Тақырыбы: 18-19 ғғ. қазақ



бет1/7
Дата04.05.2023
өлшемі43,76 Kb.
#176023
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
18-19 ғғ. қазақ мәдениеті


Тақырыбы:18-19 ғғ. қазақ мәдениеті
Қазақ Ағартушылығы феномені. 
Қазақстанда ағартушылық ойдың мəнін түсінуде қазіргі отандық ғылымда  келесі теориялық жəне əдіснамалық қағидалар қалыптасқан:

  • Біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты-тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мəдениетімен кең танысу жəне сол арқылы еуропалық өркениетпен сусындау — Ресейге бодан кезеңінің нəтижесі болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастықта — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы жалпы ресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан Қазақстандағы ағартушылық идеологияны зерттеуде жалпы ағартушылық құбылысқа тəн белгілермен қатар, оны тудырған мəдени-əлеуметтік ортаның ерекшелігіне де баса назар аудару қажет.

  • Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі — оның азаттыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі кеңес өкіметіне дейін жəне сол өкімет тұсында өз мəнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (М.Дулатов «Оян, қазақ!», М.Жұмабаев «Тəңір», «Мен кім», «Тез барам» т.б., А.Байтұрсынов «Қазақ өкпесі», «Тəні саудың жаны сау», «Қазақша оқу жайынан», Ə. Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Шоқаев, Ж.Аймауытов т.б.). Патша өкіметі мен сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын басынан өткізіп, əділет пен шындық жолында халқының мұң- мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға шақырған еңбектері халық бостандығы мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды.

  • Үшіншіден, қазақ ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өтті. Ол өз дамуында керітартпа идеялық бағыттармен күреске толы болды. XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың алғашқы кезеңінде ағартушылар кейбір діни түп негізшіл-клерикалды идеологиямен жəне əр түрлі діни-мистикалық бағыттармен келісімде болмады. Қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бағыттары мен ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың орта тұсында пайда болған дəстүрлі-консервативті Тəңіршілдік бағытын, Ресейдің мұсылман халықтарының арасында кең тараған панисламизм мен пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады. Қарастырып отырған рухани құбылыстың рөлі мен мəні нақтылы идеялық күрестің аясында көрінетіндіктен, берілген бағыттар мен ілімдердің табиғатын жете ұғыну қажеттілік пайда болады



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет