Тақырыбы: Ғылыми білімдер жүйесіндегі педагогика Тапсырма



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,51 Kb.
#83257
1   2   3   4
Байланысты:
кейс3

Ғылыми іс-әрекет ұғымы
Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Ғылыми іс - әрекеттің бұл түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса маңызды.
Өнертапқыштық іс - әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс - әрекет жүргізу үшін, тек қана ақпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу - қалыпты пікір шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет