Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет22/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту
sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, «Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, zharatylystanu4b, 4-сынып срез тапсырмалары
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1.Қауіп қатер факторларын ата.
2.Қауіп қатер топтары деген не?
3.Мониторинг қалай жүргізіледі?


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру:


Медициналық профилактикалық бөлімшелердің арнайы міндеттері.
1 Емдік – профилактика бөлімшесінің медициналық профилактика орталығымен қарым – қатынасын қамтамасыз ету.
2.Қауіп – қатер факторлары, өмір сүру коррекциясы, медициналық және гигиеналық білім және салауатты өмір салты негізіндегі емдік – профилактикалық мекемедегі медициналық жұмыскерлерге организациялық – методикалық әдісті қамтамасыз ету.
3.Көптеген хабарларды пайдалана отырып денсаулықты қорғау туралы сұрақтарға, мамандар мен түрлі топ өкілдеріне жауап беру үшін мәлеметтік қормен қамтамасыз ету.
4.Профилактикалық сұрақтарға байланысты білімге баға мен оны оқып білу, түрлі бөлімшелердегі жұмыстар мен емдік – профилактикалық бөлімшелерде кабинеттердің ерекшеліктеріне байланысты.
5.Білімдік шаралардың біріншілік және екіншілік ауруларға енгізілуі, денсаулық шарасындағы медициналық шаралардың, гигиенаға үйретілуінің және халықты тәрбиелеуі аймақтың аурушаңдылық көлеміне байланысты.
6.Денсаулықты сақтау мен жақсартуға арналған координация мен консультативті – ем шаралық қамтамасыз етілуі.
7.Денсаулықты сақтау және жақсарту мәселесіндегі медициналық жұмыскерлердің ұйымдастырылуы, бақылануы және жұмысқа қатысу анализ, яғни қатерлі факторларға қарамастан өлім санын азайту.
Медициналық профилактика бөлімшесіндегі міндеттердің сәйкестілігі:
Медициналық орталықтың қатынасымен мына сұрақтар бойынша іске асады:

  • ЛПУ жұмыскерлерінің салауатты өмір салты мен гигиенаға үйрету мен тәрбиелеуге дайындық, сонымен қатар тиімді тәсілдерге үйретеді

  • Инструктивті – тәсілдік денсаулықты сақтау мен жақсарту құжаттарын тарату мен иелену.

  • Халық арасында профилактикалық акцияларды өткізу мен ұйымдастыру.

  • Жұмыста қолданысы бар банк ұйымдастыру, ол медициналық профилактика жайлы статия, лекция, әдебиеттер және т.б.

  • Халықпен жұмыста профилактикалық бағытта ЛПУ – ға жаңа тәсілдер енгізу.

  • Денсаулықты сақтау топтарына семинар, мектептер мен лекториларды ұйымдастыру.

  • Лекцияда, әңгімелескенде ұйымдасқан түрде консультациялар жүргізу.

  • Гигиеналық оқыту, тәрбиелеу,денсаулықты сақтау жәненығайту сияқты медициналық қызметтердің аймақпен жұмысын бақылап және анализдеп отыру керек.

  • Істелген жұмыстар жайлы қорытындыларды бас дәрігерге жеткізіліп отырады.

  • Медициналық профилактика орталығы белгілі бір уақыт аралығында жылдықесепті шығарады.

Емдеу – профилактикалық мекемелердегі науқаспен жұмыс жүргізу:

  • Инструментальі зерттеулер (антропометрия, қан қысымын өлшеу т.б.)

  • Қауіпті факторларды алдын – алу үшін анамнез жинау және тестілеуден өткізу керек.

  • Салауатты өмір салты жайлы кеңестер беру.

  • Профилактикалық мақсатта тексеруден өткізуді ұйымдастыру, прививкалар (акпелер ) профилактикасын жүргізу.

  • Денсаулықты нығайту және сақтау жайлы әртүрлі аймақтық топтардың арасында, мектептерде лекциялар семинарлар жүргізу керек

Әрбір медицина қызметкерлері мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық орталықтың бақылауымен, нұсқауымен санитарлық – гигиеналық жұмыстарды жүргізеді.
Медициналық қызметкерлер гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің барлық әдістерін білу керек. Әдісінің өзі 3 негізден құралған:

  • Ауызша

  • Жазбаша

  • Сызбанұсқа түрінде

Ал гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің формасы – барлығының жиынтығынан құралған. Ол әрбір әдістің құрамына кіреді және олардың ерекшелігін көрсетеді
Ауызша әдістің формасына: қазіргі талаптарға сай лекциялар, агитациялық – ақпараттық шығулар, жеке немесе топтық әңгімелесулер, сұрақ – жауап кештері ( сағаттар ), дискуссия ( пікір – талас ), викторина, конференция, үйірмелер.
Лекция – ауызша айтылатын, ең көп таралған материал, белгілі бір уақытта бір тақырыпқа монолог формасында сұрақ көтеру. Лекция 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі материал мазмұны және қорытынды.
Әңгімелесу – ауызша айтылатын ең тиімді тәсіл. Аудиторияда сұхбаттасу барысында көп адамдармен ( 25 – 30 адамға дейін) тығыз байланыс орнату. Талқылау барысында тыңдаушылардың көп бөлігі тақырыпқа назар аударады.
Сұрақ – жауап кеші – бұл да сұхбаттасу, бірақ мұнда аудитория сұрақ қояды, ал жүргізуші жауап береді. Кештің сәтті өтуі жүргізушінің дайындалу дәрежесіне байланысты. Сұрақтар алдын – ала дайындалады, немесе сол кеште қойылады.
Дискуссия – жеткілікті дайындалған топта тақырыпты активті түрде талқылау. Дискуссия аудиториямен жүргізілуі мүмкін. Ол материалды терең ұғымда ұсынылады. Гигиеналық оқулар және халықты тәрбиелеу орталық және жергілікті бағдарламалар, радиоларда, теледидарларда ( лекция, сұхбаттасу, сұрақ – жауап т.б. түрінде ) жүргізіледі. Бұндай бағдарлама әдетте, белгілі күндерде, сағаттарда болады.
Ауызша әдіс ең танымал, тиімді, қарапайым, жеткілікті әдіс болып табылады. Бұл әдіс салауатты өмір салтында да ең тиімді, әсерлі әдіс болып саналады.
Ал баспа әдісіне: жинақтамалар, буклет, журнал, күнтізбелік кітап, естелік, қабырға газеттері жатады.
Баспа әдісі санитарлық – гигиеналық шараларды үйретуге, жеке және жалпылай ауырулардың профилактикалауда жиі қолданылады. Бұл әдіс 2 негізгі топқа бөлінеді:
А) Баспа әдісі медицинақызметкерлерінің өз күштерімен құрастыру ( сұрақ- жауап тақтасы, санитарлық қабырғалық газет, санитарлық бюллетендер, баптар).
Б) баспа өнімдері ( жинақтамалар, естелік, газет, журнал, лазунг )
Осылардың арасынан ең негізгі тәсілдерге: а) көп баспаға шығарылуы; б) көптеген халықты жаулау; в) ұғынуға көмектесу; г) мазмұнның нақтылығы; Ең қарапайым әдісі – лазунг.
Парақтар оқушылардың санына есептелген болады, және де агитациялық сипаттамасы бар.
Естелік – ғылыми танымал кітапша ( лекция сияқты ), мамандардың жетістіктері, медициналық тақырыпта сұрақ – жауап пен еңбектерінен құралады. Сұрақ – жауап тақтасы оқушылардың сұрағынан және дәрігер мамандардың жауабынан тұрады. Тақта алдында арнайы сұраққа арналған қорапша тұру керек. Жауап қысқа және ғылыми дайындалған болуы керек.
Санитарлық қабырғалық газеттер: емдеу мекемелеріне, медициналық санитарлық бөлімшелерде, мектеп және басқа да орындарға біріледі.
Санитарлық бюллетень ( кітапша ) барлық орындарға беріледі, ол жалпы жинақталған болу керек, оған қойылатын талаптар: тартылуы, тақырыптың нақтылығы, қызықты мазмұны болу керек.
Бейнелеу әдістері:
-Жазық құралдар: плакат, сурет, кесте, сызба, диаграмма, картограмма, фотография, үлкен масштабты слайд, слайд – серия, диапозитив ( секцияға арналған серия ), диафильм, кинофильм, видеофильм;
-Көлемді құралдар:муляж, макет, модем, фантом, диарама, скульптура, чучело;
-Табиғи құралдар: макропрепарат, микропрепарат ( өсімдіктерден және жануарлардан алынған өнімдер ).
-Біріктірілген құралдар: денсаулық мерекесі, театр, агитбригадалар;
-Техникалық құралдар: фильмоскоп, киноаппарат, эпидиаскоп, магнитофон, видеомагнитофон, т.б.
Бейнелеу әдісі – құрамы әр түрлі болып келеді:
Табиғи обьектілерге: табиғи обьектің макро-, микропрепараттар, бала күтім көрсететін заттар, бірінші көмек көрсететін заттар; табиғи обьектілерді демонстрациялау мүмкіншілігі болмаса, олардың көлемді және жазық формаларын жүргізеді.
Көлемді жүргізуге: муляж, модель, макет, скульптура, барельеф, горельеф. Жазық бейнелеу құралдарына: плакат жатады.негізгі плакатқа қойылатын талап: тақырыптық актуальдылығы, оның қоғамдағы сипаты, маңыздылығы. Сюжеттің негізгі 3 түрі бар: Оң, Теріс, Екіжақты
Плакатқа қойылатын талаптар:
Өтімділігі ( қысқалығы, мағыналық нақтылығы, лексико – синтаксистік құрылым т.б.), мәнерлілігі .
Гигиеналық оқытулар және тәрбиелеуде комбинирленген әдісті қолданылады (бір уақытта есту және көзбен көру әсері). Театрлық көріністер қолданылады: мысалы қуыршақ театр, кинофильм, эстрада, телекөрсетілім және т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет