Тақырыбы: Фагоцитоз туралы түсінік. Фагоциттерге жататын жасушалар, олардың қызметтері, фагоцитоздың негізгі сатылары. Дайындаған: Шоханқызы А. Тобы: в-жмқА-10-19 Қабылдаған: Садыбек Ұ.Ә. Шымкент 2020ж. Жоспары



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#94169
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Фагоцитоз

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты: 1) өлген жасушалар мен олардың құрылыс құрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары);
2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқада шаң);
3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады;
4) организмнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.);
5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;
6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.
Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына қарамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жинаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет