Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева



бет1/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
treatise140794
7lab, Документ (14), Документ (14), 0008d9aa-c924dc23, 9 сынып 2 бжб картограф-1 тоқсан

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Т.Р.Рыспеков, Б.Д.Балғышева

Өсімдіктер мен топырақтарды зерттеудің агрохимиялық әдістері


Оқу құралы

Алматы 2019


ӘОЖ.631.4


КБЖ.40.3 я 73
Б 94

Пікір жазған: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, химия ғылымдарының докторы С.М.Тәжібаева,

Б 94 Өсімдіктер мен топырақтарды зерттеудің агрохимиялық әдістері: оқу құралы / Т.Р.Рыспеков, Б.Д.Балғышева,–Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2019. -213 б.

Оқу құралында топырақтың агроэкологиялық және агрохимиялық сипаттамалары берілген. Топырақтың агрохимиялық түсініктері мен қоректенуіне байланысты химиялық сипаттамаларын түсіну үшін магистранттар топырақ пен өсімдіктерді зерттеудің агрохимиялық әдістерін білу қажет. Пән бойынша теориялық мәліметтер мен қатар топырақ және өсімдік үлгілерін химиялық талдауға жинау және дайындау әдістері келтірілген. Одан басқа, топырақ пен өсімдіктерді химиялық аспаптық талдау арқылы химиялық қасиеттерін анықтау әдістері берілген.


Оқу құралы агрохимия мамандығында оқитын студенттерге (бакалавр, магистранттар және PhD ізденушілеріне) арналады.

КІРІСПЕ
Табиғи ортаны зерттеу кезінде егжей-тегжейлі зерттелген үлкен және әр түрлі материалмен кездеседі. Топырақта, күрделі үш фазалы жүйе ( газ, сұйық, қатты) ретінде табиғатты зерттеудің қомақты қоры бар. Топырақта болатын функционалдық үдерістердің едәуір бөлігі химиялық талдау әдістерін, терминдерді, заңдар мен химиялық реакциялардың теңдеулерін пайдалану арқылы сипатталады.
Алынатын өнімнің сапасын жақсарту және топырақ құнарлылығын арттыру кезінде ауылшаруашылығы дақылдарының түсімін арттырудың негізгі жолы егіншілікті химияландыру есебінен жүргізіледі. Сондықтан азотты, фосфорлы, калийлі және микротыңайтқыштарды қолдану олардың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Минералды тыңайтқыштар минералды шикізатты қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Олар химия өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі болып табылады.
Топыраққа пайдаланған тыңайтқыштар әртүрлі өзгерістерге ұшырайды, нәтижесінде тыңайтқыштардағы қоректік заттардың ерігіштігі, олардың топырақта жылжу қабілеттілігі және өсімдіктер үшін қол жетімділігі өзгереді. Тыңайтқыштардың топыраққа айналу үдерістердің сипаты мен қарқындылығы топырақтың қасиеттеріне байланысты. Әртүрлі жерлерде бұл үдерістер бірдей емес. Сонымен қатар, тыңайтқыштар топыраққа күшті әсер етеді: топырақ ерітіндісінің реакциясын, топырақтың құнарлылығын анықтайтын микробиологиялық үдерістердің қарқындылығы мен сипатын өзгертеді. Минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін біржақты және жүйелі түрде енгізу топырақта, жер асты суларында, су айдындарында, өңделетін дақылдардың өнімінде нитраттардың көп мөлшерінің жиналуы сияқты келеңсіз құбылыстарға әкеледі.
Теориялық әдістемелердің жетіспеуі, олардың практикадан үзілуі, стихиялық факторлардың болуы (құрғақшылық, күн радиациясы және тағы басқалар) дәнді, көкөніс және басқа да дақылдардың төмен немесе тұрақсыз түсіміне алып келуі мүмкін. Дәнді дақылдардың өнімділігінің ауытқуы, тіпті салыстырмалы топырақ-климаттық жағдайлар шегінде, кейде өте үлкен болады. Осыған байланысты әр жағдайда өнімді қалыптастырудағы әртүрлі факторлардың үлесін талдау, өсуді тежейтін себептерді анықтау және жою, өсімдіктердің өнімділігін арттыруды ынталандыратын факторларды оңтайландыру өте маңызды.
Мамандарды даярлаудың негізгі міндеті ауылшаруашылығы мақсатындағы кәсіпорындарда практикалық жұмыс істеу үшін қажетті білік пен дағдылар кешенін қалыптастыру болып табылады. Негізгі және кәсіби құзыреттіліктерін игерген соң білім алушылар өндірістік қызметтерді білікті атқара алады, білікті технолог мамандары бола алады. Агрохимия топырақтың агроэкологиялық түсінігінің мәнін және өсімдіктердің қоректенуіне байланысты олардың химиялық сипаттамасын меңгеруге мүмкіндік береді.
Магистранттар топырақтың құрылымы мен қалыптасуын білуі үшін өздерінің экологиялық, химиялық және биологиялық білімдеріне және топырақтың негізгі қасиеттері мен режимдеріне сүйенеді.
Пәннің мақсаты өсімдіктердің әртүрлі қасиеттерінің, топырақтың және ортаның сыртқы жағдайларының өзара байланысында өсімдіктерді өсірудің ең жақсы тәсілдерін көрсету, сондай-ақ заттардың сапалық және сандық құрамын, заттардың биологиялық айналымдарының ерекшеліктерін және топырақ ішіндегі желденуді есепке алу болып табылады.
Пәннің міндеттері: топырақтың химизмін білу; өсімдіктердің химиялық құрамын білу; минералды қоректену теориясын білу; қоректендірудің химиялық элементтеріне дақылдардың қажеттілігін анықтау үшін тәжірибелік деректерге терең талдау жүргізу; химиялық заттардың айналымдарын және қоректендірудің химиялық элементтерінің балансын ескере отырып, жоспарланған өнімге арналған тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшерін анықтау.
Ауыл шаруашылығының объектілерін зерттеудің химиялық және физикалық әдістері агрохимияның маңызды бөлігін құрайды. Агрохимиялық шешімдердің дұрыстығы өсімдіктік пен топырақтық қоректенудің диагностикалау әдістерімен (визуалды және химиялық) бақылануы керек. Бұл қолданылатын тыңайтқыштардың дақылдардың түсіміне де, қоршаған ортаға да әсерін болжауға мүмкіндік береді.
Бұл үшін студенттер, магистранттар мен мамандарға зертханалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін топырақ пен өсімдіктерді талдау әдістері қолданылды. "Агрохимия практикумы" оқулығынан кейбір материалдар таңдап алынды.
Осы құралды құрастыру кезінде Кеңес кезеңінің авторларының негізгі оқулықтары, ғылыми әдебиетте жарияланған материалдар пайдаланылды. Сонымен қатар, бұл жұмыста, жалпы қабылданған топырақ-агрохимиялық көрсеткіштерден басқа, Қазақстан республикасының топырағы жайлы келтірілді және оған тәжірибелер жүргізілді..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет