Тақырыбы: Бронхы демікпесі Жеке ингаляторды қолдану



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі24,32 Kb.
#83609
1   2   3
Байланысты:
Бронх дем лд.

Тыныс ингаляторлары

Антибиотиктер

Муколитиктер

  1. PRO ингаляторлары сенімді, тиімді және әр отбасына қолжетімді.

  2. MED небулайзерлері- кәсіби технологиялар жайлылығы.

  3. TECHNO небулайзерлері.

  4. Бу ингаляторлары, жоғары тыныс алу жолдарын емдеу үшін, шөп қайнатпалары мен тұндырмаларын қодана отырып бу шығарады.

» Табиғи ( өсімдіктер мен жануарлар тіндерінен пайда болады)
» Жартылай синтетикалық ( табиғи молекула модификациясы арқылы алады)
» Синтетикалық ( жасанды түрде өндіріледі)

А) Амброксол (амбробене, лазолван, амбросан)
Б) Бизолван (бромгексин)
В) Карбоцистеин (бронкатар)
Г) Ацетилцистеин ( N- АЦЦ)
Д) Қақырық түсіретін шөптер ( девясил, шалфей, мать-и-мачеха)

5Тест тапсырмасын орында
1. Мына аурудың этиологиясында аллергия маңызы бар:
А.Эксудативті плеврит
В. Крупозды пневмония
С. Өкпе абсцесі
Д. Өкпе туберкулезі
Е. Бронх демікпесі
2. Құрамында Шарко- Лейден кристалдары, Куршман спиральдары мен эозинофилдер бар қақырық мына ауруға тән:
А. Экссудативті плевритке
В. Бронх демікпесіне
С. Крупозды пневмонияға
Д. Өкпе абсцесіне
Е. Өкпе туберкулезіне
3. Көбіне түнгі мезгілде дамитын ұстамалы экспираторлы ентікпе тән:
А. Созылмалы бронхитке
В. Экссудативті плевритке
С. Бронх демікпесіне
Д.Крупозды пневмонияға
Е.Жүрек демікпесіне
4. Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде науқасқа енгізуге болмайды:
А. Морфин, промедол
В. Преднизолон, гидрокартизон
С. Эуфиллин, эфедрин
Д. Димедрол, супрастин
Е. Адреналин, норадреналин
5. Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде көрсетілетін жедел жәрдем:
А.Пенициллин н/е канамицин бұлшықетке
В. Нитроглицерин тіл астына, қыша қағазын жүрек тұсына салу
С. Дымқыл оттегі, эуфиллин н/е эфедрин, адреналин, преднизолон көк тамырға
Д. Клофелин н/е магний сульфат н/е лазикс көк тамырға, қыша қағазын желкеге, балтырға салу
Е. Кеудеге мұзды мұйық, аминокапрон қышқылы көк тамырға тамшы ретінде, викасол, децинон бұлшықетке
6.«Әйнек тәрізді» қақырықты жөтел, экспираторлы ентікпе – мына ауруға тән:
А.Жүрек демікпесіне
В. Өкпе шеменіне
С.Стенокардия ұстамасына
Д. Бронх демікпесіне
Е. Крупозды пневмонияда
7. Созылмалы бронхит- дегеніміз:
А. Тұншығу ұстамасына әкеліп соқтыратын тыныс мүшелерінің созылмалы қабынған ауруы
В.Өкпенің бір бөлігінің зақымдануымен және патоморфологиялық өзгерістерімен сипатталатын, клиникалық дамуы кезеңдікпен өтетін жедел өкпе қабынуы
С. Плевра бетіне фибриндердің пайда болуымен немесе плевра қуысында сұйықтық жиналуымен сипатталатын плевра бетінің қабынуы.
Д. Жөтелмен, ентікпемен, дем алыстың қызметінің бұзылуымен сипатталатын бронхтардың кілегейлі қабықтарының диффузды зақымдануы.
Е. Өткір дамитын және кілегейлі қабықтың диффузды қайтымды зақымдануымен сипатталатын көмекей, бронхтар мен бронхиолдардың жедел қабынуы
8.Жедел бронхит клиникалық белгілері:
А. Жалпы әлсіздік, көкірек тұсының ауруы, тоңып, дірілдеу, жалпы интоксикация, бастапқы кезде құрғақ жөтел, артынан жөтел ылғалды, температура (субфебрильді немесе жоғары-38*С), өкпеде қатқыл дыбыс
В. Жедел басталу және аллергендерге байланысты болуы, қақырық шығуы қиындалған ұстамалы жөтел, қақырық мөлдір, созылмалы, экспираторлы ентікпе, тұншығу ұстамасы, қалпы ортопноэ, кеуде қуысының қабырға аралары алшақ, бөшкі тәріздес, диффузды цианоз, өкпені қағу-коробкалы дыбыс, өкпенің барлық жерінде құрғақ сырылдар
С. Кеуденің қатты ауыруы оның жөтелген, қозғалған кезде күшеюі, құрғақ жөтел, әлсіздік, дене температурасы көтерілуі, зақымданған жақ кеуденің дем алыстан қалуы, плевра үйкеліс дыбысы естіледі.
Д. Қақырықты жөтел (кілегейлі, кілегейлі-іріңді), көбіне таңертеңгілік, ауызын толтырып, экспираторлы ентікпе, қатыңқы дем алыс, ысқырықты құрғақ және әртүрлі калибрлі дымқыл сырылдар
Е. Зақымданған өкпе жағындағы кеуденің ауыруы, оның жөтелгенде өршуі, әуелі жөтел құрғақ, 2-3 тәуліктен жабысқақ, тотық түстес, науқас-беті қызарған, терісі мен мұрнына ұшық шыққан, ентікпе, дене температурасы жоғары
9. Бронх демікпесі- дегеніміз:
А. Тұншығу ұстамасына әкеліп соқтыратын тыныс мүшелерінің созылмалы қабынған ауруы
В. Өкпенің бір бөлігінің зақымдануымен және патоморфологиялық өзгерістерімен сипатталатын, клиникалық дамуы кезеңдікпен өтетін жедел өкпенің қабынуы
С. Плевра бетіне фибриндердің пайда болуымен немесе плевра қуысында сұйықтық жиналуымен сипатталатын плевра бетінің қабынуы
Д. Жөтелмен, ентікпемен, дем алыстың қызметінің бұзылуымен сипатталатын бронхтардың кілегейлі қабықтарының диффузды зақымдануы
Е. Жедел дамитын және кілегейлі қабықтың диффузды қайтымды зақымдануымен сипатталатын көмекей, бронхтар мен бронхиолдардың жедел қабынуы
10. Бронх демікпесінде науқас мынадай қалыпта болады:
А.Тренделенбург
В.Фаулер
С.Симс
Д.Ортопноэ
Е.Бас жағын төмен, аяғын көтеріңкі етіп жатқызу
11. Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде өкпеде тыңдау кезінде анықталады:
А. Өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ысқырықты сырылдар
В. Өкпенің төменгі бөлігінде дымқыл сырылдар
С. Бір жақ өкпеде орнықты дымқыл сырылдар
Д. Бір жақ өкпеде амфоралық дем алыс
Е. Өкпенің барлық бөлігінде дымқыл ірі, орташа көпірікті сырылдар
12.Бронх демікпесінде кеуде сарайы:
А. Өзгермеген, қалыпты
В. Қабырға аралары жақын
С. Бөшкі тәріздес, қабырға аралары алшақ
Д. Құс төсі тәрізді
Е. Бір жағы үлкейген
13.Бронх демікпесі ұстамасында жедел көмекке қажетті аэрозолдар:
А. Клофелин,тайлед
В. Беротек, астмопент, сальбутамол
С. Раунатин, спазмолитиктер
Д. Валидол, нитроглицерин
Е. Пенициллин, салицилаттар, тайлед
14.Созылмалы бронхитқа тән клиникалық белгілер:
А. Жалпы әлсіздік, көкірек тұсының ауруы, тоғып дірілеу жалпы интоксикация,бастапқы кезде құрғақ жөтел, артынан жөтел ылғалды, температура (субфебрилді немесе жоғары-38˚С), өкпеде қатқыл дыбыс
В. Жедел басталу және аллергендерге байланысты болуы,қақырық шығуы қиындалған ұстамалы жөтел,қақырық мөлдір, созылмалы,экспираторлы ентікпе,тұншығу ұстамасы, қалпы ортопноэ, кеуде қуысының қабырға аралары алшақ бөшкі тәріздес, диффузды цианоз, өкпені қағу-коробкалы дыбыс, өкпенің барлық жерінде құрғақ сырылдар
С. Кеуденің қатты ауыруы оның жөтелген, қозғалған кезде күшеюі, құрғақ жөтел, әлсіздік, дене температурасы көтерілу, зақымданған жақ кеуденің дем алыстан қалуы, плевра үйкеліс дыбысы естіледі.
Д. Қақырықты жөтел(кілегейлі, клегейлі-іріңді), көбіне таңертеңгілік, ауызын толтырып, экспираторлы ентікпе, қатыңқы дем алыс, ысқырықты құрғақ және әртүрлі калибрлі дымқыл сырылдар.
Е. Зақымданған өкпе жағындағы кеуденің ауыруы, оның жөтелгенде өршуі, әуелі жөтел құрғақ, 2-3 тәуліктен жабысқақ, тотық түстес, науқас -беті қызарған, терісі мен мұрнында ұшық шыққан, ентікпе, дене температурасы жоғары
15.Жедел бронхит- дегеніміз:
А. Тұншығу ұстамасына әкеліп соқтыратын тыныс мүшелерінің созылмалы қабынған ауруы
В. Өкпенің бір бөлігінің зақымдануымен және патоморфологиялық өзгерістерімен сипатталатын, клиникалық дамуы кезеңдікпен өтетін жедел өкпе қабынуы
С. Плевра бетіне фибриндердің пайда болуымен немесе плевра қуысында сұйықтық жиналуымен сипатталатын плевра бетінің қабынуы
Д)Жөтелмен, ентікпемен, дем алыстың қызметінің бұзылуымен сипатталатын бронхтардың кілегейлі қабықтарының диффузды зақымдануы
Е. Жедел дамитын және кілегейлі қабықтың диффузды қайтымды зақымдануымен сипатталатын көмекей, бронхтар мен бронхиолдардың өткір қабынуы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет