Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет16/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту
sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, «Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, zharatylystanu4b, 4-сынып срез тапсырмалары
Профилактиканың басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б. Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс. Жеке бас профилактикасы денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:
салауатты, әдепті өмір сүру;
— кездейсоқ жыныстық қатынастан сақ болу ( Г. В. Сколубовичтін. (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөклелік — ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»);
— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
— презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);
— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);
— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет