Тақырыбы: Дос және Достық



бет1/2
Дата09.10.2023
өлшемі24,98 Kb.
#184256
  1   2
Байланысты:
Дос және Достық (1)
днқ

Тақырыбы: Дос және Достық
Мақсаты: Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру; Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу; Оқушыларды досытыққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;
Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі: нақыл сөздер,сызбалар.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап.
Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ.Негізгі бөлім
Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Жостық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайып алайық. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?

Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.


Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
Жүргізуші: Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
«Достықты жырлаймыз»
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?

1-оқушы:
Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі қасиет.


2-оқушы:
Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу.Достық киелі ұғым.
3-оқушы:
Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.
4-оқушы:
Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.
5-оқушы:
Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа.
6-оқушы:
Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.


КӨРІНІС:


Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.

1жүргізуші: Адал дос барлық жерде керек екен,


Өмірде достың орны бөлек екен.
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,
Жаман достан жамандық келеді екен – деп келесі бөлімге көшейік
Келесі тапсырма « Адал дос» пен «Амал достың» мағынасын түсіндіру
Достың көңілін қалдырма,
Досыңа адал бол!
Досыңды қорлама!
Досыңды кешіре біл.
Досыңа көмектесе біл.
2Жүргізуші : Достың көңілі шар айна,
Сындырып алма абайла ,
Мұғалім:
-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.
Мысалы: Достық-адамдар арасындағы байланыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет