Тақырыбы: Кадастрлық істі қалыптастыру. Кадастрлық нөмірлер беру


б)тұрғын үй салу және оған қызмет көрсету үшін азаматтардың меншігіне жер учаскелерін беру (жеке тұрғын үй құрылысы)



бет3/6
Дата05.04.2022
өлшемі1,54 Mb.
#138013
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Основы 5 прак
Дуниетану-9 апта, ап
б)тұрғын үй салу және оған қызмет көрсету үшін азаматтардың меншігіне жер учаскелерін беру (жеке тұрғын үй құрылысы):
1. Азаматтың жер учаскесін беру туралы қолдаухаты.
2. Азаматта бұрын жеке құрылыс үшін берілген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.
3. Азаматтың жеке үй құрылысының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
4. Атқарушы органның жер учаскесін беру туралы шешімі.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын иелену не пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерін жеке меншікке немесе жер пайдалануға беруді бастапқы ресімдеу кезінде кадастрлық істер олардың өтініштері негізінде жүргізіледі. Өтінішке жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар, ал олар болмаған кезде - осы учаскені берген құзыретті атқарушы органның шешімімен учаске шекарасының сызбасы (схемасы), онда құрылыс объектісін орналастыру қоса беріледі.
Азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі жерден Тараптар арасында жасалған мәмілелер негізінде ғана жүргізілетін учаске қалыптастыру кезінде кадастрлық іске жер учаскесі жоспарының көрсетілген мәмілелері бойынша шарттардың нотариат куәландырған көшірмелері және басқа да ілеспе құжаттар орналастырылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіндегі, тұрақты жер пайдалануындағы жерден мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін қалыптастыру кезінде оған жүргізілетін кадастрлық іске атқарушы органның шешімі не жаңа учаскені қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы сот шешімі және істі қарау барысында туындайтын басқа да құжаттар орналастырылады. Азаматтар мен заңды тұлғалардан мәжбүрлеп алып қоюға (тәркілеуге) жататын жер учаскесінің кадастрлық ісіне сот-атқарушылық іс жүргізу құжаттары орналастырылады.
Қажет болған кезде жер-кадастрлық істің заңды бөлігінің құрамына басқа да құжаттар енгізілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет