Тақырыбы: «Қабыну»


«Көмірсулар, майлар және нәруыздар алмасуының бұзылыстары. Ашығу» тақырыбы бойынша тесттік тапсырмалар



бет3/5
Дата08.11.2023
өлшемі59,66 Kb.
#190125
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тесты ПФ

«Көмірсулар, майлар және нәруыздар алмасуының бұзылыстары. Ашығу» тақырыбы бойынша тесттік тапсырмалар
1.Науқас 52 жаста, қантты диабеттің 2 типімен ауырады. Аузының құрғауына және ерін аумағының ашып ауырсынуына шағымданады. Осы клиникалық белгілердің дамуының негізінде қандай механизм маңызды рөл атқарады?
A) Метаболизмдік ацидоз
B) Ауыздағы сілемейлі қабықтың нәрленісінің бұзылуы
C) Өкпе арқылы уытты заттардың шығарылуы
D) Ауыз қуысында патогенді флораның дамуы
+E) Гипергликемияның нәтижесінде дамыған тіндердегі дегидратация
***
2. Науқас П. 25 жаста, аузының құрғауына, көп шөлдеуіне, дене салмағының төмендеуіне шағымданып, дәрігерге қаралды. Тексеріп қарағанда: аш қарындағы қан сары суында глюкозаның мөлшері - 9,2 ммоль/л.
зәрде – глюкоза+++. Осы симптомдар төменде көрсетілген патологиялық жағдайдың қайсы түріне тән?
A) Бүйректік диабет
+B) Қантты диабет
C) Феохромоцитома
D) Қантсыз диабет
E) Алиментарлы глюкозурия
***
3. Науқас Р., 56 жаста, төменгі жақсүйектің остеомиелитімен ауруханаға келіп түсті. Клиникалық тексеру кезінде науқастың зәрінен айқын глюкозурия байқалды. Аш қарынға тексергенде қанда глюкозаның мөлшері қалыпты.
Глюкозаның толеранттылығына жасалған сынама – қалыпты. Глюкозурияның дамуы осымен байланысты:
A) Глюкозаның түтікшелік бөлінуінің күшеюімен
B) Түтікшелерде глюкозаның кері сорылуының күшеюімен
C) Глюкозаның шумақшалық фильтрациясының күшеюімен
D) Бүйректің концентрациялық қасиетінің азаюымен
+E) Глюкозаның реабсорбциясына қатысты түтікшелердегі ферменттік жүйелердің жеткіліксіздігі
***
4. Қантты диабет кезінде пародонт ауруларының патогенезінде маңызды орын алады:
+A) Қантамырлардың ангиопатиясы
B) Гиперсаливация
C) Гипогликемия
D) Кетоацидоз
E) Тісжегі
***
5. Қантты диабет кезінде тіс маңайындағы тіндерде инфекциялық үдерістердің дамуы келесі өзгерістерді:
A) микроангиопатиялардың кері дамуын (регрессі)
+B) комалық жағдайдың дамуын
C) қантты диабет ағымының жақсаруын
D) енгізетін инсулин мөлшерінің азаюын
E) тіс жұлғаннан кейінгі тіс ұяшығының жылдам жазылуын туындатады.
***
6. Қантты диабет кезінде байқалады:
A) Гиперсаливация
B) Тіл бүртіктерінің гипертрофиясы
+C) Тіс ұяшықтарының баяу жазылуы
D) Альвеолярлық сүйектің остеосклерозы мен гипертрофиясы
E) Сілемейлі қабықтың регенерациялық қасиетінің күшеюі.
***
7. Квашиоркор ауруымен ауыратын науқас балада тістің ақаулығы, тістерінің босауы, қызылиектің атрофиясы байқалған. Тісінде байқалған патология немен байланысты дамыған:
A) В гиповитаминозымен
B) С гиповитаминозымен
C) Нәруыздардың артығымен жиналуымен
D) Көмірсулардың жеткіліксіз келіп түсуімен
+E) Нәруыздардың тағаммен жеткіліксіз түсуімен.
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет