Тақырыбы: Ежелгі Үнді философиясы



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі101,32 Kb.
#185375
  1   2
Байланысты:
Ежелгі үнді философиясы
Ашық сабақ 6 сынып, Үй жұмысы №5, Есеп кесте Гулнур[1]

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



БӨЖ

Тақырыбы: Ежелгі Үнді философиясы


Қабылдаған: филос.ғ.к., доцент Шадинова Г.
Орындаған: Нұрғали З.
Тобы: ФҚӘ-312

Түркістан-2023


Мазмұны
I.Кіріспе...........................................................................................3
II.Негізгі бөлім..................................................................................4
2.1 Ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіштері......................................5
2.2 Көне Үнді философиясының негізгі мектептері.Жайнизм..........6
2.3 Буддизм..........................................................................................7
2.4 Нирвана теориясы..........................................................................8
2.5 Чарвака.локаята материалистік бағыты.........................................9
2.6 Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары.............................11
2.7 Көне Үнді философиясының туындыларынан үзінді..................13
III. Қорытынды.....................................................................................15
IV. Глосарий.........................................................................................16
V. Қолданылған әдбиеттер...................................................................17

Кіріспе
Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. 


Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатриилер (әскербасылары), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты.
«Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады.
Брахмандар – ой еңбегімен, кшатрийлер – әскери істермен, вайшьялар – жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар – қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік – варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі – жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

2.1 Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері


Ежелгі Үнді философиясының бастауы – біздің дәуірімізге дейінгі ІІ және І мыңжылдықтарда қалыптасқан. Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы роль атқарды.
"Веда" сөзі "білім" дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.
Ведалар төрт бөліктен түрады:

  • Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен түрады;

  • Брахмандар - діни салт өлендер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.

  • Араньяктар ~ "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы.

Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.
Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта ("Ведалардың соңы") деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дәуірімізге дейінгі \/ІІ-\/І ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. ирапі-засі ( "қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы -болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Махабхарата - "Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз", діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған көне Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі.

2.2 Көне Үнді философиясының негізгі мектептері.


Көне Үнді философиясының негізгі мектептері «Жайнизм» - көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы -біздің дәуірімізге дейінгі УІ-У ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса -тірі мақұлықтәрдың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке (М.Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде осы ұғымды "жабыспау" деп аударған) тиым салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін - брахмачарья - некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.
Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: дигам-баралар ("ауа киіндіргендер") және шветамбаралар ("ақ кигендер").
Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны бөліп көрсетті:
1)джива - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зәг, 3) кеңістік, 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхармаг, 6) уақыт.
Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. Тірі" болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар "тірі емеске" жатады.
Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге -прадешаларға бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі - "дүние" (лока) және "дүние-емес" (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.
Зат, жайндардыңтүсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер - атомдардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, белсенді, әртүрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар:

  • стхула-стхула - "өте дөрекі", яғни қатты заттар.

  • стхула - "дөрекі", мысалы, сұйықтар;

  • стхула - сукшма - "дөрекі-нәзік", мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер;

  • сукшмә-стхупа - "нәзік-дөрекі", көзге көрінбейтін газдар, иістер;

  • сукшма -"нәзік", ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия;

  • сукшма-сукшма - атом секілді "өте нәзік" зат.

Субстанция деп тек қана дигәмбаралар мойындайды, ол барлық субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда болуының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.
Адам және оның өмірі мәселесін шешуде жайнизм "өмір дегеніміз -азап" ұғымын ұстанады. Азап-карма заңының нәтижесі. Карма заңының мәні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін -джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені орындау - дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.
Моральдық ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу - жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған уш шартты бұлжытпай орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Жайндар өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар мен жәндіктердің өміріне де зиян келтірмеуге тырысты. Адал, шыдамды, өзіне талабы қатты, қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтарға мейірімді аскет адам ғана өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады.
2.3 Буддизм ағымы
Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дейінгі 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбінде Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыстарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде жақсы баяндады: "Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек" ("Абай" журналы. 1918 ж., №3).
Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені өзгерту арқылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік "Менді" өзгерту, өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын "ішкі утопияны" құру. Будда екінші, экзистенциалдық жолды таңдап, тақуалық өмір кешуге, адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады.
Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:

  • өмір - тынымсыз күрес, азап, бейнет;

  • азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан (өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады;

  • азаптың себебі бар. Оны танып-білуге болады;

  • азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады.

Буддизм өмірге құмарлықты жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін дұрыс жол таңдап алу қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс күш-жігер, дұрыс назар, дұрыс көңіл бөлу секілді адамгершілік принциптерден тұратын сегіздік жол кіреді. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванаға, тыныштыққа жетуге болады.


2.4 Нирвана теориясы
Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі материяның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің арасында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен, адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру, бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация - йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті - йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептейді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамныңжетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшімен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуалдық жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.
Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тәрап отыр.

2.5 Чарвака-локаята материалистік бағыты


Чарвака-локаята - философиялық әдебиетте Көне Үнді философиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). "Чарвака-локаята" сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспәти деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз.
Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі - прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі - түйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды. Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты – осы нақты өмірде рахатқа бөлену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды. Локаята – Веда ілімдеріін жоққа шығарады. Чарвака негізін салған лкояттардың пікірінше, брлық денелер махабхут деп аталатын төрт түпнегізден тұрады: ауа (ваю), от (агни), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Ола өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында зара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын өздерінде жоқ қасие – санаға ие болады. Ал денелер өлгенде, олар қайта бөлшектеніп, махабхуттармен бірге сана да жойылады.
Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыт – ләззат деп түсінген. Табиғатты әлеуметтік құбылыстарды танып білуде ақылдан сырт, сырт күш туралы ілімдерден, белсенділіктен еш пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ғана ала аламыз. Кейіннен келе локаяттар суйшикши (нәзік) және дхурта (дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлініп кетеді.
Миманса- Прабхакара және Кумарила. Веда беделіне оралуға шақырады. Олардың ойынша Ведалар- жоғары сезімдік субстанция, танымның көзі.
Санкхья - негізін салған Ишваракришна. Дүние- материалды бастама (пракрити) мен абсолютті рух (пурушни) байланысынан әлем пайда блды деген көзқарасты ұстанушылар.
Ньяя - негізін салушы Акшапада Готама. Ньяя ілімінде логика мен гнесология өте үлкен роль атқарады. Ньяя ілімінің тұжырымдауынша атомдардан тұратын, олардың үйлесімі барлық нәрселерді құрайтын материалдық әлем бар.


2.6 Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді филосо- фиясының терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын. бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін Үнді еліндегі ойлау жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен мүлдем белектігімен, оны белгілі бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Шынында да, әр халықтың өмір салты, дүние туралы түсінік ұғымдары, пайымдау тәсілі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың өз тілі алыптаскан
философиялық ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу мүмкін емес. Мысалы, қазақ халқынын адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аударған күндеде олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге болмайды.
Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының маз-мұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық.
Архат – «жауды жеңуші» дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананын тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.
Атман – бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: «мен», «езімді», «дене». Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы – индивидуальдік және универсальдік космостық психикалық болмыс ретіндегі «адам». Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сез бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, «брахман» ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.
Брахман – бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың екілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.
Будда – «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында – арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында – будда дінінің негізін қалаушының аты.
Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (сіһагта) – бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары
Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – болмыстың элементтері. Әлемдік процесс – себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сенуге жету.
Иога – әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога – терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (риdgа1а) жеке элемент-теден тұратын рухани белік пен атомдардан тұратын физикалық құры-лымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгер¬те алады.
Бұл элементтер – бағалық сараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Sаmаdhі немесе уоgа деген осы.
Карма – «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, – жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, – міндетті түрде салдар туғызады, ол жақс немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пай да болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.
Нирвана -»жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір – бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана – осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикада және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғым арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен баланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ ол зұлымдық пен құмарлықтар-дың тынышталуы, сезінбеудің толық дәр жесіне жету.
Сансара – азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы – нирванаға өну.




2.7 Көне Үндінің философиялық туындыларынан үзінділер
Ведалар

  1. Ақыл-ой екі түрлі дейді: таза және таза емес. Таза емес тілектерге
    бағытталған, таза - тілектерден азат. Шынында да,ақыл-ой –адамның көгенделуі мен азат болуының себебі. Қабылданатын заттарға жақын болса, ол көгенделуге, қабылданатын заттардан құтылса, азат болуға бастайды. Қабылдау заттарынан құтылған ақыл-ойдан азаттық туындайтындықтан, Азаттыққа ұмтылушы адам ақыл-ойын қабылдау заттарынан үнемі арылтып отыруы керек.

  2. Қабылдау заттарына тәуелділіктен құтылып, ақыл-ой жүректен орын
    тапқанда, [Адам] ақыл-ойдан жоғары көтеріледі, бұл ең биік күй. Сондықтан да [ақыл-ойды] ол жүректе жойылып кеткенше шектеу керек;

  3. Білім де, азат болу да - осы, қалған нәрселердің бәрі - ғылыми мылжың.

  4. Ойға алынбайтын және ойға алынбайтын емес, (бір уақытта) ойға алынбайтын және ойға алынатын Тәуелділіктен азат Брахманға сонда жетуге болады.

  5. Йогаға [адам] дыбысының көмегімен [Ом] кіріссін, жоғарғы үнсіздікке бөленсін. Себебі үнсіздікке бөленгенде ғана болмыс емес, [жоғарғы] болмыс туындайды.

  6. Бұл Брахман, бөлінбейтін, өзгермейтін, кіршіксіз. "Мен - осы Брахманмын" дегенді білген [адам] Брахманға жетеді, ол күмәнсіз.

  7. Өзгермейтін, шексіз, себеп пен өзіне ұқсастан арылғанды, Өлшеусіз
    және бастаусызды мойындаған ол жоғарғы ізгілікті [танып-біледі].

  8. Ыдырау да, пайда болу да, лайықты мақтау да, жазалау да [мұнда жоқ]. Азат болуға ұмтылыс та, азат болу да жоқ - бұл жоғарғы мән [осындай].

Упанишадалардан



  • Брахман құдайлардың арасында бірінші болып дүниеге келді, ол бәрін жаратушы және сақтаушы.

  • Өткінші емес, ең жоғарғы, шексіз Брахманда білім мен мен білімсіздік жасырылған. Білімсіздік -әлсіз, білім - мәңгілік. Білім мен білімсіздікті билеген адам -басқа.

  • Брахман туралы пайымдаушылар айтады: Себеп неде? Брахманда ма? Біз қайдан тудық? Немен өмір сүреміз? Және негізіміз қайда?

  • Брахманды білетіндер, (айтыңдар) - бақыт пен басқа (жағдайлардың) ауысуында біз кімнің бастауымен өмір сүреміз?

  • Пайымда>>және йога жолына түскендер құдайы мәннің (оның) өз күштері жасырып тұрған күштерін,

  • Уақытпен және Атманмен байланысты осы себептердің бәрін жалғыз ол билейтінін көрді.

  • Сезімдерін нық игеру - бұл йога деп аталады. Жүректе ұялаған барлық тілектер тоқталғанда адам өлімнен тәуелсіз, мәңгілік болады және Брахманға жетеді.

  • Жалған емес, ақиқат қана жеңеді. Ақиқат құдайға жеткізетін жолға жетелейді.

  • Құдайды танығанда түйіндердің бәрі шешіледі, азаптардың жойылуымен туылу мен өлім де ғайып болады.

  • Пуруша үш түрлі болады: сыртқы Атман, ішкі Атман және жоғарғы Атман. Кімнің сыртқы қабығы, терісі, тырнақтары, еті, шаштары, саусақтары, үлкен саусақтары, қасы, көзі ...бар, кім дүниеге келеді және өледі - сол сыртқы Атман деп аталады.

  • Кім жерді, суды, ауаны, кеңістікті, тілекті, жеккөруді, бақытты... тану арқылы есте сақтау қабілетіне ие,...тыңдаушы, иіс сезуші, дәм сезуші, ойлаушы, әрекет етуші... - сол ішкі Атман деп аталады.

  • Жоғарғы Атман ол туралы ойлаушыға пайымдау мен йога арқылы ашылады: ол дүниеге келмейді, өлмейді, жанбайды, ыдырамайды, бөлінбейді, дыбыссыз, иіссіз, күмәнданбайды, күтпейді, бәріне енеді, жалғыз, нәзік, іс-әрекетсіз, бұрынғы өмірімен байланысы жоқ.

  • [Атман] жақсы іс жасағаннан үлкеймейді және жақсы емес іс жасағаннан кішіреймейді.

  • Веданы оқытқан ұстаз шәкіртіне: "Шындықты айт. Ізгілік жолымен жүр. Оқудан қашпа. Ұстазыңа жағатын сый әкеле отырып, өз ұрпағыңның жібін үзбе. Шындықтан қашпа. Ізгіліктен қашпа. Жақсы жағдайдан қашпа. Үлылықтан қашпа. Зерттеу мен оқудан қашпа. Құдай мен ата-бабаңның алдындағы міндеттеріңнен қашпа. Анаңды құдайдай сыйла. Әкеңді құдайдай сыйла. Үстазыңды құдайдай сыйла. Қонағыңды құдайдай сыйла. Кіршіксіз әрекеттерді ғана жаса және басқаларды емес. Бізде [қабылданған] ізгі істерді ұстан және басқаларды емес", - деп үйретеді.

Қорытынды




Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке, риханикалыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда. 
Ертедегі үнді философиясы үшін адамның «өз басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс деген талап қойды. 
Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді. Еңбек бөлінісінің өркендеуі, өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі бұрынғы дәстүрлі мифологиялық сананы тоқырауға ұшыратты, ғылымның, философиясының дамуына жол ашты.
Үнді философиясының мақсаттары – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру, «иога» жаттықтыру, денені машықтандыру. 
Жалпы адамзат баласының тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуна ғана әкелген жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғышқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялы ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды.
Ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысады. Бірақ, мұндай көзқарас әліде болса философиялық деңгейге жете қойған жоқ еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы – Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Көне Үнді әдебиетінің ескерткіші Ведаларда ("веданың" түпкі (мағынасы "жиектеу" деген сөз, кейіннен - білімдер жиынтығы деген мағынаға ие болады) мифологиялық, діни көзқарастармен қатар философиялық дүниетаным да өрістеді. Торт бөлімнен тұратын Ведалардың соңғысы "Упанишада" деп аталды. Біздің жыл санауымыздан оның жыл бұрын жазылған бұл бөлімде әлемнің жаратылысы, ондағы адамның алатын орны туралы діни философиялық пайымдаулар алғаш рет хатқа түсті.
Үнді философиясынан тұжырымдалған негізгі қағида - ғарыштық тәртіп. Cоған адамдар түгілі құдайлар да бағынады. Жаратылыс сумен байланыстырылады, ал тіршіліктің пайда болуы дем алу процесіне телінеді.

Глоссарий




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет