Табигиндер



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
ӘЛ-ХАСАН ӘЛ-БАСРИ
«Әл-Хасан Әл-Басри тәрізді ғалымдары бар халық қалай адасады?!»
(Мәсләмәһ ибн Абдүлмәлик)
Құлдардың  бірі  Пайғамбардың  (с.а.у.)  әйелі  Умму  Сәләмәғқа 
келіп, Хайраһ деген күңнің ұл тапқанын айтып, сүйінші сұрады. 
Мүминдер анасының жүрегі қуаныштан толқып, балаша қуанды.
Ана мен жаңа туған нәрестені нифас уақыты біт кенге дейін өз 
үйінде бағу үшін алып келуді талап етті. Хайраһ Умму Сәләмәның 
күңі болса да, қатты жақсы көріп, бауыр басқандықтан, оның жаңа 
туған  ұлын  көруге  асықты.  Біраздан  кейін  ана  мен  бала  мүмин
-
дер  анасының  алдына  келді.  Умму  Сәләмә  сәбиді  қолына  алып, 
құштарлана  қарап,  бауырына  басты.  Баланың  шы райлы  жүзі 
көздің жауын алды. Тәтті әрі сүйкімді бол ғаны соншалықты, қа
-
раған жанның көзі тоймайтын. Умму Сәләмә күңіне қарап:
– Сәбиіңе ат қойдың ба, Хайраһ! – деп сұрады.
– Жоқ. Сізге қалдырдық. Қалаған атыңызды қойы ңыз.
– Алланың берекесімен, «Әл-Хасан» деп қояйық есімін, – деп 
қолын жайып, бала үшін ұзақ уақыт дұға қылды.
Әл-Хасанның өмірге келуі тек Умму Сәләмәның үйін ғана емес, 
тағы да Мәдинадағы ұлығ отбасын да қуанышқа бөледі. Ол – Ал
-
ладан Елшісі Мұхаммедке  (с.а.у.) түскен аяттарды жазып отыра
-
тын ұлығ сахаба Зәйд ибн Сәбиттің үйі еді. Өйткені сәбидің әкесі 
Ясәр сол үйдің құлы болатын. Зәйд оны ұлындай жақсы көретін. 
Әл-Хасан  ибн  Ясәр
1
  Пайғамбар  (с.а.у.)  үйлерінің  бі рінде  ер
-
жетті. Пайғамбар (с.а.у.) әйелдерінің бірі Һинді бинті Сухайлдың 
(Умму Сәләмә деп танылған) қолында тәрбие алды. Умму Сәләмә 
1 Кейіннен «Әл-Хасан Әл-Басри» деп танылған.


 48 
араб әйелдерінің ішінде ең кемел, ең ақылды, ең дана жан бола
-
тын. Сонымен қатар, ол Пайғамбардың (с.а.у.) дәстүрін, өмір сүру 
салтын жақсы білді, көптеген хадистерді риуаят етті. Одан жеткен 
хадистердің саны – 387. Жаһилият дәуірінде оқу-жазуды білетін, 
сауаты бар азын аулақ әйелдердің бірі еді. 
Ал  бақытты  сәбидің  мүминдер  анасы  Умму  Сәләмәмен  қа
-
тынасы  сол  үйде  тәрбие  алумен  ғана  шектеліп  қалмады.  Әл-Ха
-
санның  шешесі  Хайраһ  дүние  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету 
үшін  шы ғып  кеткен  кезде,  емшектегі  бала  қарны  ашып  жы-
лағанда,  Умму  Сәләмә  бауырына  басып,  кө кі регін  аузына  са
-
лып,  жұбатып  алдай  тұратын.  Оған  де ген  махаббаты  соншалық 
күшті болғандықтан, кө кірегінен сүт шығып, баланы емізіп ала
-
тын.  Осылайша  Умму  Сәләмә  Әл-Хасанның  екі  тұрғыдан  анасы 
 
болған:
біріншіден, ол барлығына Ұммүл-мүминин (Мү мин дер анасы) 
болған дықтан;  екіншіден,  оны  емізгендіктен,  сүт  анасы  болып 
 
саналады.
Мүминдер  аналары  арасында  өзара  тығыз  байланыс  болған
-
дықтан  және  үйлері  жақын  орналасқандықтан,  басқа  аналардың 
үйіне  де  барып  жүру  оңай  болды.  Аналардың  тәрбиесін  алды. 
Олардың жолымен жүрді. Өзінің айтуы бойынша, сол үйлерде ер
-
келеп, ойнап қуанышқа бөленетін. Көтеріп жүргенде қолын созып 
талай ұстаған шаңырақты есіне алып отыратын. 
Сөйтіп ол Пайғамбардың жұпар иісі сіңген, нұры мен нұрланған 
ортада жүрді. Мүминдер аналарының үйле ріндегі таза қайнарлар
-
дан  қорек  әрі  білім  алды.  Алланың  Елшісінің  (с.а.у.)  мешітінде 
алдыңғы қатар дағы сахабалардың қолынан дәріс алды. Ол риуаят 
еткен сахабаларға: 
Осман ибн Аффан;
Әли ибн Әбу Талиб; Әбу Муса Әл-Әшғари;
Абдуллаһ ибн Омар;
Абдуллаһ ибн Аббас;
Әнәс ибн Мәлик;
Жәбир ибн Абдұллаһ және тағы басқа сахабалар жатады. Алла 
оларға разы болсын.
Бірақ  Әмирүл-мүминин  Әли  ибн  Әбу  Талибпен  бірге  жүруді, 
содан дәріс алуды ұнататын. Оның дінін қатты ұстануы, ғибадат
-
ты  кемел  жасауы,  дүниенің  сәні  мен    қызықтарынан  бас  тартуы 


 49 
таң қалдырды. Оның даналығы, кәміл данышпандығы, көкірекке 
қоным ды сөздері, жүрек дірілдететін уағыздары сиқырлап қойған
-
дай еді. Тақуалық пен құлшылықта соның үл гісін алды. Шешендік 
және әдебиетте оның жолын қуды. Өмірінің он төртінші көктеміне 
келгенде әке-шешесімен бірге Басра қаласына көшті. Осы жерде 
оның «Әл-Басри», яғни «басралық» деген лақаб аты пайда болды. 
Сол кезде Басра қаласы Ислам мемлекетінің ең ірі қамалдары
-
ның бірі еді. Оның үлкен мешіті ұлығ сахабалар мен көрнекті тә
-
биғиндердің құлшылық ететін орны еді. Мешіт және оның намаз 
оқитын жерлерінде ғалымдардың пікір таластары қызу жүріп жа
-
татын. 
Әл-Хасан сол мешіттен шықпай Мұхаммедтің (с.а.у.) үм метінің 
оқымыстысы    Абдуллаһ  ибн  Аббас тың  кеңесіне  қатысып,  одан 
Құран,  тәфсир,  хадис  жә не  қирағаттардан  сабақ  алды.  Сонымен 
қатар, ұлығ ғұ ламадан және басқа ға лымдардан фиқыһ, тіл, әде-
биет және тағы басқа ғы лымдарды үйреніп, көп салалы ғалым, әрі 
сенімді кісілердің (хадис риуаят етуші) біріне айналды. 
Адамдар оның ғылымынан пайда алу үшін мұсыл ман елдерінен 
ағылып келіп жатты. Оның қатайған жүректерді ерітетін, көздерден 
жас ағызатын уағыз дарын тыңдауға мыңдаған адамдар жиналушы 
еді. Адам миын жаңартатын даналық сөз  дерін кө кірек теріне түйіп, 
рухани нәр алатын. Әл-Хасан Әл-Бас ри жайындағы әңгіме бүкіл 
мұсылман  әлемі не  тарап,  адамдардың  аузынан  түспейтін  болды. 
Халифатар  мен  әмірлер  ол  жайындағы  жаңалықтар  мен  айтқан 
сөз дерінен хабардар болып отырды. 
Сол заманда өмір сүрген араб әдебиетшісі ХӘлид ибн Сафуан 
былай дейді:
Мәсләмәһ  ибн  Абдүлмәликпен  Хира  қалашығында  кездестім. 
Маған:
–  Басралық  Әл-Хасан  жайында  әңгіме  айт.  Ол  туралы  жаңа
-
лықтарды сенен артық ешкім білмейді, – деп сұрады.
– Алла әмірді тура жолға салсын, – деп жауап бердім, – Ол жай
-
ында саған нақты әңгіме айтатын мен ғана. Мен оның көршісімін, 
әр  отырысын  жібермеймін.  Басра  тұрғындарының  арасында  ол 
жайында менен артық білетін адам жоқ. 
– Онда білгеніңнің бәрін баянда.
–  Ол  –  іші  мен  сырты  бірдей  адам.  Сөзі  мен  ісі  сай.  Егер  ол 
адамдарды жақсылық жасауға шақырса, өзі сол істі ең кемел түрде 


 50 
жасайды.  Бір  нәрседен  тыйса,  сол  істен  бас  тартудан  да  бірінші 
орында  тұрады.  Адамдардан  бір  тиын  сұраған  емес.  Керісінше, 
адамдар одан мұқтаж болған нәрселерін сұрап келеді, – деп айта 
бергенімде, Мәсләмәһ тоқтатып:
– Жетер енді. Осындай адамы бар халық қалай дін нен адасуы 
мүмкін? – деді. 
* * *
Әл-Хәжжәж ибн Юсуф Әс-Сақафи Иракқа әкім болып тағайын
-
далған кезде сол елдің халқының басына күн туғызып, бастарына 
әңгір таяқ ойнатып, көптеген зұлымдықтар жасаған екен. 
Оның  зұлымдығына  қарсы  тұрған,  істерін  әшке релеген,  шын
-
дықты бетіне басқан санаулы ғалым дардың бірі – Әл-Хасан Әл-Басри. 
Соның бір мысалы: бір күні Әл-Хәжжәж Басра мен Куфа ара
-
сында орналасқан Уәсит қаласына үл кен ғимарат соғып, адамдар
-
ды шақырып тамашалауға және дұға қылуға бұйырады. Адамдар
-
дың  осы  тойға  көп  жиналатынын  білген  Әл-Хасан  оларға  уағыз 
айтып, алдамшы дүние қызықтарынан тыйып, мәңгі лік Алланың 
сауабына  ынтықтыру  мақсатында  сөз  сөйлеуге  барады.  Ашылу 
салтанатына  барған  Әл-Хасан  керемет  ғимараттың  айналасында 
таң қалып тамашалап жүрген халықты көрді. Мінберге шығып сөз 
сөйледі:
– Лас істермен кірленген, залымдардың залымы құр  ған ғима
-
ратты көріп, тамашаладық. Перғауын одан да биік, одан да керемет 
құрылыстар соққан. Кейін оның жағдайы не болды?! Алла Тағала 
перғауынды сол салдырған ғимараттарымен қоса күл-талқан етті. 
Әл-Хәжжәж аспандағылардың ашуланғанын, жерде гілердің асыра 
мақтап жібергенін білсе екен. 
Осылайша оның істерін әшкерелеп жатқанда тың дау шылардың 
бірі Әл-Хәжжәждың одан кек алмай қоймайтынын біліп қорқып, 
Әл-Хасанға жаны ашып:
– Әй, Әбу Сағид! Жетер енді, жетер енді, – деп тоқ татпақшы 
болады. Сонда Әл-Хасан:
–  Алла  Тағала  ғылым  иелерінен  адамдарға  үнемі  шындықты 
жеткізу, жасырмау жөнінде уәде алған, – деп жауап берген екен.
Келесі  күні  мәжілісіне  Әл-Хәжжәж  ашу-ызамен  кіріп  келіп, 
кеңеске қатысушыларға:


 51 
–  Өлмейсіңдер  ме!  Басра  тұрғындарының  ішінен  шыққан  бір 
құл аузына келгенін айтады. Сендер оған жауап бере алмапсыңдар. 
Құрып кетпейсіңдер ме! Мен оның қанын ішемін, қорқақтар, – деп 
ызаға булығып, қылышпен бас шапқан кезде қан кілемге өтіп кет
-
пеу үшін қолданылатын теріден жасалған бөстекті әкелуге бұйы
-
рады. 
Саймандарын  алып  баскесер  келеді.  Женденттері не  айтып 
Әл-Хасанды  шақыртады.  Көп  ұзамай  кіріп  келген  Әл-Хасанды 
көргенде  сол  арада  отырғандар  көздері  шарасынан  шығып,  не 
істерлерін білмей сасады. Әл-Хасан қылыш, бөстек және бас ке
-
серді көр генде ерні жыбырлап, бір нәрсе дегендей болады. Сонан 
соң мүминнің мәртебесімен, мұсылманның абы  ройымен және Ал
-
лаға шақырушының келбетімен Әл-Хәжжәжға қарай беттейді. Әл-
Хәжжәж оның осы сұсты келбетін көріп шошып:  
–  Әбу  Сағид!  Төрлетіңіз,  мұнда,  мұнда  отырыңыз,  –  деп 
асты-үстіне түседі. 
Адамдар Әл-Хәжжәждың аяқ астынан өзгере қал ғанына таң қа
-
лады. Әл-Хасан отырғаннан кейін Әл-Хәжжәж дін істері жайында 
сұрайды. Әл-Хасан да әр сұраққа кең біліммен, қарапайым тілмен, 
байыпты қалыппен жауап береді. Әл-Хәжжәж:
– Әбу Сағид! Сіз ғұламалардың мырзасысыз, – деп, қымбат иіс 
суларымен оның сақалын майлап, жағым пазда нып шығарып сал
-
ды. 
Үйіне  дейін  жеткізіп  салуға  шыққан    Әл-Хәжжәж дың  көмек
-
шілерінің бірі ғұламадан:
– Қылыш пен бөстекті көргенде ерініңіз жыбырлады, сонда не 
деп айттыңыз, – деп сұрағанда:
–  «Әй,  нығметімнің  Иесі,  қиыншылықтарда  Панам,  отты 
Ибраһимге  салқын  әрі  бейбіт  қылғаныңдай,  оның  ашуын  маған 
жағымды, әсерсіз ет» деп дұға қылдым, – дейді. 
Әл-Хасан Әл-Басри әкімдермен, әмірлермен кездес кенде, осын
-
дай жағдайлар көп болды. Билік иелері нің алдында өз ұстанымын 
өзгертпей, олардың алдын да ұлығ тұлға болып, Алламен ардақты 
болып, Оның сақ тауымен аман әрі абыройлы шығатын.
Омар  ибн  Абдүләзиз  өмірден  өтіп,  Раббысының  қасына  ат
-
танғаннан кейін халифалық Язид ибн Абдүл мәлик тің қолына өтеді. 
Ол Иракқа Омар ибн Хубайра Әл-Фазариды әкім қылып тағайын
-
дайды. Оған қоса Хорасанды да соның иелігіне берді. 


 52 
Язидтың халыққа деген жанашырлығы ұлығ Омар ибн Абдүлә
-
зиз сияқты емес еді. Омар ибн Хубайраға хат соңынан хат жазып, 
көптеген  істерді,  солардың  ішінде  ақиқатқа  қайшы  келетінін  де 
орындауын  бұйыратын.  Осыған  байланысты  Омар  ибн  Хубайра 
Әл-Хасан Әл-Басри мен Амир ибн Шурахбилды шақырып алып:
– Әмирүл-мүминин Язид ибн Абдүлмәликті Алла Тағала құл
-
дарына өзінің орынбасары етіп қалдырды. Халықтың оған бағы
-
нуы – уәжіб. Маған Ирак тізгінін беріп, Парсы елін де қосып отыр. 
Маған кейде әділетке жанаспайтын кейбір істерді атқаруға бұйрық 
береді.  Оның  бұйрықтарына  бағынып,  айтқандарын  атқарған да 
басшылыққа алатын діни негіздеме жасап бересіз дер ме? 
Мұның  сұрағына  Әш-Шағби  халифаға  жағымды,  әкімнің 
көңіліне тимейтіндей етіп жауап берді. Әл-Хасан үндемеді. Омар 
Әл-Хасанға қарап:
– Әбу Сағид! Сіз не дер едіңіз? – деп сұрады.
– Ибн Хубайра! Язид үшін Алладан қорық. Алла үшін – Язид
-
тен  емес.  Алла  сені  Язидтен  құтқара  ала тынын,  ал  Язидтің  сені 
Алладан құтқара алмай тынын біл. Сенің мына кең төсегіңнен тура 
тар  қа  бір ге  апаратын,  Алланың  әмірін  бұлжытпай  орындайтын 
күшті періште түсейін деп тұр. Сен сол жақта Язидті көрмейсің, 
алдыңнан Язидтің Раббысына қарсы жасаған істерің шығады. Ал
-
ладан қорықсаң, Оның әмірлерін бұлжытпай орындасаң, Язидтің 
қаһарынан дүниеде де, ақыретте де құтыласың.
Омар  ибн  Хубайра  көз  жасы  сақалын  су  қылғанша  жылады. 
Көңілі  Әш-Шағбиден  Әл-Хасанға  ауысты.    Әкім  мәжілісінен 
шығып, екі ғұлама мешітке барды. Сонда адамдар екеуінен әкім
-
мен болған кеңес жайында сұрады. Әш-Шағби оларға:
–  Кімде-кім  Алла  Тағаланың  ризашылығын  адам дардың  ри
-
зашылығынан  барлық  жерде,  барлық  жағ дайда  жоғары  қоя 
алатын  болса,  қойсын.  Әл-Хасанның  Омар  ибн  Хубайраға  ай
-
тқан  сөздерін  мен  де  білетін  едім.  Бірақ  мен  әңгімемде  Омар
-
дың  көңілін  аулауға  тырыстым,  ал  Әл-Хасан  Алланың  риза
-
шылығын қала ды. Алла Тағала Ибн Хұбайрадан мені алыстатып, 
 
Әл-Хасанды жақындатты. Әрі оған деген сый-құрмет орнатты. 
Әл-Хасан  Әл-Басри  сексен  жылдай  ғылыммен,  да на лықпен 
және фиқһпен өмір сүрді. Оның айтқан даналық сөздері мен өси
-
еттері ұрпаққа қалдырған ең бағалы мирасы болып, қазіргі күнге 
дейін жүректерді жібітіп жүр. 


 53 
Оның уағыздары адамдардың көзін ашып, үмітсізге үміт сый
-
лап, бақытсызды бақытты қылып, ел ау зын дағы әңгімеге айналған. 
Адасқандарды  Аллаға  бастайды,  өмір  жолдарында  шамшырақ 
бола  ды. 
Дүние жайында сұраған адамға оның айтқан әң гімесі:
– Дүние және Ақырет жайында сұрайсың ба? Дү ние мен Ақы
-
рет  Батыс  пен  Шығыс  сияқты.  Біріне  жақындасаң,  екіншісінен 
ұзайсың. Осы дүниені сипатта дейсің бе? Несін сипаттайын, басы 
– ауыртпашы лық, соңы – жоқшылық. Халалына есеп бересің, ха
-
рамына жаза аласың. Бай болсаң сынаққа, кедей болсаң қайғыға 
батасың. 
Сонымен  қатар,  бір  кісі  өзінің  және  адамдардың  жағдайын 
сұрағанда былай деп жауап беріпті:
–  Жағдайымыз  тіптен  ауыр.  Дінімізді  төмендетіп,  дүниемізді 
көтеріп жібердік. Мінез-құлқымызды тү зеуді қойып, көрпе-төсекті 
жаңартуға көштік. Жантая жатып, басқаның малын жейді. Тамағы 
–  ұрлық,  қыз меті  –  зорлық.  Қышқылдан  кейін  тәттіні,  суықтан 
кейін  жылыны,  құрғақтан  кейін  ылғалды  сұрап,  қо мағайлықтан 
қарындары жарыла жаздап, кекіріп: «Әй, Құл! Тамақ қорытатын 
дәрі әкел» деп айқайлайды. Әй! Ақымақ! Дініңнен басқаны қорыт
-
пайсың. Мұқтаж көршің қайда? Қаумыңының қарны ашқан жетім
-
дері қайда? Сенің есігіңе қараған мүсәпірлер қайда? Алла Тағала 
өсиет еткендер қайда? Сен кері қарай жүре тін сансың. Күн шығып, 
батқан сайын азая бересің. Күнмен бірге мүшелерің де кете береді. 
Һижраның 110 жылы Ражаб айында, жұма түні Әл-Хасан Әл-Ба
-
сри Раббысының шақыруын қабыл алды. Өлімі жайында естіген 
жұрт қара жамылып, аза тұтты. Басраның көшелері дүр сілкінді. 
Ғалым әрі ұстаз – Аллаға шақырушы болып өмірін өткізген мешіт
-
те жуылып, кебінделіп, жұма намазынан кейін жаназасы оқылды. 
Мешітте болғанның бәрі жаназаның соңынан жерлеуге кетті. Ба
-
сра мешітінде сол күні асыр намазына иқамат түсірілмеді. Себебі, 
иқамат  түсіретін  тірі  жан  қалмап  еді.  Мұсылмандар  сол  мешітті 
құрғаннан  бері  асыр  намазы  оқылмаған  кез  болмап  еді.  Тек  сол 
күні, Әл-Хасан Әл-Басридың Раббысының жанына жүріп кеткен 
күні ғана оқылмады. 


 54 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет