Табиғи газ және мұнайға серік газдар



бет1/3
Дата16.06.2023
өлшемі0,9 Mb.
#178868
  1   2   3
Байланысты:
Таби и газ ж не м най а серік газдар
Биологиялық препараттарды өндіру принципі, 355585 2, 355585 5

Табиғи газ және мұнайға серік газдар

Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.

  • Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
  • Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жерқойнауларында) орналасқанда газ тәрізді күйде – жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кен орындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газ тәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
  • Табиғи газға жататындар
  • Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер – метанның гомологтары кіре алады:
  • этан (C2H6),
  • пропан (C3H8),
  • бутан (C4H10).
  • Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:
  • сутек (H2),
  • күкіртсутек (H2S),
  • көміртекдиоксиді (СО2),
  • азот (N2),
  • гелий (Не).

Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы.

  • Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы.
  • Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:
    • Табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге;
    • Көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге;
  • 3. Химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге;
  • 4. Жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түргебөлінеді. Бұл газдар, сайып келгенде, әртүрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады.
  • 5. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "таужыныс газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерастыгаздары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет