Тақырыбы: Жеке капиталдың ұдайы жаңғыртылуы Жоспары



бет4/10
Дата16.12.2021
өлшемі34,64 Kb.
#101951
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
№18 жеке капитал

Өндірістік капитал деп  - томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын айтады.

Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшіру тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал  екі топқа - негізгі  және айналмалы  капиталға бөлінеді.

Негізгі капиталға - өндіріс  үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады  және өз құндарын өнімге толық түгелімен  ауыстырады.

Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық (өтелім) қорға айналуын - амортизация (өтелім) деп атайды.

Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын, бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

Амортизациялық қор - негізгі  қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге  арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, көбейту процесіне бір мезгілде қызмет көрсетеді.

Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын  толтыру) – негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты - шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану,  құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.

Материалдық тозу деп - құнның екі себепке, яғни:

1) ұқсас, бірақ арзан  еңбек құралдарын жасауға,

2)өнімділігі жоғары,бірақ бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жойылуын айтады. Табиғи және материалдық  тозуды есептеу үшін амортизация  нормасының маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет