөлме  гүлдері  жақсы  өсу  үшін  оларды 
уақытымен суғарып, шаңын сүрту қажет.  
Топырағын қопсыту қажет. 
Тыңайтқыштар себу қажет.  
Жарықты  сүйетін  гүлдерді  жарық  мол 
жерге қою керек т.б.  
 
 
 
 
Балалар  «гүлдерге»  айналады. (тізелерін 
бүгіп  отырып,  бастары  мен  қолдарын 
тізелеріне қойып, көздерін жұсады). 
Жерден  кішкентай  өскін  өсіп  шықты.  Ол 
бойын  күнге  созып,  баяу  өсе  бастады. 
Міне, гүлшанақ (бутон) пайда болды.  Гүл 
бір  күлтесін  ашты. (оң  қолдарын  жоғары 
созады)  сонан  соң  екінші  күлтесін  ашты 
(сол  қолын  екінші  жаққа  созады,  тағы  екі 
күлтесі  ашылды  (екі  қолдарын  төменнен 
жоғарыға  қарай  созады),  міне,  гүл 
ашылды.  Самал  жел  соқты,  гүл  желмен 
тербеле  бастады.  Ара  ұшып  келіп  гүлге 
қонды.  
 
Бала бұл не нысан екенін айтады.  
П:  оның  қалпағы  мен  аяғы  болса,  не 
болады?  
Б: Саңырауқұлақ. 
П: Тамыры болса ше? 
Б: Шөп, ағаш, гүл, бұта.  
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия:  Шыршаны  безендіру.  
Педагог шырша салынған парақты 
таратады.   
Өздерінің  ҰОҚ-ға  қалай  қатысқандарын 
шыршаны  бояу  арқылы  бағалайды.  Өте 
жақсы – түрлі түсті ойыншықтар салады; 
Жақсы –  көк  түсті  ойыншықтардың 
суретін салады.  
 
 
Күтілетін нəтиже: 
айтады: кейбір бөлме гүлдерінің аттарын; 
түсінеді: өсімдіктердің өсуі үшін жылу, жарық, ауа жəне су қажет екендігін; 
қолданады:  бөлме өсімдіктерін күту дағдыларын. 
 
 
№ 14 ҰОҚ 
 

56 
 
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет 
Бөлімі: Жаратылыстану 
Тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау қажет? 
Мақсаты:  табиғат  бұрышында  өсетін  өсімдіктерді  күтіп-баптау  дағдыларын  дамыту. 
Тапсырмаларды  орындату  арқылы  көру,  есту,  есте  сақтау  қабілеттерін  жəне  зейіндерін  дамыту. 
Табиғат бұрышындағы нысандарға қамқорлықпен қарауға жəне еңбекқорлыққа тəрбиелеу.  
Сабаққа  дайындық  жұмыстары:  күш  жетерлік  еңбек  əрекеттері;  суреттер  мен  фотосуреттерді 
қарау;  бейнетаспаларды  көру,  үнтаспаларды  тыңдау,  жұмбақтар  шешу,  қарапайым  зерттеу 
жұмыстарын жүргізу. 
Көрнекі  құралдар:  тақырыпқа  байланысты  суреттер,  əліппе-дəптер,  түрлі  түсті  қарындаштар, 
суқұйғыштар, топырақты қопсытуға арналған таяқшалар, сүлгі, алжапқыштар. 
Сөздік жұмыс: құрал-жабдықтар, суғару, сорғыш.
 
Билингвалды компонент: өсімдік – растение 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі (Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушылық-
тарын ояту 
Педагог 
балалардың 
жұмыс 
істеуіне  қолайлы  эмоционалдық 
көңіл 
күй 
қалыптастыру 
мақсатында өлең оқиды.  
 
 
 
 
 
Педагог  əр  бөлме  гүлінің  аты  бар 
екенін ескертеді.  
– Өсімдік  жанды  ма  əлде  жансыз 
ба? 
Қалай 
ойлайсыңдар? 
Өсімдіктің  əдемі  болып  өсуі  үшін 
не істеу қажет?  
Сұрақтарға  жауап  алу  арқылы 
ҰОҚ-ның 
тақырыбын 
жəне 
мақсатын болжамдап тапқызады.  
 
Біздің топта жайқалған 
Əсем гүлдер өте көп.  
Міне, мынау – қазтамақ, жасаңшөп, 
Кактус та бар тікенек. 
Гүлдерге су құяйық,  
Гүлдерше біз де өсейік.  
 
Суреттерге  қарап,  гүлдердің  аттарын 
атайды. 
 
Сұрақтарға  жауап  береді,  пікірлерін 
дəлелдейді  (су  ішеді,  өседі,  қалемшелері 
жəне 
өскіндері 
арқылы 
көбейеді, 
жапырақтарымен тыныс алады). 
 
 
 
Ізденістік-
ұйымдастыруш
ылық 
 
 
 
 
 
Балалардың  назарларын  əліппе-
дəптердегі 
суретке 
аударады: 
суреттегі  балалардың  не  істеп 
жатқанын,  бөлме  гүлдерін  қалай 
күтіп-баптау 
керектігін 
əңгімелейді.  
 
Өсімдіктердің  дұрыс  өсуі  үшін 
оларды 
дұрыс 
күтіп-баптау 
керектігі  айтылады.  Үстел  үстіне 
фикус  гүлін  қояды.  Балалармен 
бірге 
гүлді 
күтіп-баптау 
жұмысына  кіріседі.  Үстел  үстіне, 
жапырақтарды  сүртуге  арналған 
жұмсақ, 
кішкентай 
сүлгі, 
суқұйғыш, 
тырмалауыш 
жəне  
топырақты  қопсытуға  арналған 
Əліппе-дəптердегі 
кластерге 
қарап, 
өсімдіктердің  өсуі  үшін  жарық,  жылу, 
ауа,  су  жəне  адамның  күтіп-баптауы 
керек екеніне қорытынды жасайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

57 
 
таяқшаларды қояды.  
Құрал-жабдықтарды 
көрсетіп, 
оларды  қалай  қолдану  қажеттігін 
түсіндіреді.  
 
3 баланы жанына шақырады. 
Педагог балалардың іс-əрекеттерін 
айтып тұрады: 
– Бөлме 
гүлдерін 
бөлме 
температурасымен  бірдей  сумен 
суғару  қажет.  Гүлдерге  арналған 
суды  ыдысқа  құйып,  оны  бірнеше 
сағат  қойып  қою  керек.  Жазда 
гүлдерді  кешкісін,  ал  қыста 
таңертең суғару қажет.  
Құмырадағы 
топырақты 
таяқшалармен  қопсыту  қажет. 
Топырақты 
қопсыту 
арқылы 
тамырға  ауа  жібереміз.  Бірақ 
таяқпен  тамырды  кесіп  жібермеу 
керек.   
Жапырақтардың  шаңын  абайлап 
сүрту 
қажет. 
Кішкентай 
жапырақтардың  шаңын  жұмсақ 
қылқаламмен сүртуге болады.   
 
– Балалар,  фикус  гүлі  бізге  риза 
болған шығар?  
 
Өсімдіктің 
өсуін 
көрсететін 
сызбамен жұмыс. 
 
 
Сергіту сəті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмбақ оқиды. 
–  Жапырағы  тікенді,  бірақ  қолға 
кірмейді. Емдік қасиеті бар бұл не 
гүл?   
 
 
 
Құрал-жабдықтарға  қарап,  олармен  не 
істеу керектігін айтады.  
 
Гүлді  күтіп-баптау  жұмысын  бақылайды, 
қатысады.  
1 бала суқұйғышпен гүлге су құяды, 2 бала 
құмырадағы 
топырақты 
таяқшамен 
абайлап 
қопсытады, 3 бала 
жапырақтардың шаңын сүртеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет