Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар» сайысы. Максаты



бет2/3
Дата09.12.2019
өлшемі276 Kb.
#53255
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-6526
stud.kz-6526, el-rmizderi-turali, el-rmizderi-turali

3. Шабандоздар жарысы

Алашына атымен әйгілі кім,

Алып келген бәрі де сәйгүлігін.

Тұлпарлар да келіп тұр жер тарпыған

Қай шабандоз озады осы бір күн.

Шабандоздар қалай шыныққан екен, соны байқайық. (Екі топтың шабандоздары бір-біріне мақалдың басын айтады, екінші топ алғасын табады).

4. Көкпар

Құлагерін ел қалай елемесін!

Көлік мінсең, гүл-жырға бөленесін.

Қоздырады ат жарыс мына жұртты.

Сол, секілді, жұрт аттың делебесін.

Балалар, көкпар тартысты бастайық. Қойылған сұраққа қай топ бірінші жауап берсе, сол бірінші қазандыққа салған болып есептеледі.

1 тонна мақта ауыр ма 10 ц. темір аур ма? (тең)

Барлық цифрлардың көбейтіндісі неге тең? (0)

Үш пар ат 30 км шапса, әр пар ат неше км шабады (30)

Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді (0)

Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

Екі адам 4 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? (4)

Сағаттың ¼ бөлігінде неше минут бар? (15)

Айдос өзінің туған күнін 4жылда бір рет атап өтеді. Айдостың туған күні қашан (29 ақпан)

Сәуледе бір бүтін, екі жарты 4 ширек алма болды. барлығы неше алма? (3)

Натурал санға қай санды қосқанда келесі сан шығады (1)

70 мин коп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?

Әсем поездың басынан есептегенде 7 вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7 вагонға отырды. Поезда неше вагон болған? (13)

Столдың төрт бұрышы бар, егер бір бұрышын есіп тасаса неше бұрыш қалады? (5)

Сағат 22-00 де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннін жарқырауы мүмкін бе? (жоқ)

Жыл он екі айда 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық)

5. Дода

Көкпар кезінде жерге түскен серкеге жаппай таласу дода деп аталады. Ендеше екі топта додаға түссін. Берілген жұмбаққа кім бұрын жауап берсе, сол серкені іліп алды деп есептейміз.



1. Нәрселерді санағанда,

Керек бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағына қарамай. (натурал сан)

2. Өмірің сенің қызық,

Жолыңда жоқ түзу сызық,

Басыда жоқ, аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

3. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

5. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап. (Х)

6. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой. (15)

7. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қана бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)

8. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз.(цифрлар)

6. Тақым тартыс

Ең мықты деген жігіттердің жекпе жегін тақым тартыс дейді. Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқандарына қарата, айқаса тұрып, серкені тақымдарына басып, екеуі екі бағытта жүре тартысады.

(Әр топтан екі адам шығып, тапсырманы орындайды).



Мына торкөздерге «Жетісу» және «Балтық» деген сөздерді сыйдырып жазу керек.

7. Жанкүйерлер жарысы

«Кім жылдам» ойыны ойнатылады. Оқушылар берілген плакаттан 1-ден 30-ға дейінгі сандарды жазып, сызып шығуы керек.

8. Салма көкпар



Салма көкпарда аты мықты шыққан жігіттер өнерлерін көрсетеді екен. Олай болса ребус шешу арқылы өз білімімізді ортаға салайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет