Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау


:200 000 масштабтағы картаның парағын алу үшін миллиондық масштабтың бастапқы трапециясын параллельдер мен меридиандар арқылы 36



бет4/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф
Шартты белгілер, Экол картографиялау кітап
1:200 000 масштабтағы картаның парағын алу үшін миллиондық масштабтың бастапқы трапециясын параллельдер мен меридиандар арқылы 36 тең бөліктерге бөлу арқылы алынады. Осымен 1:200 000 масштабтағы картаның кезкелген парағының мөлшері ендік бойынша 40' және бойлық бойынша 1° құрады. Оларды I-ден XXXVI-ға длейінгі римдік сандарымен белгілейді. 1:200 000 масштабтағы карта парағының толық атауы (номенклатура) бастапқы миллиондық масштабтағы картаның номенклатурасынан және 1:200 000 парақ номірінен тұрады, мысалы N-37 -X.

1:100 000 масштабтағы картаның парағын алу үшін миллиондық масштаб картасының парағын 144 бөлікке бөледі. 1:100 000 масштабтағы карта парағы трапециясының мөлшерлері тең болады: ендік бойынша 20' және бойлық бойынша 30'. 1:100 000 картаның парағы бастапқы миллиондық трапеция ішінде араб сандарымен 1-ден 144-ке дейін нөмірленеді, ал жүзмыңдық парақтың толық атауы (номенклатурасы) миллиондық парақтың атауы мен араб санын қосудан тұрады, мысалы N-37-54.
1:100 000-тан ірі карталардың парақтарын оның алдындағы ұсақтау масштабты 4 бөлікке бөлу арқылы алады. Осыған орай1:50 000 масштабтағы картаның парақтарын 1:100 000 масштабтағы картаның парағын бөлу арқылы алады, олардың әрқайсысы орыс алфавитінің басты әріптермен (А,Б,В,Г) белгіленеді және номенклатурасы жүзмыңдық картаның номенклатурасы мен осы төрт әріптің біреуінен тұрады, мысалы N-37-54-А. 1:50 000 масштабтағы карта парағы трапециясының мөлшерлері: ендік бойынша 10' және бойлық бойынша 15' болады.
Осылайша 1:25 000 масштабтағы картаның парақтарын алады, ол үшін 1:50 000 масштаб картасын 4 бөлікке бөледі. Осылай алынған 1:25 000 масштабтағы карта парағы мөлшерлері: ендік бойынша 5 және бойлық бойынша 7,5' және орыс алфавитінің кіші әріптерімен - а, б, в, г. белгіленеді. 1:25 000 масштабтағы карта парағының толық номенклатурасы оның алдындағы ұсақ картаның - 1:50 000 номенклатурасы мен сәйкесті парақтың кіші әрібін қосумен құрылады, мысалы, N-37-54-A-6.
Ал 1:10 000 масштабтағы карта парағы 1:25 000 масштаб парағын 4 трапецияға бөлу арқылы алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет