Тақырыбы : «Ұстазым, ұлағатым, үлгі өнегем!» Мақсаты



Дата15.10.2022
өлшемі45,04 Kb.
#153223
Байланысты:
Ұстазым, ұлағатым, үлгі өнегем


Тақырыбы : «Ұстазым, ұлағатым, үлгі өнегем!»


Мақсаты:

Білімгерлерді ұстазды құрметтеуге сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.


Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына қасиетті ұғым жатыр.


Адамды тәрбиелеп , оны азамат етудің өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі –ұлы еңбек.

Ақырын жүріп анық бас


Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға

1.Ұстаздарға арналған өлеңдер


2.Ұстаздар туралы ғұламалар мен ақын жазушылардың айтқан сөздері.
3.Нақыл сөздер айту.

Армысыздар мұғалімдер әз - жандар


Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би-билеп ән де бүгін шырқалар
Ізгілікті өн бойына жинаған
Қалап берген ірге тасын білімнің
Хош келіпсіздер –дүниеге сыйлы ұстаздар!
Кем көрмеймін сізді анамнан
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген
Бар тіршілік бақыты ұстазбенен
Білім іздеп лапылдап жаңа берем

2.Ұлы ғұламалар мен ақын жазушылардың ұстаздар жайлы айтқандарына кезек береміз.


1.Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы,сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім.
(Ғабит Мүсірепов)

2.Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, кмген киміміен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді(Мәлік Ғабдуллин)


3.Жақсы адам ғана басшы бола алады.(Жүсіп Баласағұни)


4.Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.(Серке Қожамқұлов)


5.Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің, адамгаршіліктің жаршысы болуға тиіс.(С. Көбеев)


6.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол кемел ұстаз. (К. Ушинский)


3.Нақыл сөздер айту.


1.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

2.Жақсы мұраптың атынан су ереді


Жақсы ұстаздың артынан шәкірт ереді

3.Ұстазға қарап шәкірт өседі


4.Қайратсыз ашу-тұл


Тұрлаусыз ғашық тұл
Шәкіртсіз ғалым-тұл

5.Атпаз көрген ат таныр


Ұстаз көрген хат таныр.

6.Ұстаз мәртебесі-ел мерейің


7.Ұстаздан шәкірт озар


Қорытынды Осымен Ұстазым менің ұстазым атты тәрбие сағатымыз аяқталды.


 
































































































































Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет