Тақырыбы: Асептика


Қолды өңдеу үшін қандай антисептиктер қолданылады?



бет3/5
Дата18.06.2020
өлшемі0,56 Mb.
#73805
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
Асептика Кунделік 1

Қолды өңдеу үшін қандай антисептиктер қолданылады?

Қолды АХД, АХД – специаль, евросептпен өңдеу. Бұл антисептиктердің құармына этанол, хлоргексидин, полиольды малы қышқылдың эфирі кіреді. Қолды 2-3 минут осы көрсетілген антисептиктердің біреуімен ысқылап жуылады. Кейінгі кезде бұл тəсіл хирургиялық тəжірибеде көп тараған прогрессивті əдістердің бірі болып есептелінеді. Операция жасалынатын жерді даярлау. Операциядан бұрын науқас тазалық астауында немесе суды себелеп жуынады. Науқастың үстіндегі киімдері жəне жататын орны ауыстырылады. Операция жасалатын күні операция жасайтын жерді қырып тазалайды.

Мүсəтір спирт ерітіндісі (раствор нашатырного спирта) Қолды операцияға барар алдында осы препаратпен зарасыздандырады. Бұл тəсілді ойлап шығарған ғалымдардың атымен Спасокукоцкий – Кочергин тəсілі деп аталады. Қолды жуатын легенге 1 литр қоспасынан арылған су құйылады жəне 5 мл мүсəтір спирті қосылады. Ал 10 литр суға мүсəтір спиртінің 50мл ерітіндісі қосылады. Қол екі легенле 3 минуттан жуылады.

Қолды церигельмен тазарту. Қолдың құрғақ терісіне 3-4 г церигель тамызылады, препараттың алақан жəне лның сырты, саусақтардың арасы жəне шынтақтың үштен біріне жайылу үшін 8-10секунд шамасында ысқыланады. Қол ауада немесе ауаны жаңартқышпен құрғатылады, қолда пайда болған жұқа қабық микробтарды шығармайды , жұқа қабық спиртпен ерітіліп алынады.

Қолды дегминмен тазарту. Қолды щеткасыз сабындап 2-3 минут жуылад. Дегминнің суда ерітілген 1 пайыздыеғрітіндісіне батырылып алынған екі салфеткамен қол сүртіледі, құрғатылады, зарарсыздандырылған резеңке қолғап киеді.

Қолды 3-5 пайыз новосепт немесе 1 пайыз дегмицидпен жуу.

Қолды сабындап жуып, құрғатып осы көрсетілген антисептиктердің бірімен дəкеге малып алып, қолды 2-3 минут ысқылап жуады, қолды спиртпен сүртіп қажеті жоқ.

Дегмин. Сары түсті, қатты, балауыз тəрізді зат. Екі түрде шығады: бірі қаттты, екіншісі 30% ерітінді түрде – оның дегмицид деп атайды. Дегмин суда ерітіліп, оның 1% ерітіндісі пайдаланылады. Дегмицидтің 1:30 ерітіндісі қолды жууға, операция жасайтын аймақты тазалауға қолданылады. Ерітінді пайдаланардың алдында дайындалады, микробтарға əсері өте зор. 100, 500 мл шөлмектерде шығарылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет