Тақырыбы: Бастауышым балбұлағым Мақсаты: 1



бет2/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,94 Mb.
#33261
1   2   3




Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Гүлмира апай,

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.

Ән: «Ұстазым»

.

Әрсен: Бастауышым- балбұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Жарас: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Балжан:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Жарас: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Балжан:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.








1-жүргізуші:

Армысыздар,әлеумет кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді,

Қуанып зер салайық,ей халайық,

Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.

Бүгін мектебіміздің бастауыш буынын бітіргелі отырған бітірушілердің ән-шумағын қабыл алыңыздар.

1-оқушы:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Хош келдіңіздер ұстаздар,ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға

2-оқушы:


Шаттанамын бүгін мен шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім,мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым,

Түстей болып міне бүгін артта қалдым.

3-оқушы:

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Хор: «Мектебім,аяулы мектебім».



Ән: Анашым-әкем




































күні: 25/04/2015ж


Тәрбие сағатының тақырыбы: Текті білу тегін емес
Мақсаты: «сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
- ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
- ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер. «Ризамын!»әні
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі.
Атадан ақыл аламыз
- Атамыз – біздің панамыз,
- Атамыз - біздің данамыз,
- Атадан ақыл аламыз,
- Атадай адам боламыз.
Е. Өтетілеуовтің «Текті білу тегін емес» - өлеңін түсініп оқу.
Мұғалімнің түсіндіруі:
Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себептен ата - бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал күні бүгінге дейін жеткен.
Тапсырма
«Жеті атасын білмеген жетесіз» - түсініп оқу.
- «Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер?
Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Топқа бөліну
І топ – «Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол»
ІІ топ – «Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін»
ІІІ топ – «Қыздарымыз есті болсын,
Ұлдарымыз сесті болсын»
Жаңа ақпарат
«Ата тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.»
Балалар ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.
Назар аударыңдар
Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
- Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз.
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.
Қорытындылау.
Мұғалімнің сабақ бойынша түйіндемесі:
- Балалар, ата - бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатынына сенді. Баланың бақыты – ата - атаның бақыты, ұрпағының бақыты. Біздің ең түпкі шыққан тегіміз – адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген, өзінің тек қана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасаған ата - бабаңды қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз ұрпағың қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашанда ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн.
































күні: 18/04/2015ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»


Мақсаты:

Мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.


Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу.
Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шыңдайды.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін. Ортаға үш мақалшы шығып, дайындаған мақалдарды айтады.
1 тур. 1 - айналым. Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)
2 - айналым.Екі мақалшы шығады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Екі мақалшы төрт – төрттен айтады. Екінші айналымнан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Әдептілік белгісі... (иіліп сәлем бергені)
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
9. Ердің атын... (еңбек шығарады)
2 – тур. 1 - айналым.
Ортаға үш жұмбақшы шығады.
1. Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір — біріне жасырады.
2. Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең аз ұпай жинаған бір оқушы ойыннан шығады.
1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдңм, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
2. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
3. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
4. Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (бидай)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (велосипед)
6. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (жұлдыздар)
7. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (қармақ)
8. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (дауыл)
9. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (әтеш)
3 - тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)
Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
2. Бір беткейде екі көл. (көз)
Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.

3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
5. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.


Шешендік сөздер.


- Өмірде не жетім?
- Өмірде ата – анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Хан ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім.
Суы жоқ – құдық жетім,
Ұлы жоқ – әке жетім.
Қызы жетесіз болса – ана жетім,
Досы жоқ – жігіт жетім,
Шәкіртсіз – ұстаз жетім,
- Үйде кім, елді кім қадірлі?
- Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.

2 - айналым


Екі адам бір – біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
1. Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жана (қаңбақты)
4. Алмастан тыным, шабады (құлын)
5. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
6. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
7. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
8. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
9. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)

3 - тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.


Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)

Отыз екі тістен шыққан сөз,


Отыз рулы елге тарайды.

2. Бір беткейде екі көл. (көз)

Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.

3. Еш тесікке тұрмайды,


Ол жоқта жер құрғайды. (су)

Тау мен тасты су бұзар,


Адамзатты сөз бұзар.

4. Білімнің дәнін тереді,


Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

5. Аспаннан домалап,


Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)

Арпа, бидай ас екен,


Алтын, күміс тас екен.
Ұпайы көп алған қалады. Егер ол ойынды ары қарай жалғасытырсы келсе, шешендік сөздерге қатысады. Жалғасытырғысы келмесе сыйлықты алады. Ойын аяқталады.
Шешендік сөздер.
- Өмірде не жетім?
- Өмірде ата – анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Хан ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім.
Суы жоқ – құдық жетім,
Ұлы жоқ – әке жетім.
Қызы жетесіз болса – ана жетім,
Досы жоқ – жігіт жетім,
Шәкіртсіз – ұстаз жетім,
- Үйде кім, елді кім қадірлі?
- Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.

Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз!


Мақсаты: Жолда жүру ережесін сақтауға, оқушыларға жол белгілерін білу не ушін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол белгілерінің суреттері.
Сабақтың барысы.
Мұғалім: Біздін қаламызда әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұхият болуы қажет. Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
1 - оқушы: Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 - оқушы: Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 - оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
5 - оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал
6 - оқушы: Қызыл көз жанарда
Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту,
Дайын бол табанда.
7 - оқушы: Жасыл көз жарасты,
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты.
8 - оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
9 - оқушы: Жарасып - ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (бағдаршам)
Мұғалім: Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам жоқ көшелерден өтетін кезде, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. Бағдаршам жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Балалар бүгін бізге қонаққа бағдаршам келіпті, бағдаршамның сендерге әкелген тапсырмалары бар екен.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, құрметті бағдаршам?
Бағдаршам: Балалар, мен бүгін сендерге сұрақтар, ойын, сөзжұмбақ әкелдім. Енді ойнымызды бастайық.
Мұғалім: Бағдаршам ойынының шарты. Таяқшаларды алғаннан кейін оқушылар үш жерге топталып тұра қалады, бағдаршам белгілерді көтереді: қызыл көтергенде - тұр, сары - күт, жасыл - жүр.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Бағдаршам: Мен сендердің білімдеріңді сынамақ үшін сұрақтар ала келдім.
Көрініс: Үш оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы мектептен шығып жолдан қалай өту керектігін корсетеді.
Қызыл: Тоқтап тұрады.
Сары: Дайындалады.
Жасыл жанғанда: Жолдан өтеді
Ән: << Әрқашан күн сөнбесін>>
Бағдаршам: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Қорытынды.
Мұғалім: Ал балалар біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?
- Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен.
- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
- Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.
- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
- Тілін алуымыз керек.
- Осымен сабағымыз аяқталды.

күні: 28/02/2015ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер - мақтанышымыз
Мақсаты:

а) Оқушыларға еліміздің рәміздері Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.


ә) Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
б) Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимн қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, мақал-мәтелдер, слайд
Тәрбие сағатының барысы: Оқушыларды тәрбие сағатына даярлау.
Кіріспе бөлім:
Бүгін міне сіздерге «Ешқашан жалықпайық», «Білім алу жолында талмайық», «Бір – бірімізге дос – бауыр деп қарайық» дегім келеді. Сонда ғана өз Отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз.
- Олай болса, біз Отан деген сөзді қалай түсінеміз? Отан деген не?
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
3. Қазақстан көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
5. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
6. Президенттің жұмыс орны
7. Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?
8. ҚР Конститутция күні қашан?
9. Рәміздерге нелер жатады?
10. ҚР туында не бейнеленген?
11. Тудың авторларын ата
12. Гимннің авторлары кімдер?
- Міне балалар бастаймыз бүгінгі сабағымызда мемлекеттік рәміздерге көбірек тоқталамыз.

Мұғалім:
Президент Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өйткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн мемлекеттің салтанатты әні. Гимді түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт - бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

Гимні орындалады.






Еңселі Елтаңба. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер

Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.


Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.



Азиз :
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Тұғырлы туымыз.


Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.


Арсен:
Айнымайды аспаннан

Жанатын да өзі отша,


Біздің тудың болуы

Жалын шарпып бетіңді


Оны халық қашанда

Туымыз да қазақша


Биікке іліп қояды.


Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Ережесі: Берілген сөздерден басқа сөздер құрап жазу.
Елтаңба - ел, таңба, таң, аң 
Байрақ - бай, ай, қар, ар



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет